Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. Тақырыбы: Материалдық емес активтердің есебі



Курстық жұмыс

Тақырыбы: Материалдық емес активтердің есебі

Орындаған: Ағыбаев Ертай

Қабылдаған: Бекжанова Т.К.

Қызылорда, 2007 жыл

Мазмұны

Кіріспе 3-4

I. Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі

1.1. Материалдық емес активтердің келіп түсуі 5-10

1.2. Материалдық емес активтердің шығарылуы 10

II. Материалдық емес активтердің есебі

2.1. Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері 11

2.2. Материалдық емес активтерді жіктеу 11-12

2.3. Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі 12-17

III. Қорытынды 18-19

IV. Пайдаланылған әдебиеттер 20

Кіріспе

Жалпы материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Материалдық емес активтердің қатарына шаруашылық субъектісінің сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары мен тауар белгісі, жер қойнауы мен электронды есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары тағы да басқалары жатады.

Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

· Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

· Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

· Басқа шаруашылық субъектілерінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау» - деген ұғымды келтіруге болады.

«Ноу-Хау» - деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. «Ноу-Хау» жалпы «патент» сияқты болып көрінгенмен одан өзгеше болып келеді. Шаруашылық субъектілері патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп уақыттарда «Ноу-Хау» - ды шаруашылық субъектісінің үлес қосушылары мен құрылтайшылары өздерінің субъектідегі жарғылық қорға қосқан үлесі есебінде береді. «Ноу-Хау» - дың бағасы, яғни бастапқы құны оны шаруашылық субъектісіне кіріске алатын, демек, балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.

101- шотта материалдық емес активтердің «Лицензиялық келісімдер» - деп аталатын түрі есептеледі. «Лицензиялық келісімдер» - дегеніміз белгілі бір субъектінің немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір себъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған субъекті оның иесіне яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.

2730- шотта материалдық емес активтердің «Программамен жабдықтау» - деп аталатын түрі есептеледі. Шаруашылық субъектісін «Программамен жабдықтау» - деп субъектінің алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.

Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтердің «Патент» - деп аталатын түрі 103- шотта есептеледі. «Патент» - дегеніміз жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағы да басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкер патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек.

«Ұымдастыру шығындары» - деп аталатын материалдық емес активтердің түрі бас шоттар кестесінің 104- шотында есептеледі. «Ұымдастыру шығындарына» - шаруашылық субъектісін жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни субъектіні тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есеп шоттары бас жоспарының 105- шотында материалдық емес активтердің «Гудвилл» - деп аталатын түрі есептеледі. Материалдық емес активтердің бұл түрін кейде «Фирма бағасы» - деп те атайды. «Гудвилл» немесе «Фирма бағасы» материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір шаруашылық субъектісі екінші бір шаруашылық субъектісін толығымен, түгелдей сатып алған кезде ғана пайда болады. Фирма бағасы» - болып сатылып алынған шаруашылық субъектісінің нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептеледі. Егер де сатылып алынған шаруашылық субъектісінің барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвилл», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвилл» деп аталады.

Мысалы: барлық активтерінің баланстық құны 8 (сегіз) миллион теңге тұратын субъекті барлық активтерімен түгелдей 10 (он) миллион теңгеге сатылып алынды делік. Бұл жағдайда 2 (екі) миллион теңге (10-8=2) жағымды гудвилл болып баланстың активінде есептелінеді.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 2696 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...