Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі



Өндірістік – шаруашылық қызмет процесінде материалдық емес активтер моральдық тозуға ұшырайды.

Есептелген тозудың мақсаты – пайдаланудың белгіленген мерзімі ішінде тозуды өндіріс пен айналымның шығындарына қосу есебінен олардың құнын өтеу үшін көздерді қалыптастыру. Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу үшін 11-«Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің 111-116- шоттары көзделген. Бұл шоттар пассивтік әрі реттеуші сипатта. 111-116- шоттардың кредиті бойынша материалдық емес активтер амортизациясының (тозуының) ай басындағы қалдығын, ай ішінде есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 111-116 шоттардың дебеті бойынша МЕА амортизациясының (тозуының) есептен шығарылуы (кемуі) көрсетіледі.

Материалдық емес активтер бойынша амортизация бастапқы құнынан есептелген нормалар және МЕА болжамды ұтымды пайдалану мерзімі бойынша ай сайын есептейді. Амортизация нормасының мерзімін анықтау мүмкін емес. МЕА бойынша мерзім 10 жылға, бірақ субъектінің жарғыда белгіленген қызметінен аспайтындай болып белгіленеді.

Мысалы: Субъект ЭЕМ-ге бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алды, құны 120,0, ұтымды пайдалану мерзімі 5 жыл (60 ай) болып белгіленген.

Ай сайынғы амортизация сомасы 120,0/60 = 2000 теңге немесе 1,67 (2000*100/120,0). МЕА оларды пайдалану мерзімі ішінде кәсіпорынға белгілі бір табыс әкелуге тиіс. Амортизацияны есептеу МЕА құны толық өтелгеннен кейін немесе актив табыс әкелуді доғарған сәттен бастап тоқтатылады. МЕА ұтымды пайдалану мерзімінің дұрыс есептелуіне олардың амортизациясын өндіріс немесе айналым шығындарына қосу тәуелді, демек оған субъект қызметінің шынайы қаржы нәтижесі де тәуелді болмақ. МЕА амортизациясының есебі РТ №6 нысанында жүргізіледі. Амортизацияны есептеуді бухгалтерлік есептің шоттарында НҚ бойынша тозуды есептеуге ұқсас көрсетіледі. Амортизацияны есептеу сомасына Д-т 7110, 7210, 8044 К-т 2740

111-116 – шоттар бойынша талдамалы есеп МЕА түрлері және жекелеген объектілері бойынша ұйымдастырылуға тиіс.

МЕА түгендеген кезде:

6. Кәсіпорынға меншік құқында тиесілі МЕА нақты қолда бары.

7. Оларды баланста көрсетудің дұрыстығы мен мерзімділігі.

8. МЕА тозуын есептеудің дұрыстығы.

9. Моральды ескірген активтердің бар-жоғын тексереді.

Бастапқы құжаттамада МЕА объектісінің егжей- тегжейлі сипаттамасы болып, олардың бастапқы құны, ұтымды пайдалану мерзімдері, тозу нормалары, объект пайдаланылатын бөлімшелер, МЕА түгендеулері көрсетілуге тиіс. Объектінің өзінің бар-жоғын және оны пайдаланудағы кәсіпорынның құқын растайтын құжаттардың қолда барын анықтау қажет.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 3407 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...