Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері



Студенттерде төмендегі тараулар бойынша білім қалыптастыру керек:

· менеджмент теориясы мен практикасын;

· фармациядағы менеджмент жүйесін;

· фармациядағы менеджмент функциясын;

· басқару шешімдерін қабылдау тәсілдерін;

· фармациядағы маркетинг концепциясын;

· маркетингті басқару процессін;

· маркетингтік ортаны;

· маркетингтік зерттеу жүйесін;

· ҚР дәріхананың сауда қызметін реттеуді;

· дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың заманауи номенклатурасын, олардың сипаттамаларын;

· мерчандайзинг позициясынан дәріханаға қойылатын талаптарды;

· мерчандайзингтің негізгі құралдарын: дәріхананың орналасқан жері; дәріхананың сыртқы түрі, интерьер, сауда кеңістігін жоспарлау; жобалау (бөлімдерді, жұмыс орындарын бөлу және олардың дизайны); сакда орындарының жабдықталуы және құрал-жабдықтары; сауданың жеке принциптерін жүзеге асыру; мамандарды сату дағдыларына үйрету;

· бөлімдердің орналасуын, сауда залындағы жарнамалық материалдарды, ақпараттық қабырға газеттерін, дәрілік препараттардың презентациясын жоспарлауды;

· видеоэкология элементтерін;

· фармацевтикалық қызметкер мен сатып алушы арасындағы психологиялық аспектілерді;

· сату-сатып алу процесінің психологиясын;

· мерчандайзинг эксперименттерінің нәтижелерін өңдеуді;

· ҚР фармацевтикалық нарығында дәріхана желілерінің түзілу тарихын;

Практикалық дағды қалыптастыру:

· менеджментті фармацевтикалық қызметті басқару құралы ретінде қолдануды;

· маркетинг концепциясын, маркетингтік ортаны, фармацевтикалық нарықты дифференциялауды;

· сапалы фармацевтикалық қызметті тиісті түрде ұсынуды;

· кәсіби этика мен құпиялылықты сақтауды;

· мерчандайзингтік зерттеулерді жүргізуді құжатта көрсету, сараптық қорытындыларды құрастыруды;

Студенттерде коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:

· басқару шешімдерін қабылдау;

· маркетингтік зерттеулерді жүргізу;

· маркетингті жоспарлау;

· бөлімдерді, жарнамалық материалдарды сауда залындағы ақпараттық қабырға газеттерін, дәрілік заттардың презентациясын ұйымдастыру бойынша.

Құқықтық дағды қалыптастыру:

· нормативті-құқықтық, жетекшілік, ақпараттық, ғылыми құжаттармен жұмыс істеу бойынша;

· маркетингті стратегиялық жоспарлауды; дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналым сферасында мерчандайзингті жүргізудің ұйымдастыру-құқықтық, заңды және әдістемелік негіздерін;

Студенттерде өзін-өзі жетілдіру дағдысын қалыптастыру:

· нормативтік, ғылыми, анықтамалық ақпараттармен жұмыс істей білу;

· фармация саласында ғылыми ізденістерді жоспарлай және жэүргізе білу;

· экономиканың әртүрлі саласында шел ел тәжірибелеріне сүйене отырып антикризистік әдістерді

үйрене білу;

· халықаралық келісімдерді ұйымдастыруды үйрену;

· ISO 9000:2000 стандартарын үйрену;

· заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып ақпараттар жинау, оны өңдеу және талдау жасай білуге үйрену.





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 655 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...