Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. Менеджмент және маркетинг пәні фармацевткалық нарықта қызмет жасайтын мамандарға кәсіптік білімді



Менеджмент және маркетинг пәні фармацевткалық нарықта қызмет жасайтын мамандарға кәсіптік білімді, дағдыларды (шеберлікті) қалыптастыратын фармацевтикалық пәндердін ішінде негізгі пән болып саналад. Бұл пән «Фармацевтикалық қызмет негіздері» және «Фармацияның басқарылуы және экономикасы» пәндерінің логикалық жалғасы болып саналады және басқа оқу пәндерінің негізінде дәрілік заттардын айналыуымен шұғылданатын мекемелердің басқару және нарықтық қызметтерін зерттейді.

Мерчандайзинг – бөлшек сауда желісінде жүзеге асырылатын маркетингтік технология. Мерчандайзинг – бұл сату орындарында сату көлемін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы. Мерчандайзинг – тұтынушы психологиясын білуге негізделген маркетинг арсеналының салыстырмалы түрде жаңа бағыты. Мерчандайзинг әдістерінің кеңінен қолданылуы дәріхана ассортиментіндегі тауарларды дәстүрлі жарнама кампаниясымен салыстырғанда аз шығын жұмсай отырып сату бойынша іс-шараларды жүргізумен байланысты, және бұл жағдайда тауарларды сатудың жоғары тиімділігі сақталады Мерчандайзингті дұрыс қолдану тауарларды жылжыту процесінде ақшалық заттарды көп мөлшерде үнемдеуге мүмкіндік береді. Фармацевтикалық ғылымдармен бірге маркетинг белгілі бір жалпы білімдік және тәрбиелік роль атқарады, өйткені ол ғылыми зерттеу дағдыларын, нақты анықталған жағдайларда зерттеуді мұқият жүргізу, алынған нәтижелерден шығатын қорытындыны логикалық дұрыс құрастыру, сонымен бірге оларды құжаттық ресімдеу дағдыларын үйретеді.

Бағдарламаға заманауи менеджмент пен маркетинг және мерчандайзингтің әртүрлі бағыттарын, олардың міндеттері мен функцияларын зерттеу кіреді. Атап айтқанда мерчандайзингтің келесі құралдар қарастырылады: сауда кеңістігін жоспарлау, сыртқы түрі, интерьер; жобалау (бөлімдерді, жұмыс орындарын және олардың дизайнын бөлу); сауда орындарын жабдықтау және құрал-жабдықтары; сауданың жеке принциптерін жүзеге асыру; мамандарды сату дағдыларына үйрету.





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 885 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...