Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ағза және тіршілік ету жағдайы



Ағзаның мекен ету ортасы- бұл оның тіршілігіндегі абиотикалық және биотикалық жағдайларының жиынтығы. Ортаның қасиеттері әрқашан өзгеріп отырады, сондықтан әрбір ағза тірі қалу үшін осы ортаға бейімделеді.

Жер биотасымен үш негізгі мекен ету ортасы игерілген: су, жер-ауа, топырақ пен тау жыныстары. Биологтар төртінші мекен ету ортасын бөліп қарастырады- бұл паразиттер және симбиоттармен тіршілік ететін тірі ағзалардың өзі.

Ортаның әсерін ағзалар ортаның факторлары, яғни экологиялық факторлары арқылы қабылдайды.

Экологиялық факторлар - бұл ағзаларға спецификалық әсер ететін ортаның белгілі бір жағдайлары мен элементі. Олар абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлар болып бөлінеді.

Абиотикалық факторлар - өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне және таралуына әсер ететін ортаның барлық неорганикалық факторларының жиынтығы. Солардың ішінен физикалық, химиялық және эдафикалық (топырақты) түрлерін бөліп қарастырады. Абиотикалық факторлардың ішінен, сондай-ақ климаттық (температура, ауа ылғалы, жел және т.б.) және сулы ортаның гидрографикалық факторлар (су, ағыс, тұздылығы және т.б.)

Биотикалық факторлар - бір ағзаның басқа ағзаға және өлі мекен ету ортаға әсерлерінің жиынтығы.

Антропогендік факторлар - адам ықпалымен қоршаған ортаға тигізетін әсерлері (ластану, топырақ эрозиясы, орманның жойылуы және т.б.)

Уақытқа байланысты факторлардың өзгірісінің қайталанып отыруы периодты факторлар, ал кенеттен пайда болатын факторларды (вулканның атқылауы, жыртқыштың жемтікке бас салуы және т.б.) периодты емес факторлар деп аталады.

Адаптация (лат. бейімделу)- ағзалардың ортаға бейімделуі. Бұл процесс ағзалардың (түрлердің даралары, популяциялар) құрылымы мен функцияларын және олардың мүшелерін қамтиді. Ағзалардың қоршаған ортаның факторларына негізгі бейімделушілігі сонау тарихи кезден қалыптасқан. Олар биотаның тарихи- эволюциялық жолымен қалыптасқан және экологиялық факторлардың өзгерісімен бірге өзгеріп отырған. Ағзалар әрқашан әсер ететін периодты факторларға бейімделген, бірақ солардың ішінен біріншілік және екіншілік түрлерін қарастырып кеткен жөн.

Біріншілік - бұл жерде тіршілік пайда болғанға дейін әсер еткен факторлар: температура, жарық және т.б. Ағзалардың осы факторларға бйімделуі ежелден болып табылады.

Екіншілік периодты факторлар-бұл біріншілік факторлардан туындаған факторлар: температураға байланысты ауа ылғалдылығы; өсімдіктердің даму циклдеріне байланысты өсімдіктекті қорек; түрішілікте әсер ететін биотикалық факторлары және т.б. Олар біріншілік факторлардан кейін пайда болған және әрқашан да оларға бйімделу анық емес.





Дата публикования: 2014-09-01; Прочитано: 7848 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...