Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс (1 сағ)



Кіріспе

Дәрістің мақсаты - ғылым ретінде оның практика міндеттерін шешудегі ролі, экология туралы түсінік беру. «Тұрақты дамуы» туралы концепцияға және оны таратудағы экологияның ролі туралы түсініктеме беру.

Кілтті сөздер - экология, ғылым, аутэкология, демэкология, жахандық экологиялық практикалық міндеттер, экономикалық жәнепалитикалық тенденциялар, тұжырымдық тұрақты даму, экологияның бағыты.

Қарастырылатын сұрақтар:

Ылым ретіндегі экология мәні, міндеттері, бөлімдері, әдістемелері.

2. Практикалық міндеттерді шешудегі экологияның ролі;

3. Тұрақты дамуының тұжырымдамасы

Ылым ретіндегі экология Мәні, міндеттері, бөлімдері, әдістемелері.

Экология - тірі ағзалардың өмір сүру жағдайын және олар өмір сүретін жерлердегі орта мен ағзалардың өзара байланысы туралы оқытатын ғылым.

Экология деген сөз, «ойкос»- үй және «логия»- ғылым деген грек сөзінен шыққан, «бұл үй туралы оқып-білу» деген сөзді білдіреді. Алғашқы уақытта экология, биология ғылымының құрамдық бөлімі ретінде дамыды да, басқа химия, физика, геология, география, топырақтану, математика сияқты табиғи ғылымдармен тығыз байланыста болды.

Экология пәнінің негізгі құрылымы ол ағзалар мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс. Экологиядағы ең негізгі оқылатын объект, ол экожүйе, яғни табиғи ортада өмір сүретін және тірі ағзалардан пайда болған, барлығы бірдей табиғи кешендер бірлестігі.

Бұдан да басқа оның ағзамдарды оқытудың жеке түрі, олардың популяциясы, атап айтқанда ерекше бір түрінің жиынтығы, және биосфера - бұл облыстың тұжырымдамасына кіреді. Кез-келген әр түрлі ағзамдар және қоршаған ортадағы болатын өзара байланысты оқытатын биология ғылымының негізгі дәстүрлі бөлігі жалпы экология деп аталады. (Адамды да биологиялық тіршілік ететін жан ретінде қарастыруға болады).

Жалпы экология құрамында төмендегідей негізгі бөлімшелер ерекшеленеді.

Аутэкология – бөлек ағзамдардың оны қоршаған ортамен байланысын жеке зерттейді.

Демэкология – популяция экологиясы – оның негізгі міндетіне жеке популяциялық түрлері мен құрылымын оқыту кіреді.

Синэкология – популяциялық, бірлестік және экожүйенің, ортамен байланысын оқытатын бөлімі синэкология деп аталады. Бұлардың барлығының негізгі бағыты, тірі жануарлардың, жәндіктердің қоршаған ортада өмір сүріп кетуін оқыту және олардың алдында тұрған міндеттің көпшілігі биологиялық жағдайға байланысты, өзін-өзі реттеу экожүйемен биосфераның тұрақтылығының қоршаған ортаға олардың бірлестіктері мен ағзамдарының бейімделу заңдылықтарын оқып үйрену болып табылады.

Экологияның даму тарихын үш этапқа бөлуге болады.

1 этап – 19 ғасырдың 60 жылдары экология ғылым ретінде тұрды және туындады. Бұл этапта, бірінші рет ғылыми тұжырымдар жүргізілді, тірі ағзамдардың өзі өмір сүретін ортаға байланысы туралы деректер жиналды.

2 этап. 19 ғасырдың 60 жылдарынан кей ін экологияны өз алдына дербес ғылым ретінде таныды.

3 этап (20 ғасырдың 60 жылдарына осы уақытқа дейін) Адамзатты қоршаған орта және табиғатты қорғау жөніндегі ғылым болып есептеліп, экологияны кешендік ғылым ретінде таныды. Биологиялық ғылымнан бөлініп экология өзіне географияны, геологияны, химияны, социологияны, мәдениет теориясының бөлімдерін өзіне қосып алып, жаңаша білім циклына айналды (Реймерс, 1994).

Қазіргі экология, биологиялық пәндер төңірегіне шектеліп қана қоймай, адамзаттың қоршаған ортаман өзара байланысы туралы күрделі мәселелерді оқытатын, пәнаралық ғылымға айналып отыр.

Бұл қойылған мәселелердің негізі, дүние жүзінің экологиялық жағдайының қиындауының салдарынан, көптеген табиғи, техникалық, гуманитарлық ғылымдарды эколизациялау нәтижесінде «экология» деген термин көптеген жерлерде қолданыла бастады.

Қазіргі заманғы экология, саясатпен, экономикамен, ережелермен, психологиямен, педагогикамен тығыз байланысты. Қазіргі экологияның бағыты адамзаттың, қоғамның және жердің табиғатын дамыту және оны қорғап қалуға негізделген деп есептеледі. Адамдар саны мен олардың қабілеттерінің арасындағы өзара байланысын, өмір сүру жағдайларына байланысты әр түрлі табиғи жүйеді ағзамдардың әсерінен ортаның өзгерісін зерттеу және адамзаттың бағытталған іс әрекеттері жағдайында қарастыру барлық экологтардың алдына қойған мақсаты болып табылады. Қазіргі кездегі экологияның әдістемелік негізі, нақты бақылау, тәжірбие және негізгі нақты бақылау, тәжірбие және моделдеудің жүйелі түрде болуына сәйкестенуін ұйымдастырады.

Экология әдістемесіне қолданылатын көптеген әртүрлі зерттеулер мен қолданбалы міндеттер кіреді:

-тіркеу әдістемесі және қоршаған ортаны бағалау

-мониторинг – ортаның сапасы мен экологиялық обьектілердің күйі туралы және жиі үздіксіз бақылап отыру

-Ағзалардың есебінің сандық әдістемесі

-Ағзалардың өнімділігі мен биомассасы бағасының әдістемесі

-Ағзамдардың өмір сүру қабілетіне, қоршаған орта факторларының әсерін зерттеу.

Әр түрлі бірлестіктердің ағзамдарының арасындағы өзара әсерін оқыту әдістемесі

-Математикалық моделдеу әдістемесі

-Болжау





Дата публикования: 2014-09-01; Прочитано: 1112 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...