Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері



Ген, клетка, мүше, ағза, популяциялар, қауымдастық (биоценоз)- тіршіліктің негізгі ұйымдасу деңгейлері.

Ағза экологияда қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторларымен қарым- қатынаста болатын бүтін жүйе ретінде қарастырылады. Биологиялық түр индивидуумдар сияқты бір- бірінен ерекшеленетін екі түрден тұрады. Олар да бір түрге жататын ұқсамайтын екі адам сияқты бір- біріне ұқсамайды. Бірақ олардың барлығын өзара байланыстыратын- бұл түр ішінде көбеюін қамтамасыз ететін генофонд болып табылады. Әр жеке индивид спецификалық ерекшеліктеріне ие болуына байланысты олардың орта жағдайларына қатынасы мен орта факторлардың әсерлері әр түрлі болып келеді.

Популяция- бір түрге жататын, өзара көбейе алатын, бір кеңестікте мекендейтін даралардың жиынтығы.

Биоценоз- бірге тіршілік ететін микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар популяцияларының жиынтығы. Белгілі бір территориядағы қоршаған ортаның жағдайлары: ауа, су, топырақ және тау жыныстары биотоп деп аталады. Биотоп компоненттері бір- бірімен әрекеттесіп, белгілі бір биологиялық жүйені түзеді. Оны академик В.Н.Сукачев биогеоценоз деп атаған. 1935 жылы ағылшын ботанигі А.Тенсли алғаш рет «экожүйе» деген терминді енгізді. Тенсли бойынша экожүйе -«бұл ағзалар комплекстері мен ортаның физикалық факторлар комплекстерінің, яғни мекен ету орта факторларының жиынтығы».





Дата публикования: 2014-09-01; Прочитано: 2651 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...