Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лемдегі ең бай адам – Билл Гейтс – кәсіпкер



Байлық..... Иә, ол кімдерді қызықтырмаған дейсіз. Адамзат тарихында соғыстың үлкені осының жолында болған. Кешегі әлемнің жартысын жаулап алған Шыңғыс хан мен Напалеонның көкірек көздерінде байлықтың жалқын сәулесі жатпады дегенге ешкім сене қоймас.

Қазір әлемдегі ең бай адамдар кімдер? Олар мұндай дәрежелерге қалай, қайтіп қол жеткізді? Осы сұрақтарға жауап бермес бұрын миллиардерлердің бірі Билл Гейтстің өмір жолына қысқаша тоқтала кетейік.

Сонымен, әлемнің ең бай адамы Билл Гейтс АҚШ-тың Сиэтл қаласында 1955 жылы дүниеге келген. Жастайынан математика ғылымының білгір маманы болуды армандаған ол, небәрі 15 жасынан бастап кәсіпкерлікпен айналысқан. Гейтс ең алғашқы еңбек жолын «көше қозғалысын қадағалау» қызметінен бастапты. Одан кейін бизнестегі бастамасы сәтті болып, оған 20 000 доллар пайда әкелді. Содан соң жас кәсіпкер өзі ашқан технологиялық еңбектерін жарыққа шығару үшін «ТрофоДэита» деп аталатын компания құрды.

1975 жылы Гарвардта оқып жүрген Гейтс пен оның досы Алленге «МІТS» компаниясының әуесқойлары компьютер бағдарламаларын жасауға ұсыныс білдіреді. Олар бағдарламаны жасап шығару жолында тәулік бойы 18 сағат үздіксіз жұмыс істеді. «Майкрософт» жөніндегі идеяның іргетасы дәл осы кезден бастап қаланады. Ерен еңбектің арқасында небәрі 7-8 жылдың ішінде «Майкрософт» операциялық жүйелер мен компьютерлер технологиясының дара көшбасшысына айналып үлгерді.

Билл Гейтс қандай бәсекеде болсын қарсыластарын жеңіп, көздеген мақсатына жетпей, тоқтамайтын жан. Мәселен, «Майкрософт» бағдарламасының алғашқы кезеңінде сол кездегі басты бәсекелесі болып саналатын DOS-ты құрған «АйБиЭм-ді» (IBM) басып озу үшін 21 сағат бойы үздіксіз қызмет істеп, небәрі 3-ақ сағат ұйықтаған. Сөйтіп, таңнан таңға жұмыс жасаудың нәтижесінде «Майкрософттың» 1992 жылғы жеке қорындағы қаржысы 7,4 миллиард долларға бір-ақ көтерілген.

Компьютер ХХ ғасырдың ғаламат жетістігі. Ол адамзат баласының жұмысын 70% (пайызға) жеңілдетті. Содан болса керек, кез-келген қызметкер онымен жұмыс жасауға мүдделі болып отыр.

«Менің бар арманым жердің әр тұрғыны үшін жеке компьютер жасап шығару»,- дейді бірінші миллиардер. («Астана» журналы, шілде-тамыз 2006)

2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Билл Гейтс қандай адам?

2. Ол қашан, қай жерде дүниеге келді?

3. Билл өз мақсатына жету үшін не істеді?

4. Билл Гейтс жастайынан кім болуды армандады?

5. Билл Гейтстің арманы не?





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 837 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...