Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ Лексикалық тақырып: Жарнаманың тарихи кезеңдері



1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Жарнамалық тәжірибе туралы ең алғаш рет жазба тарихи құжаттарда айтылған. Жерорта теңізі елдерінде жүргізілген қазба жұмыстарында археологтар әртүрлі оқиғалар және хабарландырулар жазылған маңдайшаларды тапқан. Римляндар гладиатор сайыстары жөнінде қабырғаларға құлақтандырулар ілген, ал финикийстер әртүрлі салтанатты шерулер кезінде шың-құздарды суреттермен әшекейлеп, онда өз тауарларын мадақтаған. Помпейдің жарына жазылған суреттемелерде бір саясаткерді мадақтап, соған дауыс беруге шақырған. Афинаның ежелгі тұрғындарына арналған «жарнама өлеңінде» былай делінген: «көзіңіз жарқырасын, бетіңіз қызғылттансын, әдемілігіңіз ұзақ сақталсын, есті әйел косметиканы дұрыс бағамен сатып алады».

Ертеректегі жарнаманың тағы бір түрі қолөнер шеберлерінің өз тауарларына (қыш ыдыстары, т.б.) салған таңбалары. Қолөнер шеберінің атағы тараған сайын, сатып алушылар оның таңбасы салынған тауарды іздейтін болған. Қазіргі кездері осы мақсаттарда тауар белгілері және маркалары пайдаланылады.

Бірінші баспа түріндегі жарнама 1478 жылы ағылшын тілінде жарық көрді. Осы кезеңнен бастап жарнаманың даму орталығы Ұлыбритания болды. Кейіннен жарнаманың жоғары сатылы көркеюі АҚШ-қа ауысты. Американдықтар жарнаманың әкесі ретінде Бенжамин Франклинді атайды. Оның 1729 жылы шығарған «Газет» газеті жарнамаларды басу көлемі мен таралымы жөнінен жоғары көрсеткішке жеткен. Нью-Йорктің орталық көшелерінің бірі Медисон – авенюде ірі жарнама агенттіктерінің штаб-пәтерлері орналасқан. Ол жерде 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. АҚШ-та жарнама агенттігі жоқ қала кездеспейді. (Ф. Котлер «Маркетинг негіздері» кітабынан)





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 605 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...