Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мазмұндау



Кез-келген мемлекеттің экономикасы сол елдің ұлттық ерекшеліктеріне, салт-дәстүріне, шаруашылықты жүргізу тарихына сүйенетіні белгілі.

Ұлттық экономиканың қызметіне елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы жатады.

Ұлттық экономиканың қызметін Үкімет, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар құрайды.

Ұлттық экономика төмендегідей салалардан тұрады: өнеркәсіп өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс және сауда..

Сұрақтар:

1. Мәтінде не туралы айтылған?

2. Ұлттық экономика қандай салалардан тұрады?

3. Ұлттық экономиканың қызметін не құрайды?

4. Ұлттық экономикаға не жатады?

5. Ұлттық экономика неге сүйенеді?

Сөздік:

Кәсіпкер – предприниматель Тұлға – личность Ерекшелік – основная черта Салт дәстүр – традиция Шаруашылық – хозяйство Жүргізу – управлять, водить Тарих – история Сүйену – прибегнуть Қызмет – служба, работа, услуга, обслужить Аумағы – объем, велечина, размер, территория Мүддеге жету – достигнуть желаемое Мүдде – желание, цель, интерес Сауда – торговля Жүзеге асу – осуществить, претворить в жизнь Жиынтық – свод, совокупность, сумма Жеке тұлға – индивидуальный личность Кәсіпорын – предприятие Құрайды – собираеть, объединяеть Өнеркәсіп – промышленность Өндіріс – производство Көлік – транспорт Құрылыс – стройка, строительство

2-тапсырма. Мәтінде не туралы айтылғаны жөнінде бір сөзбен жауап беріңіз.

3-тапсырма. Тағы бір рет мәтінді оқып, әр абзацқа сөз немесе сөз тіркесімен ат қойыңыз.

4-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Ұлттық экономиканың қызметіне....

Ұлттық экономиканың қызметін....

Ұлттық экономика мынадай салалардан..................

5-тапсырма. Орыс тілінен қазақшаға аударыңыз.

Сектора экономики.

Состав национальной экономики.

Особенности национальной экономики.

Территория национальной экономики.

6-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрып, мағыналарын анықтаңыз.

1......... экономика... 2........ тұрмыс... 3........ өмір... 4........ салт-дәстүр...

5........ шаруашылық... 6......... үкімет... 7......... айналыс...

7-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құраңыздар.

8-тапсырма. Өз ойыңызды білдіру үшін жоғарыда құрылған сөйлемдерді біріктіріп қолданыңыз.

9-тапсырма. Мәтіннен –лық, -лік, -тық, -тік жұрнақтарымен сөздерді теріп жазыңыздар, оларға сұрақ қойыңыздар.

Ұлттық (қандай?), шаруашылықты (нені?), экономикалық (қандай?), ерекшеліктеріне (неге?)

10-тапсырма. Мәтіндегі “ұлттық экономика” деген ұғымды ашатын сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді теріп жазыңыз, есте сақтаңыз.

(ОСӨЖ) 12-сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық теңгеміз туралы

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран, және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді. Теңгенің авторы болу бақыты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов пен Меңдібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді. Адамдардың ішкі сырын білшуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ ғасырдағы үлкен жетістік.

(М.Тазабеков. «Егемен Қазақстан»)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Теңгенің туған күні қашан? Авторлары кімдер?

2. Теңгенің тұрақты болуы неге байланысты деп ойлайсыз?

3. Теңгеде бейнеленген адамдар туралы не деп ойлайсыз?

4. Төмендегі мақалды қалай түсінесіз? Көршіңізбен пікірлесіңіз.

«Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын»





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1184 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...