Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сөздік



Ақша шашпау –не разбросать денег

Алдынғы қатарлы – передовые

Апат – бедствие, катастрофа

Бағалау – оценивать

Басқару өнері – искусство управлять

Басым бағыт – превосходящее направление

Белгілі болмасқа – известным быть

Батып кету - утонуть

Бөлісу - делиться

Біртұтас - единый

Жайбарақат - беспечно, спокойно\

Жалғастыру - продолжать

Даңқ - слава

Ие болу - владеть, овладеть

Күнделікті тұрмыс - обычная жизнь

Қалдыру - оставить, оставлять

Мүмкіндік - возможность

Өндіру - производить

Салыстыру - сосоставить, сравнить

Сұраныс - спрос

Табиғат заңдары - законы природы

Тұрмыс – быть, жизнь

Таңдау – выбирать

Ұрпақ - подрастающие поколение

Ұрпақ үшін күрес – борьба за подрастающее поколение

(ОСӨЖ) 9-сабақ Қалтарыстағы экономика Теневая экономика

1–тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.

Ресми экономикалық үрдістермен қатарлас жүретін, бірақ мемлекет пен қоғам бақыламайтын мемлекеттік статистикадағы экономикалық үрдістер қалтарыстағы экономикаға жатады (относится).

Қалтарыстағы экономиканы адамдардың жекелеген топтары ұйымдастырады, қалтарыстағы экономика шартты түрде былай бөлінеді: қылмыстық экономика, бүркемелі экономика.

Заңға қарсы және ашық түрде тыйым салынған экономика қылмыстық экономика деп аталады.

Салықтардан жалтару мақсатымен және субъектілердің шынайы табыстарын мағлұмдағысы келмегендіктен бүркемеленетін экономиканы бүркемелі экономика дейді.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыпты ашып тұрған сөздерді белгілеңіз.

3-тапсырма. Мәтіндегі негізгі тақырыптық сөздерді және сөз тіркестерін көрсетіңіз

4-тапсырма. Мәтіннен сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Қалтарыстағы экономика дегеніміз не?

2. Қалтарыстағы экономикаға қандай үрдістер жатады?

3. Қалтарыстағы экономиканы кімдер бақылайды?

4. Қалтарыстағы экономика шартты түрде қалай бөлінеді?

5. Қылмыстық экономика дегеніміз не?

6. Бүркемелі экономика дегеніміз не?

5-тапсырма. Бүкіл мәтіннің мазмұнын бір сөйлеммен қорытындылаңыз.

6-тапсырма. Төмендегі сөздерге анықтама беріңіздер.

........ тауар,............. экономика,.......... үрдістер,........... статистика,............ баға,........ қызмет,............. баға,............заң.

7-тапсырма. Сөздерді бірнеше жағдаятта қолданып, мысалдар келтіріңіз:

қалтарыстағы, қылмыстық, бүркемелі, заңсыз.

8-тапсырма. Асқармен әңгімелесіңіз. “Экономика” тақырыпы бойынша (біліміңізге сүйеніп) диалогты жалғастырыңыз.

А.

Асқар: - “Экономика” сөзі қандай мағынаны білдіреді?

Сіз: -..............................................................................

Асқар: - “Экономика” сөзі қай тілден енген?

Сіз:................................................................................

Сіз: -...................................................................................?

- Еліміздің экономикасын дамыту үшін, біріншіден, салықтың мөлшерін азайту, екіншіден, өндірісті дамыту, үшіншіден, ұлттық тауарларды экспортқа шығару қажет.

Асқар: - Үй шаруашылығында үнемдеуді қалай ұйымдастыруға болады?

Сіз: -...........................................................................................

Асқар: - Ал еліміздің экономикасын қалай дамытуға болады?

Сіз: -..................................................................................................

Сіз -..........................................................................................?

- Отбасы бюджетін кіріс пен шығысты ескере отырып, дұрыс ұйымдастыру қажет.

Ә.

Диалогты толықтырыңыз.

- Экономиканың дамуына не кедергі келтіріп отыр?

-...

- Қалтарыстағы экономиканы кімдер ұйымдастырып отыр?

-...

- Мұндай қылмыстық топтарды қалай жоюға болады?

-...

Б.

Диалогты жалғастырыңыз.

- Нені үнемдеуге болады?

- Суды, газды, жарықты және ақшаны.

- Уақытты үнемдеу керек дегенді қалай түсінесіз?

-...

В.

Диалогты рөлге бөліп, оқыңыз, толықтырыңыз.

- Нарықтық экономика адамдарды неге үйретуде?

- Нарықтық экономика адамдарды жаппай кәсіпкерлікке үйретуде.

- Қалай ойлайсыз, нарықтық экономика адамның психологиясын қалай өзгертті?

- Ол халықты табыс табуға, пайда түсіруге, ақшаның әрбір тиынын бағалай білуге үйретіп отыр.

- Не арқылы халықтың күш-жігерін, ақыл-ойын еңбекке бағыттауға болады?

- Нарықтық экономика арқылы ғана жұрттың бүкіл күш-жігерін, ой-санасын еңбекке бағыттауға болады?

-..................................................?

-..................................................

-?

9 – сабақ Қазақстан экономикасы Мазмұндаңыз (СӨЖ)

Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен және адам ресустарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі.

Тәелсіздік алуына байланысты Қазақстан экономикасында демократиялық қоғам жағдаиында, нарық еркіндігін жасау межеленіп отыр.

1992 жылдан бастап елімізде мемлекеттік мекемелерге жекешелендіру жүргізілді.

Нарық жағдайындағы Қазақстанстанның жекеменшік секторы еліміздің болашақ экономикалық тұрақтылық базасын қалыптастыруда орасан зор биіктіктерге көтерілу үстінде.

Қазақстан экономикасы үшін шет ел инвестициясына жол ашық.

Өтпелі кезеңнің қиындығына қарамастан елбасының «Қазақстан 2030» бағдарламасы елеміздің өркендеген елдердің бірі ететін, экономикасы дамыған демократиялық қоғамға айналдыруға кепілдік береді.

Тапсырма. Мәтіндегі әр сөйлемге сұрақ құрастырыңыз.

Қазақстан экономикасына байланысты сұхбат жүргізу.

Сұрақтар:

1. Қазақстан нелерімен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі?

2. Қай жылдан бастап елімізде мемлекеттік мекемелерге жекешелендіру жүргізілді.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1450 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...