Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сульфонамид туындысы



Нимесулид (Nimesulidum), апонил, найз, нимесил. Нимесулид - циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) - ферментінің талдамды бәсекелестік баяулатқышы болып табылады, простогландиндердің, ісіну, қабыну және ауыру медиаторының синтезіне қатысады. Қабынуға қарсы, ауыруды басатын және қызбаны түсіретін әсер көрсетеді. Қабыну ошағында, сол сияқты ноцицептивті жүйенің өрлеуші жолында, жұлын миының ауыру импульстарын өткізуі бойынша простагландин Е2–нің түзілуін қайтымды баяулатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревматоидты артрит, бурситтер, ауыру мен қабыну үрдістері – операциядан кейінгі кезеңдегі жарақаттар мен гинекологиялық ауруларда. Ішке қабылдауға арналған мөлшері тамақтан кейін 100-200мг 1-2 реттен тәулігіне, трансдермальды гельден 1% терінің ауырған аймағына 2-3 реттен тәулігіне.

Кері көрсеткіштері. Басқа да СЕҚҚД ұқсас, сонымен қатар жүктілік, емшекпен емізу кезінде, 14 жасқа дейінгі балаларға.

Жанама әсері. Басқа да СЕҚҚД ұқсас, бірақ кейде диспепсиялық бұзылыстар байқалады.

Шығарылу түрі. 50, 100 және 200 мг таблеткалар N.10, 20, 30, 100; гранула (суспензияға арналған ерітінді) 2 г (100 мг) N.30 ішке қолдануға арналған пакетте; 1% 30 және 60 мл ішке қолдануға арналған флакондағы ерітінді және 5% – 30 мл ерітінді; 1% 10, 20 және 30 г тубадағы трансдермальды гель.

Целекоксиб (Celecoxibum), целебрекс. Целококсиб – қабынуға қарсы, ауыруды басатын, қызуды түсіруші дәрі. ЦОГ-2–ні талдамды баяулатады және қабынуға дейінгі простагландин ПГ түзілуін тежейді. Терапиялық шоғырымы ЦОГ-1–ді баяулатады.

Қолдану көрсеткіші мен мөлшерлеуі. Ревматоидты артрит, остеоартрит. Ішке қабылдауға арналған мөлшері 100-200мг тәулігіне 1-2 реттен.

Кері көрсеткіштері. Басқа да СЕҚҚД сияқты.

Жанама әсері. Басқа да СЕҚҚД ұқсас, бірақ сирек диспепсиялық бұзылыстар байқалады, ұзақ және үлкен мөлшерде қабылдағанда асқазан-ішек жолының шырышты қабығының жаралануы мүмкін.

Шығарылу түрі. 100 және 200 мг капсулада N.10, 20.

Рофекоксиб (Rofecoxibum), виокс. Рофекоксиб – қабынуға қарсы, ауыруды басатын, қызуды түсіретін дәрі. ЦОГ-2-ні жоғары өзіндік баяулайды, қабынуға дейінгі простагландиннің өндірілуін төмендетеді. Тераптиялық шоғырымда адамда ЦОГ-1-дің белсенділігіне әсер етпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Остеоартрит, ауыру синдромы, аменорея. Ішке қабылдау үшін мөлшері күніне 1 реттен 12,5 % мг қабылдайды.

Кері көрсеткіштері. Жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсері. Басқа да СЕҚҚД сияқты, бірақ сирек.

Шығарылу түрі. 12,5 және 25 мг таблеткалар N. 7, 14, 28; 0,25 және 0,5% 150 мл флакондағы суспензия ішке қолдануға арналған.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1088 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...