Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Салицил қышқылының туындысы



Ацетилсалицил қышқылы (Acidum acetysalicylicum), аспирин. Ацетилсалицил қышқылы қабыну ошағындағы жүріп жатқан үрдістерге әсер етеді: капиллярлар өткізгіштігін төмендетеді, гиалуронидаза белсенділігін төмендетеді, АТФ түзілуін тежеу жолымен қабыну ошағының үрдісін энергетикалық қамтамасыз етуін шектейді. Қабынуға қарсы әсер ету механизмінің негізіне простогландин биосинтезін баяулату жатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауыру сезімін басатын және қызуды басатын дәрі ретінде (қызбамен жүретін ауруларда, бас ауыру, бас сақинасы, невралгияда және т.б.) күніне 0,25-0,5-1 г 3-4 рет; балаларға жасына сай 0,1 -ден 0,3 г дейін бір реттік мөлшерде тағайындайды. Ревматизм, инфекционно-аллергиялық миокардитте, ревматоидты полиартритте ересектерге ұзақ уақыт тәулігіне 2-3 г (кейде 4 г), ал балаларға туған жыл санына тәулігіне 0,2 г тағайындайды. 1 жастағы балаларға бір реттік мөлшері 0,05 г, 2 жасқа — 0,1 г, 3 жасқа — 0,15 г, 4 жасқа — 0,2 г. 5 жастан бастап 0,25 г таблеткадан тағайындауға болады.

Кері көрсеткіштері. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, қан кетулер, портальді гипертензия, қан айналымның бұзылуы, бронх демікпесі, бауыр және бүйректің ауыр қызметінің бұзылыстары.

Жанама әсері. Ульцерогенді әсері. Асқазан ішектік қан кетулер, бронхоспазм, естудің төмендеуі, нефротикалық синдром, аллергиялық реакция, ұзақ уақыт қолданғанда қаназдыққа, лейкопенияға, тромбоцитопенияға әкеледі.

Шығарылу түрі. 50, 75, 100, 250, 300, 325 және 500 мг таблеткалар N.10, 20, 100 және 100 мг балалар үшін N.10; 50, 100, 300 және 325 мг ішекте еритін таблеткалар N.10, 20; 25, 330, 350 және 500 мг шайнауға арналған таблеткалар N.10, 16, 20, 100 және балаларға арналған 81 мг таблеткалар N.36; 100г ішке қолдануға арналған қораптағы ұнтақтар.

Рецепт үлгісі. Rp.: Acidi acetysalicylici 0,1

D.t.d. N.10

S. Қораптың құрамындағы ұнтақты 100мл суға ерітіп, күніне 2 – 3 рет

#





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2948 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...