Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Фенил сірке қышқылының туындысы



Диклофенак (Diclofenacum), вольтарен, ортофен. Диклофенак айқын қабынуға қарсы, ауыруды басатын және қызуды түсіретін әсер көрсетеді. Диклофенактың негізгі әсер ету механизмі экспериметальды жағдайларда белгіленген, онда простагландиндердің биосинтезін тежейді. Простагландиндер қабыну, ауыру, қызба генезінде маңызды рөл ойнайды. In vitro диклофенак натрий шоғырымы эквивалентті болуы науқастарды емдеуде көрінеді, олар шеміршек тінінде протеогликандар биосинтезін тежемейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревматикалық ауруларда, остеоартроз, остеохандроз, люмбого, ишиаз және басқалары, сіңір, байлам, бұлшық ет пен буындардың жарақаттары, көздің қабыну аурулары. Ішке 75-150мг, балаларға 0,5-2мг/кг ішке қабылдау, сүрту орнына 1% гелді 2-14г күніне 2-4 реттен және көзге тәулігіне 1 тамшыдан 3-5 реттен.

Кері көрсеткіштері. Негізінен асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында, қан кетулер, “аспириндік” бронх демікпесі, жүктілік (соңғы кезеңі), 6 жасқа дейін.

Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар, асқазан-ішек жолының эрозиялы-жаралы зақымдалуы, асқазан-ішектің қан кетулері, бауыр, бүйрек және ұйқы безі қызметінің бұзылыстары, қаназдық, лейкопения, агранулоцитоз, аллергиялық және өзге де жергілікті реакциялар.

Шығарылу түрі. 25, 50, 75 және 100 мг қапталған таблеткалар N.10, 15, 20, 30; 75 және 100 мг ретард таблеткалар N.20, 30; 25 мг N.30 және 50 мг ішекте еритін таблеткалар N.20,50; 75 мг капсулалар N.20; 100 мг ретард капсулалар N. 20; 50 және 100 мг ретард капсулалар N.6; 50 мг пакеттегі ішке қолдануға арналған ұнтақ; 25, 50, 100мг тік ішек балауыздары N.5, 6, 10; 2,5% 2 және 3 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді N.5, 6 және 3,75% - 2 мл; 1% сыртқа қолдануға арналған 20, 30, 40, 50, 60, 100 г тубадағы жағынды және 5% - 50 және 100 г; 1 және 2% 20, 30, 40 және 50 г тубадағы жағынды; 1% 20 г тубадағы крем; 0,1% 5 және 10 мл флакон-тамшыдағы көз тамшысы ретінде қолданатын ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Diclofenac natrii 0,025

D.t.d N. 30 in obd.

S. Күніне 1 таблеткадан 2 – 4 рет.

#

Дифлунизал (Diflunisalum), долобид. Дифлунизал - стероидты емес ауыруды басатын және қабынуға қарсы дәрі. Ұзартылған әсер көрсетеді. Ішке бір реттік мөлшерде қабылдағаннан кейін, бірінші бір сағатта ықпалы басталады, ең жоғары әсері 2-3 cағаттан соң және әсері 12 сағатқа созылады. Өзге стероидты емес қабынуға қарсы заттар сияқты, дифлузинал простагландиндердің биосинтезін баяулатады, бірақ препараттың әсер ету механизмі толық зерттелмеген.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауырсынуды басу үшін, көбінесе қабыну үрдістері кезіндегі; остеоартритте, ревматикалық артрит т.б кездерінде; сонымен қатар алгодисменореяда тағайындайды, Ересектерге ұсынылатын мөлешрі: бастапқыда (соққы) - 1г; келесіде (ұстап тұрушы) – 0,5 г әр 8-12 сағат аралығында күніне. 1,5 г-нан артық қолдануға болмайды.

Кері көрсеткіштері. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларында (әсіресе асқазан ішек жолдарының қан кетулерінде), салицилаттар мен басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттарға жоғары сезімталдық кездерінде, жүктілік пен бала емізу кездерінде. Балаларға тағайындауға болмайды (жеткілікті тәжірибенің болмауына байланысты). Бүйрек қызметінің бұзылысы мен көз ауруларында байқап қолдану қажет.

Жанама әсерлері. Өзге қабынуға қарсы қолданылатын стероидты емес препараттар тәрізді (диспепсиялық, терінің аллергиялық реакциялары, көздің қарауытуы т.б).

Шығарылу түрі. 250 және 500мг таблеткалар N. 20, 30 және 50.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1381 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...