Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының табиғи гормондары



Гидрокортизон (Hydrocortisonum) акортин, гидрокортизан ацетет, кортеф. Гидрокотизон - глюкокортикоидті, шоктарға қарсы, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, иммунодепрессивті, экссудацияға қарсы, қышымаға қарсы дәрі. Дәнекер тіндерінде, қабыну ошағында жоғары сезімталдылық реакциясын, пролиферативті және экссудативті үрдістерді тежейді. Терінің жергілікті гиперемиясын және гипертермиясын азайтады. Арнайы жасуша ішілік рецепторлар арқылы әсер жүреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жедел жетіспеушілігі, жедел аллергиялық реакциялар, бронх демікпесі, бронхоспатикалық жағдайлар, артриттер, өзіндік емес ойық жаралары, ларингит және т.б. Ересектерге көктамырға, бұлшықет ішілік қабылдайды тәулігіне 6 рет 4-20 мг мөлшерде, балаларға 25-100 мг.

Кері көрсеткіштері. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, остеопороз, артериалды гипертензия, жедел психоз, глаукома кезіндегі көз ішілік қысымның көтерілуі, декомпенсирленген қант диабеті, жүйлік саңырауқұлақ5 инфекциясы, бүйрек жетіспеушілігі, ЖИТС, көз терісінің инфекциялық аурулары, вирусты және саңырауқұлақты зақымданулар, жүктілік, емшекпен емізулі кезде, кіші жас мөлшері.

Жанама әсерлері. Остеопороз, асқазан мен он екі елі ішектің оық жараларының асқынуы, стероидты диабет, катаракта, етеккір бұзылыстары, Кушинга синдромы, артериалды қысымның жоғарылауы, көз ішілік және бас ішілік қысымның жоғарылауы, миопатия, артралгия, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, психоздар, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 25 және 100 мг ампуладағы ұнтақ және 100 және 500 мг лиофилизирленген сауыттағы ұнтақ, егуге арналған; 2,5% суспензия 1 және 2 мл ампулада және 2,5 және 5% - 5 мл сауыттағы ерітінді, 5, 10 және 20 мг таблеткада; 0,1% жағынды, крем және липокрем тубаларда 15 және 30 г; 1% жағынды және тубадағы крем 10, 14 және 28 г; 0,5% тубадағы көз жағындысы 3 г; 1 және 2,5% көз жағындысы 2,5 және 10 г; 0,1% лосьон және эмульсия 20 және 30 мл флакон-тамшыда сыртқа қолдануға арналған.

Рецепт үлгісі. Rp.: Susp. Hydrocortisoni 2.5% - 2 ml

D.S. Көз тамшысы. Күніне 1 – 2 тамшыдан.

#





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1777 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...