Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Еңбек ету, дем алу, тамақтану



Ана перзентханадан шыққаннан кейін біртіндеп үй шаруасын істей беруіне болады. Бірақ ауыр жұмыс істеуге, әсіресе, ауыр зат көтеруге болмайды (ауыр жұмыстан жатыр төмен түсіп кетуі мүмкін). Босанған әйел бастапқы кезде тез шаршағыш болады. Сондықтан жас босанған ана күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтап, күн сайын нәрестесімен 2-3 сағат таза ауада серуендеуі тиіс. Сондай-ақ, дене шынықтырудың да пайдасы зор, ол барлық ағзалар мен жүйелер жұмысының жақсаруына мүмкіндік береді, ағзаның тезірек қалпына келуіне жағдай жасайды.

Бала емізіп жүрген ананың дұрыс тамақтануының маңызы зор. Тәбетінің тартуына қарай ақуызы, майы, көмірсуы, минералды тұздары мен дәрумендері мол әр алуан тамақтар ішуі тиіс.

Емшек сүті қайдан және қалай пайда болады? Әйел босанғаннан кейін сүт емшек бездерінде қан арқылы келген қоректік заттардан түзіледі. Алдымен уыз пайда болып, ол бірте-бірте сұйылып, сүтке айналады. Ішкен тамақтың түрлеріне байланысты сүтте әр түрлі дәрумендер мен баланы жұқпалы аурулардан қорғайтын заттар болады. Яғни, сүттің құрамы ананың ішіп-жеген тамағына байланысты. Сондықтан, бала емізіп жүрген әйел жеміс-жидектерді көбірек жеуі керек, себебі оларда баланың жақсы өсіп-жетіліуіне қажетті дәрумендер мол. Ана сонымен бірге сұйық тағамдарды - сүт, айран, сүт қатқан шай, шырындарды көп ішуі керек. Ал май мен жұмыртқаны аз жегені жөн (олар ағзадағы зат алмасу процесін бұзуы мүмкін). Емшектегі баласы бар ананың арақ–шарап ішуіне болмайды. Себебі, арақ ана ағзасына ғана зиянын тигізіп қоймай, сонымен қатар емшек сүті арқылы сәби ағзасын да бұзады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 3180 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...