Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мал шаруашылығында алғашқы, талдамалық және жиынтық есепті ұйымдастыру



Мал шаруашылығы саласындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін әртүрлі алғашқы құжаттар қолданылады. Соның ішінде материалдар шығыны, еңбек ақы шығыны, негізгі құралдарды пайдалану, алынған өнімді кірістеу бойынша және т.б. мақсаттағы алғашқы құжаттар.

Мал шаруашылығында материалдық шығындарға негізінен мал азығы жатады. Сондықтан бөлімшелердегі азық шығынының алғашқы есебі «Азық шығынының ведомостісінде» жүргізіледі. Бұл ведомості кешенді жинақтаушы құжат болып саналады, оның негізінде қоймаданы немесе сақтау орындарынан азық жөнелтіледі және олар тиісті есеп объектілері бойынша шығысқа апарылады. Бөлімшелер бойынша азық шығынының жиынтық есебі «Азық шығыны есебінің журналы» негізінде жүргізіледі. Онда әрбір мал түрі немесе тобы бойынга арнайы бет бөлініп беріледі және әрбір азық түрі бойынша физикалық салмағы, азық бірілігіне ауыстырылған шартты көлемі, сонымен бірге азық-күнінің саны көрсетіледі. Журналдың қорытынды сомаларының негізінде «Азық шығынының жиынтық ведомостісі» дайындалады.

Мал шаруашылыығнда басқа да материалдық құндылықтардың (биопрепараттар, дәрі-дәрмектер, дезинфекциялық құралдар) шығысына шектеп алу карталары, ішкі жүкқағаздары және басқа да шығыс құжаттары толтырылады.

Еңбек ақы шығындары есебін жүргізу үшін негізгі құжат ретінде «Еңбек ақыны есептеу ведомостісі» қолданылады. Мал шаруашылығында жұмысшыларға еңбек ақыны есептеу көпшілік жағдайда алынған өнімге (сүт, тірі салмақ өсімі, төл, жүн және т.б.) байланысты есептеледі. Сондықтан жұмысшыларға еңбек ақыны есептеу кезінде өнім шығымын есепке алып отыратын «Сауылған сүт есебінің журналы», «Төлдерді қабылдау актісі», «Малдарды өлшеу ведомостісі», «Малды топтан топқа ауыстыру актісі» және тағы басқа да алғашқы құжаттар негізге алынады. Осы құжаттардың негізінде мал шаруашылығындағы жұмысшыларға еңбек ақы ұйымда белгіленген еңбек бағалары бойынша есептелінеді.

Мал шаруашылығындағы орындалған жұмыс уақытына қарай еңбек ақы «Жұмыс уақыты есебінің тәбілі» негізінде есептелінеді.

Мал шаруашылығында негізгі құралдардың пайдалануы бойынша шығындар есебі «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге амортизацияны есептеу ведомостісі» бойынша жүргізіледі.

Мал шаруашылығынан алынған өнімдерді кірістеуге байланысты әртүрлі алғашқы есеп құжаттары қолданылады. Солардың ішінде: мал шаруашылығы өнімдерін кірістеу және тірі салмақ өсімі мен төлдерді қабылдау құжаттары деп бөлуге болады.

Алғашқы құжаттардың бірінші тобына: «Сауылған сүт есебінің журналы» - сауылған сүтті қабылдау үшін арналған; «Жүн қырқу және қабылдау актісі» - жүнді кірістеу үшін арналған; «Ауыл шаруашылығы өнімдерін кірістеу күнделігі» - алынған жұмыртқа немесе мал шаруашылығынан алынған басқа да өнімдерді кірістеу үшін арналған құжаттар жатады. Алғашқы құжаттардың екінші тобына: «Төлдерді қабалыдау актісі» - төлді қабылдау үшін; «Малдарды өлшеу ведомостісі» - малдардың салмағын өлшеу үшін арналған алғашқы және басқа да құжат үлгілері жатады.

Мал шаруашылығы өндірісіне жұмсалынған шығындар және алынған өнімдер бойынша алғашқы құжаттардың және есеп тіркемелерінің негізінде «Мал шаруашылығы бойынша өндірістік есеп» дайындалады.

Бұл өндірістік есептің бірінші бөлімінде тиісті мал топтары немесе түрлеріне қарай мал басының орташа саны, адам-сағат өлшемімен еңбек шығыны, азық-күнінің саны, азық шығыны (центнермен, азық бірлігімен) және 8110/2 «Мал шаруашылығы» шотының дебеті және мынадай шоттардың кредиті бойынша көрсетілетін: малдарды азықтандыруға жұмсалынған азық шығыны, жұмсалынған дәрі-дәрмектер мен профилактикалық құралдардың құндары, есептіленген еңбек ақы сомасы, еңбек ақы қорынан есептелінген әлеуметтік сақтандыру сомасы, еңбек ақы қорынан есептелінген әлеуметтік салық сомасы, мал шаруашылығына жұмсалынған отын және энергия, газ шығындары, мал шаруашылығындағы тиісті есеп объектілеріне бөлінген негізгі құралдардың амортизациялық сомасы шығындар жинақталады.

Өндірістік есептің екінші бөлімінде мал шаруашылығынан алынған өнім шығымы көрсетіледі. Онда алынған өнімнің атауы, өлшем бірлігі, көлемі, өзіндік құны және ай ішінде алынған жалпы өнімнің құны көрсетіледі.

Мал шаруашылығы бөлімшелері бойынша белгіленген кезеңде дайындалған өндірістік есептің негізінде ұйымның есеп бөлімінде тексеруден өткеннен кейін, 10 журнал-ордерге, оған тіркелген ведомостіге немесе машинограммаларға жазу жүргізіліп, «Мал шаруашылығы бойынша шығындар мен өнім шығымы есебінің кітабы» жасалады.

Мал шаруашылығындағы шығындар және алынған өнім есебінің жалпы сызбасын төмендегідей тәртіппен көрсетуге болады:


Қарсы тескеру

           
   
   
 


Бас кітап
Қарсы тексеру


2 сызба - Мал шаруашылығындағы шығындар және алынған

өнім есебінің сызбасы

Мал шаруашылығындағы шығындар және өнім шығымы бойынша талдамалық шоттардың жиынтық сомасы 10 журнал-ордерде көрсетілген 8110/2 «Мал шаруашылығы» шотының дебеттік және кредиттік айналымдарының жиынтығымен және Бас кітаптің жиынтық сомасымен сәйкес келуге тиісті.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, мал шаруашылығында барлық шығындар есебі 8110/2 «Мал шаруашылығы» калькуляциялық шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде есепті жыл бойы мал шаруашылығына жұмсалынған барлық тікелей шығындар жинақталады. Есепті жылдың соңында бұл шотқа сонымен қатар негізгі өндіріске көрсетілген көмекші өндіріс қызметінің құны, сондай-ақ мал шаруашылығына тиісті өндірістік үстеме шығыстардың сомасы апарылады. Осындай тәртіппен жылдың соңында 8110/2 «Мал шаруашылығы» калькуляциялық шотында мал шаруашылығына жұмсалынған (мал топтары немесе түрлеріне қарай) барлық шығындардың сомасы жинақталады.

Шоттың кредитінде мал шаруашылығынан алынған негізгі, ілеспе және жанама өнімдердің нақты құндары көрсетіледі.

8110/2 «Мал шаруашылығы» шотының дебеті келесідей шоттардың кредитімен корреспонденцияланады:

3350 «Жұмысшылардың еңбек ақысы бойынша кредиторлық берешектер» - өндіріс жұмысшыларына есептілінген негізгі және қосымша еңбек ақы сомасы;

3210 «Әлеуметтік сақтандыру» - еңбек ақы қорынан есептілінген міндетті әлеуметтік сақтандыру;

3350 «Әлеуметтік салық» - еңбек ақы қорынан есептілінген міндетті әлеуметтік салық сомасы;

3230 «Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер» - мал басын ерікті сақтандыру бойынша төлемдер;

1310/3 «Шикізаттар мен материалдар» - малдарға жұмсалынған дәрі-дәрмектер мен профилактикалық құралдардың шығыны;

1320/1 «Жем-шөп» - малдарды азықтандыруға жұмсаған азық құны;

1350/1 «Отын» - жұмсалынған жанар-жағар майдың құны;

1340 «Аяқталмаған өндіріс» - өткен жылдың бөлінген шығындары;

1620 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» мал шаруашылығына апарылған болашақ кезең шығыстары;

8310 «Көмекші өндіріс» - мал шаруашылығы үшін жүк таситын автокөліктердің, жөндеу шеберханалары мен қосалқы өндірістердің (бумен, сумен, энергиямен, газбен қамтамасыз ету) машина-трактор паркінің көрсеткен қызметтерінің құны;

8410 «Үстеме шығыстар» - мал шаруашылығындағы шығын есебінің объектілеріне апарылған (бөлінген) негізгі құралдардың амортизациясы мен жөндеу шығындары; басқа да өндірістік үстеме шығыстар;

3310 «Жабдықтаушы және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» - мал шаруашылығы үшін жабдықтаушылар және мердігерлердің көрсеткен қызметтерінің құны.

8110/2 «Мал шаруашылығы» шотының кредиті келесідей шоттардың дебетімен корреспонденцияланады:

1320/2 «Дайын өнім» - мал шаруашылығы өндірісінен алынған төлдің, жүннің, тірі салмақ өсімінің құны;

1340 «Аяқталмаған өндіріс» - есепті жылы анықтаған мал шаруашылығы бойынша аяқталмаған өндірістің құны.

Табиғи апаттардың салдарынан мал шаруашылығындағы зиян (мал басының өлімі) сомасы 5610 «Қорытынды пайда немесе зиян» шотының дебетіне 7470 «Өзге де шығыстар» шотының кредитінен тікелей апарылады. Мал басын ерікті сақтандырып, сақтандыру оқиғасы болған жағдайда алынған сақтандыру төлемдері 6280 «Өзге де кірістер» шотының кредитіне апарылады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1614 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...