Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Биологиялық алуан түрлілік – популяциялар, биоценоздар мен экожүйелердің тұрақтылығының шарты



Табиғатта абсолютті түрде ұқсас даралар, популяциялар, түрлер мен экожүйелер болмайды. Тіпті бір жұмыртқадан дамыған егіздердің өзі бір-бірінен ерекшеленеді. Сондықтан жер бетіндегі түрлердің саны өте көп, бұл алуантүрлілік адамзат ақылына сыйлайтын жұмбақ және еш уақытта таусылмайтындай көрінеді.

Жеке түрлер адамның кінәсінен жойыла бастағанда, алғашқыда оған көңіл аударылмады. Себебі палеонтология көрсеткендей, табиғаттағы көптеген түрлердің жойылып біту процестері байқалып отырған.

Бірақ қазіргі уақытта тіршіліктің алуантүрлілігінің кедейленуі адамзаттың іс-әрекеті нәтижесінде үлкен жылдамдықпен жүріп отыр. Орасан зор территорияларды таза тұқымды, тұқым қуалау қасиеттері біртекті аздаған мәдени өсімдіктер алып жатыр. Табиғи экожүйелер бұзылып, мәдени ландшафтпен ауыстырылуда, практикалық жағынан да биологиялық алуантүрліліктің биологиялық маңызын түсіндірудің маңызы зор.

Табиғи бірлестіктер бактериялардан бастап ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан ағаштар мен тірі жануарларға дейін жүздеген және мыңдаған түрлерден құралуы мүмкін. Түрлік алуантүрліліктің жоғары болуы осы күрделі жүйелердің төмендегі қасиеттерін қамтамасыз етеді.

1. Бөліктерінің өзара бір-бірін толықтыруы. Бірлестіктерде қоршаған орта ресурстарын пайдалануда бір-бірін толықтыратын түрлер бірігіп тіршілік етеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орманда бірінші белдеудің өсімдіктері жарық ағының 70-80%-ын сіңіріп алады. Екінші белдеуде толық жарықтың 10-20%-ы жеткілікті болатын ағаштар мен бұталар өседі, ал шөптесін өсімдіктер мен мүктер жарық ағының бар болғаны жүздеген 1-2 үлесінің өзінде фотосинтез жүргізуге қабілетті. Бір-бірін толықтыра отырып, өсімдіктер күн энергиясын толық пайдаланады.

Осындай толықтырулар әр түрдің өсімдіктерінің топырақ бетінде таралуы, олардың тамыр жүйелерінің орналасуы, минералдық заттарды толық пайдалануы және т.б. көрінеді.

Жануарлардағы «еңбек бөлінісін» әр түрлердің тамақты, тәуліктік және маусымдық белсенділікті, кеңістікте орналасуды пайдалануынан көруге болады.

Түрлердің өзара бір-бірін толықтыруы, яғни органикалық затты жасушалар мен ыдыратушылар, биологиялық зат алмасулардың негізінде жатыр.

2. Түрлердің бір-бірін ауыстыруы. Биоценоздың кез-келген түрін басқа экологиялық талаптары мен функциялары ұқсас түрлермен алмастыруға болады. Мысалы, қылқан жапырақты ормандағы шыршаның және самырсынның әр түрлі түрлері немесе әр түрлі шалғындықтағы тозаңдандырушы – бунақденелілер.

Көптеген түрлердің экологиялық орны ұқсас болғандықтан қандай да бір түрдің кемуі немесе жойылуы экожүйе үшін қауіпті емес.

Түрлердің бір-бірін ауыстыруы табиғат жағдайларының үнемі өзгеріп отыруынан болады. Мысалы, шалғындықтарда ылғалды жылдары қысқа, ал құрғақшылық жылы – ұзын тамырлы өсімдіктер басым болады.

3. Реттеушілік қасиеті. өздігінен реттелуге қабілеттілік – күрделі жүйелердің өмір сүруінің негізгі шарты. Өдігінен реттелу кері байланыстар негізінде пайда болады. Теріс кері байланыс принципі дегеніміз – жүйенің қалыпты күйден ауытқуы, оны қалыпты күйге қайтаруға бағытталған күштерді іске қосады. Бұл принцип биоценоздардағы популяция ішілік және түраралық қарым-қатынастардан көрінеді. Жемістердің санының артуы жыртқыштар мен паразиттердің санының артуына алып келеді. Популяцияның тығыздығының бәлгілі бір деңгейден артып кетуі, түрдің ішкі байланыстарын өзгертеді, яғни көбею қабілеті төмендейді немесе кеңістікте даралардың таралуы күшейеді.

Биоценозда түрлердің алуантүрлілігі артқан сайын популяциялар құрылымы күрделенген сайын олардың өздігінен реттелуі жақсы жүреді.

4. Функцияларды қамтамасыз етудің сенімділігі.

Биоценоздың экожүйедегі негізгі қызметі – органикалық затты жасау, оны ыдырату және түрлердің санын реттеу болып табылады. Бұл функцияны көптеген бір-бірін сақтандырушы түрлер қамтамасыз етеді. Мысалы, бунақденелілердің санын көптеген әр түрлі тамақпен қоректенетін жыртқыштар, одан артып кеткенде – арнайы паразиттер, өте жоғары болғанда – инфекциялық ауруларды туғызушылар немесе бәсекелестік қатынастар мен популяция ішілік өзара әсерлердің күшеюі реттеп отырады.

Өсімдік ұлпаларындағы күрделі және берік компонент – целлюлозаны ыдыратуды маманданған бактериялар, әр түрлі зең саңырауқұлақтары, ұсақ топырақ кенелері – сапрофагтар, бунақденелілердің дернәсілдері, жауынқұрттары және басқа да ішінде бұл процеске қажет ферменттері бар жануарлар да жүзеге асыра алады.

Экожүйелердегі түрлердің алуантүрлілігі олардың тіршілік қызметінің сенімділігін қамтамасыз етеді.

Биологиялық алуантүрлілік – Жердегі тіршіліктің тұрақтылығының басты шарты. Осы алуантүрлілікке байланысты Жердегі тіршілік миллиардтаған жылдар бойы сақталып келеді.

Геологиялық тарихтың қиын кезеңдерінде көптеген түрлер жойылып, алуан түрлілік төмендеген, бірақ материктер мен мұхиттардың экожүйелері бұл апаттарды басынан өткізді. өмір жалғасып отырды. Жаңа түрлер пайда болды және олар энергия айналымдағы жойылған түрлердің орнын басып отырды.

Сондықтан табиғи антропогенді жүйелердің тұрақтылығына нұқсан келтіретін биологиялық алуантүрліліктің төмендеуіне жол бермеу керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Популяциялардың макрожүйелерге бірігуі – бірлестіктер немесе биоценоздар түзілуі.

2. Тірі ағзалардың қоректену типтері мен энергия өзгерту механизмдері.

3. Экожүйенің трофтық құрылымы.

Әдибиеттер:





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 9413 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...