Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі



Жоспары:

1. Педагогика ғылымының қайраткерлері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинскийдің балалар ұжымы және оның тәрбиелік қызметі туралы пікірлері.

2. Жеке тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру және оны дамытуда ұжымның маңызы.

3. Оқушылар ұжымына басшылық жасау, олардың қалыптасу және даму кезеңдері.

Негізгі әдебиеттер:

1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.

2. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

3. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

4. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

5. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

Қосымша әдебиеттер:

1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.

2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.

3. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999.

Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.

Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жан – жақты тәрбиенің теориясы мен практикасының негізгі, жетекші проблемалары ретінде қарайды.

Тәрбие теориясының негізгі бір принципі – «ұжымда ұжым үшін, ұжым арқлы тәрбиелеу» деп анықталған. Тәрбиенің ең негізгі құралы мектеп ұжым, ол – ортақ мақсатпен, іс - әрекетпен, гуманистік қарым – қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы. Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. Ол заңдылықтар адамның шынқарыштап дамуының бірден — бір көзі — адамдар арасындағы өзара қатынастарды ұжым негізінде құру болады деген дұрыс ұғымға негізделген. Ұжым проблемасын бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеуміттік ғылымдар саласында «ұжым» ұғымы ең бір маңызды категория болып есептеледі. Әлеуметтік психология адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасының барысын анықтайды. Сонымен қатар педагогиканың негізгі категориясы — тәрбиленуші ұжым, ол ұжымның ерекше типі - өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан ұжым және оның проблемасы, әлеуметтік, күрделі әрі маңызды проблема болған және болып келеді. Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш – қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тимді құралы. Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді. А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды. Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым – қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс - әрекетінің формалары мен әдістері, өзін - өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б. А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс - әрекеті, қарым – қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды. АС.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды. Ұжым адамдарда жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі. Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері -ұйымдастырушылары болады. Әрбір ұжым — бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы ұжым — бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым — бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі, Мысалы, контактылы ұжым — бұл студенттер тобы, негізгі ұжым — факультет т.б. Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс - әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс - әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың «Коллектившілдерді тәрбиелеу” атты еңбегінде қарастырылған.

Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс -әрекетімен сипатталатын адамдар тобы. В.А.Сухомлинский балалар ұжыммын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть коллектива», «Коллективтің құдіретті күші» т.б баяндалды. ВА.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым – қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым – қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым – қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.

Біздің елмізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы — бұл іс - әрекеттермен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі. Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтары пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, сексиялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды. Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс - әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара –қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс - әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез – құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін. Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн: ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау; ұжым іс - әрекетінің дамуы; жеке адам арасындағы қарым – қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы; барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі;

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс - әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезенде ұжым өзін - өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс - әрекеттерін бақылау т.б.

Мұғалімнің қызметі — коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш қуатын нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең – бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір — біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.

Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: «Дұрыс тәрбиелеудің бірден – бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы — жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады.» — деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.

Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады. Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс - әрекетті тывдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру. Оқушылар ұжымы іс - әрекеттің әртүрлі саласында қалыптасады.(еңбекте, ойында, оқуда т.б). Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі — талаптың бір — бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын — ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары жәнесенімді, дәйекті болуы өзделінеді. А.С.Макаренко талап қоюдыең алғашқы кездесуді жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы,нәтижелі екенін көрсетті.

А.С.Макаренко: «Өз тәжірибесінде мен өзімнің тәрбиеленушілеріме толық кең түрде, ешқандай жеңілдіксіз талап қойып та отырдым және мүлтіксіз, айқын, тікелей, үзілді — кесілді талап қою педагогиканың дұрыс заңы болуға тиісті деп санаймын» деген. Белсенділер тобын іріктеп алып жұмыс жүргізу мұғалім, мектеп талабын іске асырудың негізгі мақсаты, іс - әрекетті ұжымның өміріне пайдаланудың басты жолы болып есептеледі. А.С.Макаренко ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан ең алдыңғы топ — мықты активтің рөліне үлкен мән берген, активті ол педагогтардың ең жақьш тірегі ретінде қараған. Белсенділер дегеніміз балалар мекемесіндегі пайдалы және қажетті резерв, бұл ұжымдағы ұрпақтардың орнын басады, коллективтің стилін, бейнесі мен дәстүрін сақтайды. Өсіп келе жатқан актив қоғамдық жұмыста оқу бітіріп кеткен тәрбиелеушілердің орнын басады, сөйтіп мекеменің біртұтастығы қамтамасыз етіледі. Қазіргі мектеп ұжымы бір — бірімен тығыз байланысты болатын екі ұжымның – педагогтар және оқушылар ұжымдарының құрамынан тұрады. Тұтас педагогикалық процесс барысында бұл ұжымдардың өзара байланысты әрі сабақтастық қызметі атқарылады. Қазіргі жағдайда педагогикалық ұжымның негізгі міндеттері қоғамның мектеп алдына қойып отырған әлеуметтік талаптарына байланысты күрделеніп отыр. Педагогикалық ұжымның ең негізгі тәрбиелік міндеттеріне мыналар жатады:

оқушыларды қайта құру ісіне белсенді қатысуға, негізгі әлеуметтік қызметтерді жауапкершілікпен орындау үшін мақсаттылыққа тәрбиелеу; оқушылардың рухани қажеттілігін және творчестволық қабілеттерін, интеллектуальдық потенциалын айқындау және дамыту; оқушыларды талаптылық пен инициативаға, іскерлік пен саналы тәртіптілікке тәрбиелеу; ұжымды демократияландыру, гуманитарландыру, оқушылардың өзін - өзі басқару принциптерін жүзеге асыру. Педагогиклық ұжымның жоғарыдағы аталған міндеттері оқушылар ұжымымен өзара пікірлестік принципі болғанда ғана орындалады. Оқушылар ұжымы - өте күрделі, өзіндік арнайы құрылысы бар әлеуметтік бірлестік. Жалпы білім беретін орта мектеп жағдайында бірнеше оқушылар ұжымы болады: бастапқы ұжым, жеке – жеке сыныптар, жастар ұйымдары, бүкіл мектептік оқушылар комитеті. Оқушылардың талап — тілектері қызығушылығы мен бейімділігіне, мамандық бағыт — бағдарларына қарай әр салалы оқушылар топтары құрылады.

Оқушылардың өзін - өзі басқаруын дамыту, оқушылардың қоғамдық белсенділігін көтермелеу әрқашан мектептің өзекті міндеттерінің бірі болып келді. Педагогика ғылымының теориясында оқушылардың өзін - өзі басқару проблемасы қоғамдық өзін - өзі басқарудың бір түрі ретінде қарастырылып, болашақ ұрпақты өмірге, еңбекке, қоғамдық жұмысқа дайындаудың маңызды жолы болып есептелінеді. Сонымен бірге өзін - өзі басқару проблемасы жайлы білім беретін мектеп жұмысының әртүрлі кезеңдерінде тұтас педагогикалық процесті жолға қоюдың неғұрлым сипатты ерекшеліктерін бейнелейтін өзіндік ерекшелікке ие болып отырды.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 14141 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...