![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
А) пульс минутына 130 рет
В) артериялық қан қысымы с.б. 100/50 мм
С) жүрек түрткісінің сипаттамасы
D) жүрек шекараларының сипаттамасы
Е) аускультация мәліметтері
89. Балалар ауруханасының кардиоревматологиялық бөліміне 5 жасар ұл бала түсті. Қарағанда: жүрек ұшының түрткісі 3-қабырға аралықта, сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 2 см сыртқа естіледі, шашыраңқы, әлсіз, жүректің сол жақ қыры сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан сыртқа 2,5 см шығыңқы. Жоғарғы қыры 2-қабырға, оң жақ қыры төс маңы сызығымен, жүрек тондары бәсеңдеген, жүрек түрткісінде үш жақты ырғақ, жүрек негізінде ұзақ емес орташа қарқынды систолалық шу естіледі. Артериялық қан қысымы с.б. 100/50 мм.
Бұл жағдайда сіздің болжам диагнозыңыз?
А) миокардит
В) эндокардит
С) перикардит
D) жүрек ақауы
Е) ревматизм
90. 10 жастағы ұл бала миокардитке күдіктенумен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде ЖРВИ-мен ауырған.
Андай көрсеткіш жасына сай бағаланады?
А) пульс минутына 196 рет
В) артериялық қан қысымы с.б. 95/60 мм
С) жүректің сол жақ қыры ортаңғы бұғана сызығымен
D) жүрек ұшының түрткісі әлсіз, шашыраңқы
Е) жүрек негізіндегі систолалық шу
91. 7 жасар ұл бала стационарға түсті. Баланың шағымдары: дене қызуының фебрильді жоғарылауы, жүрек тұсының ауыруы, жүректің жиі соғып кетуі. Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, жүрек шекаралары сол жаққа қарай ұлғайған, тахикардия, транзиторлы экстрасистолия, жүрек тондарының бәсеңдеуі, 5-ші нүктеде қарқынды емес, систолалық шу естіледі.
Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 531 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!