Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Студенттің білімін бағалау



Білім алушылардың оқу жетістіктерін барлық бақылау түрлері – үлгерімді ағымдық бақылау және аралық аттестаттау – бойынша бағалау баллдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Кесте №2. Төртбаллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға Сандық эквивалент % мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94 өте жақсы
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84 жақсы
В- 2,67 75-79 жақсы
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
С 2,0 65-69 қанағаттанарлық
С- 1,67 60-64 қанағаттанарлық
D+ 1,33 55-59 қанағаттанарлық
D 1,0 50-54 қанағаттанарлық
F   0-49 0-49 қанағаттанарлықсыз

Білім алушылардың оқудағы жетістіктер деңгейі оның өткізу-рейтингісі мен аралық аттестаттау бағаларынан шығарылатын қорытынды бағамен анықталады. Өткізу рейтингісі білім алушы үлгерімінің ағымдық бақылауының бағалары мен аралық бақылау (академиялық кезеңде 2 аралық бақылау өткізіледі) бағаларының қосындысынан шығарылады.Ағымдық және аралық бақылау нәтижелері бойынша бағаны сабақ жүргізетін оқытушы қояды.

Пән бойынша қорытынды баға ағымдық үлгерім мен қорытынды бақылаудың бағаларының қосындысынан шығарылады. Ағымдық үлгерім бағаның үлесі білім алушының оқу пәнінің бағдарламасын игеру дәрежесінің қорытынды бағасының 60%-нан кем болмайды.Қорытынды бақылау бағасы осы оқу пәні бойынша білімін қорытынды бағалаудың 40%-нан кем болмайды.

Оң қорытынды баға пәнге сәйкес бекітілген кредит сандарымен жалпы меңгерілген кредиттерді толықтыру үшін негіз болады да, білім алушының транскриптіне түсіріледі.

Білім алушы қорытынды бақылау бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді. Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны көтеру мақсатында сол аралық аттестация кезінде қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 512 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...