Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сызбаның түрлері



*Жалпы түр сызбасы (Чертеж общего вида) — құрастырылған бұйымның (машинаның, механизмнің және тағы басқалардың) жұмыс жасау принципін түсінуге, оның құрамына енетін тетіктердің пішіндерін анықтауға мүмкіндік беретін құрылымдық құжат. Жалпы түр сызбасы алғаш ұсынылып отырған жаңа құрасбұйым үшін орындалады. Сызбаны талдаудың және талқылаудың нәтижесінде, машинаны жақсартуға бағытталған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Құрасбұйымның жалпы түр сызбасын тетіктеуге, яғни оның құрамына кіретін әрбір бөлшектің жұмыссызбасын салуға болады.

· Кешендi сызба (Комплексный чертеж) — Монж әдісімен салынған, бір-бірімен проекциялық байланыста орналастырылған тікбұрышты проекциялардың жүйесі.

· Құрастыру сызбасы (Сборочный чертеж) — машинаны немесе механизмді құрастыру және ажырату үшін пайдаланылатын құрылымдық құжат. Онда құрасбұйымның құрамына кіретін бөлшектер нөмірленіп, ал нөмірлер шығару сызықтарының сәкілеріне жазылып көрсетіледі. Құрастыру сызбасында тетіктер және оның элементтері стандарттарда тағайындалған шартты белгілерді, ережелерді ескеріп ықшамдап кескінделеді. Бөлшектердің қалайша бір-бірімен біріктірілгендері немесе жалғастырылғандары көрсетілгенімен, Құрастыру сызбасын пайдаланып, әр тетіктің пішінін және өлшемдерін анықтауға мүмкіндік болмайды.

· Тетiк сызбасы - тетікті жасап шығару үшін қажетті мәліметтер түгелдей көрсетілген конструкторлық құжат; бөлшектің бейнесі мен оның дайындауы мен бақылауына қажетті басқа да мәліметтері бар, негізгі конструкторлық құжат.[3]

Онда тетіктердің кескіндері (көріністер, тіліктер, қималар) сызылады. Кескіндер бөлшектің пішінін анықтауға толық мүмкіндік берулері қажет. Кескіндерге өлшемдер түсіріліп, олардың ауытқу шектері (шақтамасы) тағайындалады. Беттердің кедір-бұдырлығын анықтайтын ақпараттарда болады.

· Габариттік сызба - қойылған және қосылған өлшемдерден тұратын өлшемнің контурлық бейнесінің сызбасы.

· Жұмыс сызбасы - өнімнің шығарылуын бейнелеуден басқа оны дайындау мен бақылау мәліметі бар бөлшектердің сызбасы.





Дата публикования: 2015-01-26; Прочитано: 916 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...