Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады



1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.

Бұл талаптар негізінде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында 1991 жылы 19 тамызда Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов, т. б. қатынасқан мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты.

Қазақстанның атынан Н. Ә. Назарбаев КСРО Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді федерация түрінде болуы мүмкін емес, тек конфедеративтік шарт негізінде болуы керек деп ашық айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкін деп көрсетті. Республикалардың бұл ұсынысы 1991 жылғы 19 тамыздан кейінгі оқиғаның артынша тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады, бұрынғы бірыңғай одақтың орнына тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздері шешетін болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртқы және т. б. аса маңызды халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды. Тамыз уақиғасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы, оның құрамдас бөлігі Қазақстан Компартиясы (1991 ж. Қыркүйек) тарихи аренадан кетті.

Өкілеттіктер республика парламентінің 1991 жылы 20 қарашада қабылдаған «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы бойынша берілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік басқару органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі істер, әділет, Сот органдары қайта құрылды. Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып қызметіне кірісті.

1991ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады.

Республиканың мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.

1992 жылы 3 наурызда Қазақстан біріккен Ұлттар Ұйымына кірді.

Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т. б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1626 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...