Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Билет № 12. Математикалық статистиканың эконометриялық мақсаттары



Ықтималдықтар теориясының негізінде тәжірибе немесе көпшілікті қамтитын кездейсоқ құбылыстардың статистикалық шамалары мен факторларының заңдылықтарын ашу – МС мақсаттары. ЭМ сәйкес МС мақсаты экономикалық процесс пен құбылыстардың статистикалық шамаларын жинап, өңдеп ғылыми және практикалық қорытындылар құру.

Айталық, біртекті экономикалық объектілерді сапалық, сандық көрсеткіштері арқылы зерттеу керек делік. Ол үшін бұл шамалардың үлестірім заңын құру керек болады.

Егер К.Ш. үлестірім заңдылығы белгілі болса, онда

заңдылықтағы параметрлері арқылы керекті бағалау жасауға болар еді. Мысалы, ең көп қолданым табатын нормальдық (қалыпты) үлестірімде

- оқтың нысана көзі десек,

- оқтың шашырау деңгейі.

Бұл параметрлер тәжірибе, бақылау негізінде табылатындығы осы мысалдың өзінен-ақ көрінеді.

Осындай (практикадан) тәжірибеден алынған параметрлерді бағалау - статистиканың үлесіндегі мәселе. Статистика латын тілінде «мән-жәй» (статус) деген мағынаны білдіреді.

Зерттеп бағалауға тиісті біртектес құбылыстар немесе түсініктер жиынын - бас жиын деп атайды. Ал бас жиыннан әртүрлі қасиеттеріне байланысты теріп алынған жиынтық – таңдама (вариация) жиын деп аталады. Таңдама жиын бүкіл үлкен бас жиын туралы дұрыс мәлімет бере алатындай болып құрылады.

Мысалы

- сандық қасиеттері бойынша, айталық бой биіктігіне байланысты;

- сапалық, айталық өте жақсы оқитын студенттің тек жақсы оқитын, орташа, нашар оқитындықтарына байланысты;

- тәртіптелген тізбек бойынша І ранг, ІІ ранг ж.б;

- серия, серияларымен (оптом);

- жыл мезгіліне байланысты;

- әрбір үшінші (механикалық);...

Таңдама жиынды зерттелуге тиісті К.Ш. мәндері десек, әрі қарай ықтималдық теориясына негіздеп үлестірім ж.б. заңдылықтарын табу керек болады.

Статистикалық үлестірімде де балама үлестірімдер бар.

Ауытқу заңдылықтарын зерттеу үшін

- абсалют ауытқу;

- салыстырмалы ауытқу;

- орта квадрат ауытқу;

- дисперсия;

- вариация коэффициенті, ж.б.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 340 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...