Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Эконометрия пәні. Экономисттердің профессионалдық (кәсіптік) деңгейлері экономикалық құбылыстарға анализ жасап



Пәннің мақсаты

Экономисттердің профессионалдық (кәсіптік) деңгейлері экономикалық құбылыстарға анализ жасап, ғылыми негізделген шешім қабылдауда математикалық әдістерді қолдана білуіне көп байланысты. Бірақ математикалық білімді экономикада қолданудың өзіндік (спецификалық) ерекшеліктері бар. Ол экономикалық процестердің құбылмалылығында.

«Эконометрия» пәнін оқытудың мақсаты – микро және макроэкономикалық процестердің модельдерін құрып, оған және алынған қорытындыларына эконометрикалық анализ жасау.

Пәннің міндеттері

Жоғарғы білім алу әлемдік деңгейде болу үшін экономикалық мамандықтарға оқып жүрген студенттер үшін оқу жоспарына Макро-Микроэкономикамен, Математика, Статистикалармен қатар Эконометрияның еңгізілуі.

Негізгі міндеті:

- теориялық алғы шарттарына сүйене отырып экономикалық құбылыстардың (процестердің) эконометриялық модельдерін құрастыра білуі;

- эконометриялық анализ жасау әдістерін меңгере білуі;

- техникалық есептеуін оқып білуі;

- алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі.

Эконометрия пәні

Эконометрия экономикалық байланыстарға сандық сипат беруге арналған жедел дамып келе жатқан ғылым саласы.

Эконометрия терминін кіргізген (1910 ж.) австро-венгриялық бухгалтер П.Цъемпа. Ол шаруашылыққа алгебра мен геометрия әдістерін қолданғанда, қорытындысын тереңірек түсініп ұйымдастыруға болады деп есептеген.

Сөздің өзінің «Экономия» және «метр» деген екі сөзден құрастырылуының өзі Эконометрия пәнінің ерекшелігі – экономикалық құбылыстар мен байланыстарды сандық кескінмен өрнектеуге (өлшеуге) болатынын көрсетеді.

Й. Шумпетер (1883 – 1950) – осы пәннің негізін салушылардың алғашқыларының бірі – атына сәйкес экономикалық теорияда ашылған және негізделген заңдылықтардың сандық кескіні деп есептеген. Ал А.Л. Вайнштейн – советтік ғалым (1892 – 1970) геометрия, планиметрияға ұқсатып, грек сөзі метрияны қосып Эконометрия деп атау керек деп ойлаған. Бірақ әлемдік ғылымда «Эконометрика» деп қалыптасқан. Калай атаса да, Эконометрия – (эконометрика) экономикалық құбылыстарды талдап, өлшеуге арналған ғылым.

Эконометрика ғылымы бірнеше ғылымның қайнап қосылған ерітіндісі тәрізді ғылымаралық пән: ЭМ – эконометрия = ЭТ – экономикалық теория + МЭ – экономикалық математика + МС – математикалық статистика + ж.б. ғылымдар арқылы пайда болған есептеу техникасын да керек ететін ғылым.

1933 ж. Р. Фриш (1895 – 1973) «Эконометрика» журналында Эконометрияға мынадай анықтама берген. «ЭМ – экономикалық статистика да емес, оның көпшілік бөлімдері сандық мінездемелерден тұрса да, ЭТ – да емес, МЭ – экономикалық математика да емес. Бұл ғылымдардың бәрі оның қажетті бөлімі болғанмен жеткілікті шарты бола алмағандықтан, үшеуінің (МЭ, ЭТ, МС) бірлестік құрамы», - деген.

Бірақ, бұл анықтама да Эконометрияны толық анықтай алмайды, өйткені Э.Маленво айтқандай, ЭМ – Экономикалық құбылыстарды зерттеу үшін кезкелген математикалық, статистикалық әдістің қолданылуының көрінісі деген ойда болған.

О. Ланге (1904 – 1965) «Эконометрия – экономикалық өмірде кездесетін нақты сандық байланыстар. Ал ол байланыстарды зерттеп, экономикалық өлшем беру үшін математикалық, статистикалық әдістер қолдану» – басым шарты деп есептеген.

Бұл жұмыстың да мазмұны осыған негізделген.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 542 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...