Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алгоритм тиімділігі дегеніміз не?



Алгоритм қандай да бір машинада командалардың жинағы түрінде орындалады. Бір есепті орындауға арналған екі немесе бірнеше алгоритмдердің орындалу жылдамдығын салыстыру үшін қолданылатын критерий (өлшем) жүйелік тиімділік деп аталады. Бір компьютерде бірдей деректер жинағымен бұл алгоритмдерді орындату арқылы олардың орындалуына кеткен салыстырмалы уақытты анықтауға болады.Ол үшін ішкі жүйелік сағат қолданылады.

Ішкі жүйелік сағатты қолданып уақытты бағалау бұл бір ғана есептің орындалуына арналған алгоритмдердің әрқайсысының жүйелік тиімділігінің өлшемі болады.

Кейбір алгоритмдердің орындалуында жадқа қойылған шектеулер проблема тудырады. Орындалу барысында ұзақ уақыт сақтау үшін бастапқы көлемді қысу қажет болады. Қандай да бір алгоритм пайдаланатын ішкі жадтың салыстырмалы санының өлшемі — бұл кеңістіктің тиімділігі (space efficiency). Бұл критерий алгоритмді қандай типті компьютер орындай алатынын және алгоритмнің толық жүйелік тиімділігін көрсетеді. Жаңа компьютерлік жүйелердің жадтарының көлемінің ұлғаюна байланысты бұл критерий маңызды болмай қалды.

Үшінші тиімділік критерийі — бұл есептеу тиімділігі (computational efficiency), ол алгоритмнің ішкі құрылымын қарастырады, оның жасалуын және алгоритмде қолданылатын итерациялар мен меншіктеу операторларын салыстыратын тесттердің санын да талдайды. Бұл өлшем типі нақты компьютерге тәуелсіз және бұл критерий алгоритмнің есептелу күрделілігін n-ге, яғни коллекциядағы деректер элементеріне қатысты өлшейді.

Тізімдер мен бұтақтар сияқты коллекциялардың жалпы кластарының деректерін өңдеу үшін алгоритмнің тиімділігінің өлшемі ретінде салыстыру қолданылады.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 1812 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...