![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Қатерлі ісікті иммунотерапиясының ішіндегі айқын бір әдіс иммун жүйесінің арнайы стимуляциясына негізделген.
1. Лимфокин арқылы активтелген аутологиялық Т-лимфоциттер/киллерлер колданылады. Ол үшін науқастың лимфоциттерін организмнен тіс ИЛ-2 ж.т.б. цитокендермен активтейді.
2. Басқа бығытта – ісікке қарсы вакцинаны жасау. Осы үшін дендритті клеткаларды ісікті арнайы антигендерімен байланыстырады немесе оларға осы антигендерді кодтайтын ДНК-ны еңгізеді.
3. СД8 Т-клеткалардың цитотоксикалық әсерін күшейту әдісі ісікті клеткалардың геномына, цитокиндерді кодтайтын ДНК-ның бөлігін енгізуіне негізделеді
Сонымен қатар онкологиялық аурулардың иммунотерапиясында фармакологиялық препараттармен, токсиндермен жэне радиозаттармен коньюгацияланған моноклоналды антигендер қолданылады.
Ісікке қарсы иммунитетті құрудың басқа әдісі иммунды жауапты антигендер арқылы арнайы емес стимуляциясына негізделген. Әдетте, стимуляторлар макрофагтарға әсер етеді. Осы топтар ішіндегі препараттарға БЦЖ вакцинасы жатады. Вакцинаны ісіктер ішіне енгізу, ісіктің толық регрессиясын шақырады немесе ісіктің өсуін тежейді. Клиникада меланоманы емдеу кезінде БЦЖ қолдану белгілі жетістіктерге әкелді. СД8 Т-клеткаларының цитотоксикалық эффекторларға дейін пісіп жетілуі пептид+МНС І класс молекула комплексін танудан басқа антиген танушы клеткалардың В7 космтимуляторы әсерінен тұрады. Иммунотерапияда ИНФ-гамма, ИЛ2, ФНО қолданылады.
Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 1472 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
