Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ОРЫТЫНДЫ. Зерттеу барысында алынған тұжырымдар



Зерттеу барысында алынған тұжырымдар:

- Патша өкіметі азаттық көтерілістер мен толқуларды негізінен қазақ даласында кездестіргені және бұл процесс олардың Орталық Азия елдеріне қарай жылжуына тосқауыл жасағаны айқындалады;

- Көтеріліс жеңіліс тапқанмен, кейінгі өткен кезеңде оның тарихы әр қы­рынан зерттелді. Оның шығу себептері, сипаты мен қозғаушы күштері жөнінде, негізгі ошақтары туралы, ел тарихын­дағы осы айтулы оқиғаның тарихи маңызы ха­қында ондаған, жүздеген ғылыми ең­бектер жазылды. Көтеріліс тақырыбына, оны ұйымдастырып, бас­қаруда ерекше көзге түскен тұлғаларға арналған көркем шығармалар да баршылық;

- осы тақырыпқа тіке­лей қатысы бар жекелеген мәселелер әлі де болса жан-жақты әрі терең зерттелген жоқ. Атап айтқанда, бірін­шіден, 1916 жылғы шілде жарлығына сәйкес майданның тыл жұмысына алынған мыңдаған адамдардың майдан шебіндегі атқарған жұмыстары, оларға жан-жақты көмек беруге ұмтылған Әли­хан Бөкейхановтың төңірегіне топтас­қан ұлттық-демократиялық интелли­генция өкілдерінің іс-әрекеттері, майдан шебінен 1917 жылғы көктем-жаз айларында елге оралған тыл жұмы­сында болғандардың Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне қандай дең­гейде араласқандығы сынды мәселелер арнайы зерттеуді қажет етеді;

- көтерілісті аяусыз басып-жаншу кезінде Қытай ауып кеткен бос­қындар тарихы жөнінде де осыны айту­ға болады. Бір ғана Жетісудан 1916 жы­лы 300 мыңдай қазақ және қырғыз ха­лықтарының өкілдері Қытай ауып кетті деп жүрміз. Олардың қаншасы Қытай­дың батыс өңірін мекендеп қалды? Жат жердегі олардың жағдайы қандай бол­ды, қаншасы 1917 жылдан кейін елге оралды деген сұрақтарға әлі де толық жауап берілген жоқ. Ғылыми әдебиетте бұл жөнінде әр түрлі мәліметтер келті­рі­леді. Мұхаметжан Тынышпаевтың бұл сұрақтарға берген жауабы шындыққа жақын болғанымен, олар кей жағдайда осы тақырыпқа қалам тартқан Ә.Бөкейханов, О.Жандо­сов, т.б. авторлар мәліметтеріне дәл келе бермейді.

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Қазақ тарихы» 2004ж. №1 87 бет

2. С. Кэреу. Кеңес империясы. Орта Азия түріктері және сталинизм 90 бет.

3. «Қазақ тарихы» 2004ж. №1 92 бет

4.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3-том 639,647 беттер

5.Қозыбаев М.Қ. Қаһарлы 1916жыл (Құжаттар мен материалдар жиынтығы) Алматы. «Қазақстан», 1998ж. 163, 148-150 беттер





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 520 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...