Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Коммерциялық банктер және банк қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері



дәріс. Коммерциялық банктер және банк қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері

1.Банктің мәні және даму тарихы

2. Банк қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері

1.Банктің мәні және даму тарихы

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурыз-да қабылданған "ҚР Үлттық банкі" және 1995 жылдың 31 тамызында қа-былданған "ҚР-ғы банктер жэне банктік қызмет туралы" ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін немесе екін-ші деңгейдегі банктерді білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды жэне жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни отандық банктік жүйенің небары 15 жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы он жылдағы сандық құрамы кестеде берілген.

ҚР-ғы коммерциялык банктердің сандық құрамы құрамы кезеңнің басына
Банктер түрлері 01.1996 ж. 01.1997 ж. 01.1998 ж. 01.1999 ж. 01.2000 ж. 01.2001 ж. 01.2002 ж. 01.2003 ж. 01. 2004 ж. 01.2005 ж. 01.2006 ж.
Екінші деңгейдегі банктердің барлығы:                      
соның ішінде:                      
Мемлекеттік                      
Мемлекетаралық               _ _ _ _
Шетел капиталының қатысуымен                      
Еншілес банктёр                      
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың сандық жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бүл құбылысты, олардың интенсивттік немесе сапалык өсуімен байланыстыруғаболады.

Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда нарық талабына сай реформалық процестерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарын тез сезетін салыстырмалы дербестілігі бар ақша секторы. Банктер жүйесінің инфляциялық процестерді тежеуде есеп айырысуды ұйымдастыруда шаруашылық субъектілерінің инвестициялық қызметтерін ынталандыруда және ақша айналымын реттеуде атқаратын рөлі арта түсуде. Қазіргі кездегі банктер клиенттерге әртүрлі қызмет түрлерін көрсететін шаруашылық субъектілерімен үзеңгілес ерекше кәсіпорын.

2. Банк қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері

1995 жылдың 31 тамызында кабылданған "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

1) Банк ашуга рұқсат алу;

2) Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

3) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.

Аталған заңға сэйкес, банкті заңды және жеке түлға ашуға кұқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

• рүқсат алу үшін беретін өтініші;

• қүрылтайшылар Келісім шарты (түп нұсқа);

• банктің жарғысы (түп нұсқа);

• банк жарғысын кабылдау жэне банк органын сайлау туралы хаттама;

• қүрылтайшылар туралы мәліметтер;

• қүрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балан-сы (заңды түлғалар үшін);

• қүрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қо-

рытынды;

• егер бір немесе одан да көп кұрылтайшылары ҚР-ның резиденті бол-маса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе

қадағалау органынан жазбаша келісім кажет;

егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде кайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтай-шылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балан-сы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

• банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын түлғалар туралы мэліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк

жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің

кемінде - бір жылдық еңбек тэжірибесі болуы жэне т.с.с;

• жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу кұрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

• жаңадан кұрылатын банктің ішкі аудит кызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

• жаңадан қүрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

• жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қар-жылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық

(операциондық) үш жылға арналған пайда жэне зиян туралы есебі,

маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурс-тарын қалыптастыру жоспары;

• тапсырылған бизнес-жоспарына сэйкес дайындық шаралары туралы ; құрылтайшылардың есебі;

• нотариалды түрде куэландырылған, кұрылтайшылардың атынан өті-ніш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;

• баска банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мэліметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.

Қаржылық қадағалау агенттігі банк ашуға рүқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.

Екінші кезеңде, жаңадан құралатын банк Қаржылық қадағалау агенттігі рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық қадағалау агенттігінің банк ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде, банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық кадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға

ттс:

- ұйымдастырушылық-гпехникалық шараларды орындау, оның ішін-де: ¥лттык банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және

кұрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар кызметкерлерді кабылдау;

- жарияланган жаршпъщ капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орын-дағандығьн растайтын кұжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уакыттан бастап, бір ай ішінде Қаржылық қадағалау агенттігі қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді жэне онда банктің жүргізетін барлық операциялар

тізімі көрсетіледі.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

- брокерлік - мемлекеттің бағалы кағаздарымен;

- дилерлік - мемлекеттің жэне өзге де бағалы қағаздармен;

- кастодиандық;

- клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Қаржылық қадағалау агенттігінен жеке-леген жэне кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көр-сетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға қүқылы жэне өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды түлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сэйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Қаржылық кд-дағалау агенттігінің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай кұжаттарды тапсырады:

- Филиал ашуға рұксат алу өтініші;

- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы

ереже;

- Бірінші жетекші жэне бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы

мәліметтер. Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.

Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғ-ни банктің тапсырмасымен жэне оның атынан эрекет ететін банктің ор-наласқан жерінен тыс орналасқан, заңды түлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімідесі.

Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімімен ашыла-ды. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсы-рады:

-өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;

- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылык құжаттары;./>:•■

- ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;

- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған ли-цензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қада-

ғалау органының жазбаша расталымы;

- аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдык есебі;

- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы емес-тігін куэландыратын сол мемлекеттегі банктік кадағалау органының жазбаша хабарламасы;

- өкілдікте жүмыс жасайтын қызметкерлердің саны жэне жетекшісі туралы мэліметтер.

Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі жэне өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды түлға.

Есеп айырысу-кассалык бөлімі (жинақ кассасы)- ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мэртебесі жоқ, заңды тұлға емес, ҚР Қаржылық қадағалау агент-тігінің келісімі негізінде кұрылатын банктің аумақтық бөлімшесі

Дәріс - №2

Тақырып № 3. Қаржылық қадағалау агенттігінің банкті ашуға рұқсат беру және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі. Банктерді тарату.

2004 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР екінші деңгейдегі банктері қаржы нарыгын жэне қаржылың ұйымдарды реттеу және қадғалау жөніндегі ҚР Агенттігінің (Қаржылық қадағалау агенттігі) лицензиясынегізінде қызмет етеді.

ҚР-да банкті ашуға рұқсат және лицензия беруші ресми орган – ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі. Банк операциялармен айналасуға лицензия беру үшін ҚҚА талап.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар жэне онда коммерциялык банктердің айналысатын кызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияныц дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:

- банк тарпынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;

- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мэліметтердің болуы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;

- банк заңдылықтарында, сол сиякты жарғысында көрсетілмеген опе-рацияларды жүзеге асыруы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жа-рияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі;

Қазақстандық тэжірибеде басқа дамыған шетелдік тэжірибелер сияқ-ты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылуқ төленген капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сэйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық кордың 50%-дан кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды бағалылықтар мен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50%-ға жуығы жыл бойына салынуға тиіс.

Жарияланған жарғылық қордың 50%-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық бағалықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрупіы акционерлердің жалпы-жиналысындағы акті бойынша қабылданады.

Тақырып №4. ҚР-да банктер қызметтерінің құқықтық негіздері

Банк қызыметін құқықтық реттеу. Банктердің қызметі Конститутциямен және Қазақстан Респуликасының заңдарымен, Қазақстан Респуликасымен түзілген халқаралық келісім шарттармен (келісімдермен), сондай-ақ ресми органдар мен Ұлттық банк құзірітіне жататын, заңнамалық актілерді және Қазақстан Респупликасы Президентінің үкімдерін орындауға бағытталған, нормативті актілер шығарылыдарымен реттеледі.

Банктер мен мемлекеттің жауапкершілігін ажырату. Банктедің дербестігі. 1. Банктер мемлекеттің міндеттемелеріне жауапты емес, сонысем қатар мемлекет банкиердің мідеттемелеріне жауапты емес, тек заңда өрсетілген жағдайда, сондай-ақ, банктер мен мемлекет өздеріне жаупкершілік алған жағдайда болмаса.

2. Қазақ Респуликасының резиденттерімен – мемлекетаралық банктермен қабылданған депизиттердің сақталуына мемлекет кепілдік етеді, және олардың міндеттемелеріне банктің жарғылық капиталындағы бөлігімен Қазақстан Үкіметі жауап береді.

3. Қазақстан Республикасының заңламаларында көрсетілген жағдайлардан өзге жағдайларда, қай түрде болмасын үкімет органдары және олардың лауазымды қызыметкерлеріне банктердің қызыметіне арласуға тиым салынған

Бактердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және кредторлардың мүддесін қорғау үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келіп, өкілетті орган қолданылымдағы банктік заңдамаларға сәйкес, банк капиталы көлемінің теріс көрсеткіші үшін, санкциялар қолдану арқылы, акционерлердің құқығы мен міндеттерін шектеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Дәріс - №3

Тақырып № 5. Банктік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялар.

1. ҚР-ғы ЕДБ ресурстарының құрылымы және құрамы, пассивтік операциялардың жүзеге асу формалары.

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос акшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың эр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік опе-рациялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

"Банк ресурстары" термині "несиелік ресурсы" терминіне қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының қүрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялык банктер кызметінің тұрақ-тылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі жэне мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг жэне басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай каражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар жэне бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. ¥лттык (орталық) банкіміз "банктердің банкі" болып табылатындықтан, коммерциялық банктер ре-сурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кэсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға жэне халыққа сатып отырады.

Тақырып № 5 /1. Пассивтік операциялардың негізгі түрлері.

2. Банк ресурстары— бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптсақан және барльқ активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға базытталатын банктің меншікті және тартылган қаражаттарының

жиынтыгы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар катарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік коры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: ¥лттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы кара-жаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операция-ларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды қүндылықтар

жатады.

Коммерциялық банктер ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, эмбебаптығы жэне қызметінің ерекшеліктеріне кадрай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1) Банктің меншікті капиталы.

2) Банктің заемдьщ және тартылган қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлык қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуык бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді. 2004 жылдың 1 қаңтарына берілген мәліметтер бойынша Қазакстандық екінші деңгейдегі банктердің пассивтері, олардың құрылымы. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау жэне реттеу жөніндегі ҚР агентігінің есептік материалдарынан, банктердің пассивтерінің өсуіне міндеттемелердің артуы, соның ішінде депозитік базаның өсуі ықпал етуде. 2003 жыл бойына екінші денгейдегі банктердің міндеттемелерінің сомасы 480,9 млрд теңге немесе 47,6% өскен. Депозиттердің құрылымында салымдарды кепілдендіру жүйесіне мүше-банктерде орналасқан жеке тү_л-ғалардың салымдары 341,5 млрд теңгені құрады немесе бұл көрсеткіш 2003 жылдың 1 каңтарымен салыстырғанда 42,4% жоғары. 2004 жылдың 1 каңтарына екінші деңгейдегі банктердің жиынтық меншікті капиталының мөлшері 44,9% өсіп, 233,6 млрд теңгені қүрады.

Тақырып №6. Банктің меншікті капиталын басқару.

1. Банктің меншікті капиталының құралу көздері. Меншікті капиталдың құрамдас бөліктері, жарғы капиталы және акционерлік капитал; үлестірілмеген пайда, т.б.

Банктің меншікті капиталы- банктіц қаржылық тұрақтылыгын, коммерциялық және шаруашылыц қызметін қамтамасыз ету үшін қү-рылган банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты агымдагы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардагы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту максатына жэне банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялык банктердің меншікті капиталы мына-дай баптар құрайды

- жаргылық капитал;

- резервтік капитал;

- қосымша капиталдар;

банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылган қорлар (резервтер);

- бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жаршлық капитапы банктің заңды түлға ретінде міндетті түрде құрылуын жэне өмір сүруінің экономикалық негізін қүрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан ¥лттык банктердің пру-денциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капи-талы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сома-сынан түрады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ү_йымдық фор-маларда қүрыла алады:

• акционерлік банк формасында;

• пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік форма-сында;

Пай қосу арқылы қүрылған банктің жарғылық капиталы қү_рылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қос-қан жарналары жэне пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын үлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бүрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.

Меншікті капиталдың қүрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен қүрылған банктің жарғыльщ капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан қүралады. Акцио-нерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куэландыратын жэне дивиденд алуға жэне банкті басқару ісіне араласуға қүдық беретін бағалы қағаз.

Тақырып №6/1.

А кционерлік капитал туралы ұғым, оны басқарудың құқықытық негізі.

2.Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы қүрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын жэне т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер қүрылды. Сонымен катар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары ¥лттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жүмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің түрақтылығы соғүрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда түрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы калдығын үнемі ықшамдауга үмтылады.

Дәріс - №4

Тақырып №7. Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару.

Банк ресурстарының қүрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дөәтүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлык тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

- депозиттік қаражаттар;

- депозиттік емес тартылган қаражаттар

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит - бұл клиенгптердің (жеке және заңды түлгалардың) банктегі белгілі бір шотқа салган және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар- бүл банктің алган қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті багалы қагаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Банктің депозиттік операциялары

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі бір уақытқа және пайыз төлеу шарты бойынша тар-тумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын калыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тэжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозит-тік емес ресурстар шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарыньң сүранысын қанағаттандыруға және олардың кдражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

- талап етілетін депозиттер;

- мерзімді депозиттер;

- жинақ салъмдары;

- багалы қагаздар түріндегі (депозитік және жинақ сертификатт-ры) депозиттер

Тақырып №8. Банк ресурстарын қалыптастыруға байланысты тәуекелдерді басқару.

Тартылған қаражатарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді.

Банктің депозиттік саясаты депозиттік операцияларға байланысты туындайтын тәуекелдерді басқаруға аса мән береді.

Депозиттік саясаттың міндеті: банк балансының өтімділігін сақтау; ең төменгі шығынды ресурстар тарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету. •;

Депозиттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал ететін факторларды екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. Бірінші, клиенттің тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалык қатынастар субъектілерінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағрафиялық жағ-дайы, үлттық дәстүрлер, элеуметтік топтың ерекшеліктері, соның ішінде жасы, олардың рухани, саяси, элеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі, мамандығы, табысының деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы, салымдарды сақтандыру жүйесінің дамуы және т.б. жатады. Ал банктің тұрғысынан алсақ, ондай факторларға мыналар жатады: бәсекелестік деңгейі, банктік қызмет түрлерінің даму қарқыны, "бәрі клиенттер үшін" деген саясат, банктік қызметтердің сапасы, тәуекелдің диверсификациялану, банк кызметкерлерінің біліктілік деңгейі, қаржатты тарту технологиясының жағдайы, банктік операциялардың қазіргі техникалармен қамтамасыз етілуі

Дәріс - №5

Тақырып №9. Активтер және коммерциялық банктің активтік операциялары.

1. Активтер түсінігі және мәні.

Банк активтері — пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылган қаражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын си-паттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тэуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:

1. Касса жэне оган теңесетін ақшалай қаражаттар;

2. Берілген несиелер;

3. Багалы қагаздарга жұ.мсалынган инвеститциялар;

4. Банктің гымараты мен жабдықтары.

Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тэуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай аныкталады.

Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің коятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Жогары өтімді активтер;

2. Өтімді активтер;

3. Ұзақ мерзімді өтімді активтер.

Тақырып №9 /1. Банктердің активтер портфелі.

2. ЕДБ портфелдер сапасын бағалау.

Қазақстан Республикасының ¥лттық банктің Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген "Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі жэне оларды күмэнді жэне үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру" туралы ережесіне сәйкес, ҚР қаржылық қадағалау агенттігіне банктер ай сайын айлық баланспенбірге активтер мен шартты міндеттемелердің жіктелуі жэне оларға қарсы провизиялар қүру туралы мәліметтер береді.

Міүндағы активтерге заңды жэне жеке түлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа банктерге байланысты банктің талаптары жатады.

Аталған ережеге сэйкес, активтер мен шартты міндеттемелер стан-дартты жэне жіктелінген болып бөлінеді.

Жіктелінген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады.

Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты күмэнді) жэне үмітсіз болып бөлінеді.

Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы кағаздары, дебиторлық қарыздары жэне шартты міндеттемелері жатады.

Дәріс - №6

Тақырып №10. Банктік несилеу жүйесі және оның элементтері

1. Несие жүйесінің құрылымы мен құрамы, негізгі элементтері.

Несиелік саясат - банктің несиеяік жұмысын ұйымдастыру негізін. және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.

Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несислеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.

Неснелік саясатта несиелік комитет туралы ерсже де қамтылады. Нсиелік комитет несие беру барысында корытынды жасап, несиені беруге байланысты мәсслелерді қамтиды.

Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер көрсетілуге тиіс:

несиелік қызметті ұйымдастыру;

несиелік портфельді басқару;

несиелеуге бақылау жасау;

құзіретті бөлу қағидаттары;

несиелеуді таңдаудъң жалпы критерийлері;

несиелеудің жекелеген багыттары бойынша шектеулер;

несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың қағидаттары;

несиелер бойынша зиян шегу жагдайларына резерв жасау.

Іс жүзінде несиелік саясатгы іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмндегідей үш құжат түрінде көругс болады:

1)несиелеу саясаты;

2) несиелеу стандарты;

3) несиелеу нұсқаулықтары.

Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір кұжатта - "Несислік саясат бойынша жетекшілік ету" біріктіріледі.

Тақырып №10 /1. ЕДБ несиелерінің мәні мен негізгі түрлері, несиелерінің жұмсалуының негізгі бағыттары

2.Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.

Берілу шартына қарай:

Түтыну несиесі- бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Ипотекалық несие - бұл қозгалматын мүліктерді (тұргын үйді, өндіріс гимараттарын, жерді ж,тс т.с.с.) кепілгё ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.

Овердравт несиесі - клиенттіц шотынан қаражатты шегеру арқылы ондагы дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді иесиенің формасы.

Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиеніц түрі.

Онколһдық несие кредитордың алгашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.

банкаралық іесие - банктердің бір-біріне берстін несиесі.

Ломбардтық иесиесі - тез іске асатын бағалы заттарды немесе багалы қагаздарды кепілге алып, берілетін несие.

Лизингтік несне қүрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.

Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шыгару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жогары клиенттерге берілетін несие

Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындагы уақыт бойынша алшақтықты жабуга араналган несие.

Консорциалдық несие - ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.

Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидаттары екі топқа бөлінеді:

/ топқа - жаппы экономикапық тәртіптегі қагидаттар:

• несиенің мақсаттылығы;

• несиенің дифференциялдығы.

II топқа — несиенің мәнін бейнелейтін қагидаттар:

• несиенің мерзімділігі;

• несиенің қайтарымдылығы;

• несиенің төлемділігі;

• несиенің қамтамасыз етілуі.

.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 1316 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.045 с)...