Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Депозиттік нарықтың құрылымы



Депозитік нарық – бұл қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде депозит салымшылар мен оны сақтаушылардың арасындағы экономикалық қатынасты сипаттайды.

Депозиттік нарық - ақша нарығының бір бөлігі ретінде банктің депозттік қызметін ұсынушылар мен тұтынушылардың жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтық қалыптасуы 1995 жылдан басталады. Себебі, оған дейін депозиттік нарық тұрақсыз дамыды. Оған кейбір елдегі экономикалық тұрақсыздық, құқықтық жағынан жіберілген кемшіліктер, Кеңес үкіметіндегі халықтың жинаған салымдарының жоғары инфляция жағдайында құнсыздануы, жұмыссыздықтың орын алуы, халық салымдарын тартып кейбір компаниялардың алдап қайтармай кетуі, кейбір банктердің аяқ асты жабылуы және т.б. факторлар әсер етті. Бұл факторлар негізінен халықтың отандық банк жүйесіне деген сенімсіздік көзқарасының туындауына ықпал етті.

Ең бастысы депозиттік нарықтың қалыптасуына себеп болған бұл жаңа банктік заңдылықтардың, соның ішінде: ҚР банктер және банк қызметі туралы заңының және“ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру)” ережесі қабылдануын жатқызамыз. 2000 жылдан бастап, Халық салымдарын сақтандыру қорына банктеріміздің мүше болып, соның нәтижесінде банктерге деген халықтың тұрақты сенімдерінің артуымен жалғасады.

Қордың жарғылық капиталы 1 млрд теңге. Қордың құрылтайшысы Ұлттық банк болып табылады. Қордың банктік шоты Ұлттық банкте ашылған. Қордың қаражаты ережеге сәйкес мынадай бағытта орналастырылады:

- Қор активінің 80%-ын кем емес қаражатын мемлекеттің бағалы қағаздарына;

- Ұлттық банктегі салымға (депозиттер).

Бұл Қордың мақсаты - “ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.

Ережеге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қорға қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісіне мыналар жатады:

- жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді салымдары сыйақыларымен;

- жеке тұлғалардың шетел валютасындағы (доллар мен еуродағы) мерзімді салымдары сыйақыз;

- жеке тұлғалардың талап етілетін салымдары сыйақыз.

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерегі жеке тұлғалардың салымдарына кепіл беру Қорға қатысушы банктерге берген куәлік негізінде жүзеге асады. Қорға қатысушы банктер үшін олардың қаржылық жағдайыны байланысты жекеше түрде міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі кепілдендірілетін салым (депозит) сомасы мен оған есептелетін сыйақы көлемінен 0,125 %-дан 0,375 %-ға дейін белгіленеді. Міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін есептеу үшін кепілдендірілетін салым (депозит) сомасына көбейту қажет.

Жеке тұлғалардың салымдары (депозиттерін) және оның сыйақылары қандай валютада салымға салынса сол валютамен қайтарылады.

Қор әрбір салымшыға (депозиторға) мынадай мөлшерде кепілдік береді:

- теңгедегі мерзімді салымды - 400 мың теңгеден аспайтын сомада және банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын қайтарып алғанға дейінгі уақытқа есептелген сыйақы сомасын, Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің елу пайызы мөлшерінде;

- АҚШ доллары және еуродағы салымды - салынған салымның (депозиттің) 360 теңгеге балама сомадан аспайтын мөлшерде сыйақысыз шетел валютасында, яғни Ұлттық банктің салық және кеден төлемдерін есептеу мақсатында белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты бағамы бойынша салым салынған валютада;

- Теңгедегі талап ету салымын - 50 мың теңгеден аспатын салынған салым көлемінде сыйақысыз.

Қорыта айтқанда депозиттік нарықтың тұрақты дамуына Қазақстан халық салымдарын сақтандыру қорының үлесі зор.

Депозиттік нарықта үлкен үлесті алатын отандық банктер қатарына мыналарды жатқызуға болады:

1) ТұранӘлем банкі АҚ - 22%;

2) Қазкоммерцбанк АҚ - 21%;

3) Халық банкі АҚ -20%;

4) АБН АМРО Казақстан банкі - 5%;

5) өзге банктер - 32%.

Депозиттік нарықтың құрылымына талап етілетін депозиттер нарығы, мерзімді депозит нарығы және жинақ салымдарының нарығы жатады.

ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңына сәйкес, депозит - бұл белгілі бір уақыт өткен соң немесе алдын-ала келісім бойынша депозиттордың алғашқы талабымен қайтарылатын немесе үшінші бір тұлғаға толық не жартылай берілетін, бір тұлғаның (депозитардың) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы делінген.

Депозит - бұл салымшылардың (заңды және жеке тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

- талап етілетін депозиттер;

- мерзімді депозиттер;

- жинақ салымдары;

- бағалы қағаздар түріндегі (депозитік және жинақ сертификаттары) депозиттер.

Талап етілетін депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады:

- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

- есеп айырысудағы қаражаттар;

- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;

- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;

- банктер талап етілетін шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

- талап етілетін депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылымайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.

Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 3051 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...