Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Реформа кезењіндегі Осман империясы



XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Француз революциясының идеялары Балқан түбегі мен Эгей теңізіндегі грек аралдарына еніп, осы жердегі империяның қол астындағы халықтардың ұлт-азаттық көтерілістерінің жандана түсуіне серпіліс берді. Сондай-ақ империяның кең аумағында феодалдық қырқыстар да үдей түсті.

Империяның ішінде дағдарыс кеңінен етек алды. Қазына ортайып, жаулап алушылық соғыстарының сәтсіздігі, янычарлар көтерілісі, пашалар мен аяндардың өзбеттерінше билік жүргізе бастауы, империя құрамындағы халықтардың ұлт-азаттық көтерілісі, бірқатар областардың бөлінуі кеңінен белең алды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды 1789 жылы таққа отырға Селим ІІІ сұлтан (1789-1807) қолдаған болатын. 1792 -1796 жылдары Селим армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушылардың иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарына соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Европалық ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. III Селим сұлтан жүргізген шаралар «низам-и- джедид» (жаңа жүйе) деген атқа ие болды.

Дегенмен сұлтанның әлеуметтік тірегі сенімсіз сипатта болды. Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары реформаға қарсы болды, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айырылатынын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар әскери салада жүргізіліп жатқан реформа янычарлар корпустарын жояды деп түсініп, сұлтанға қарсы феодалдық бүліктер бастады.

Әйтседе 1798 жылы шілдеде Наполеон Бонопарт бастаған француз армиясы Осман империясының иелегіндегі- Египетке келіп түсірілгенде III Селим янычарларға бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болады.

1806 жылы қысында орыс әскері Молдаван мен Валахияға басып кіріп, 1807 жылы көктемде түрік әскері орыстарға қарсы тұрады. Стамбулда төңкеріс жүрді. Дәстүрге сәйкес әскерді ұлы уәзір бастап, көптеген министрлер соғысқа аттанған болатын. Осы пайдаланған реформаның қарсыластары сұлтаннан құтылуға тырысады. Ұлы уәзірдің

көмекшісінің басқауымен сұлтанға қарсы құпия қастандық ұйымдастырлып, Селим ІІІ тақтан түсіріледі. Билікке келген жаңа сұлтан IV Мұстафа (1807-1808) янычарлар мен улемдерді қолдап, барлық реформаға тыйым салады. Бұған наразылық танытқан реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделі билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегінде топтаса бастады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Селимді таққа қайта отырғызу мақсатымен Байрақтар өз әскерін Стамбулға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Селим адам қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң IV Мұстафаны тақтан түсіріп, оның ағасы Махмұд II (1808-1839) таққа отырады. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды. Елде реформа қайтадан басталды. Янычарлардың ашық наразылығына қарамастан, Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылғы Стамбұлдағы янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Сұлтан Махмұд ІІ Османның тікелей соңғы ұрпағы болғанымен, елдегі реформаларды шамамен 20 жылға ысырып тастауға мәжбүр болады.

Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Әрі Англия мен Франция сынды еуропа елдері Осман империясының қарамағындағы халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін қолдады.

1807 жылы наурызда ағылшындардың 7 мыңдық десенттық әскерлері Александрияға түсіріледі. Бірақ Мұхамед Әлидің табандылығы арқасында ағылшын әскерлері талқандалып, Египеттен қуылады.

Осман империясының саяси тұрақсыздығын Ресей патшалығыда пайдаланып қалуға тырысты. Ресей езілген халықтардың түрік шапқыншылығына қарсы күресін желеу етіп, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. 1806-1812 жылғы кезекті орыс-түрік соғысында Осман империясы үшін сын кезең туды. Оған сылтау Ресейдің сербтер көтерілісін қолдауы болды. 1811 жылдың күзінде М.Кутузовтың әскері Осман империясының әскерін талқандайды. 1812 жылғы Бухарест бітімі бойынша Осман иелігіндегі Бессарабия Ресейдің құрамына қосылады. Сұлтан Сербияға өзін-өзі басқару мүмкіндігін беруге міндеттеме алады.

Осман империясы құрамындағы халықтардың бой көтерулері де елге кері әсерін тигізді. 1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Морей мен Эге теңізі аралдарына тараған көтеріліс тәуелсіздік үшін жалпы халықтық қозғалысқа ұласты. Оның қарқыны мен күші Осман империясының жоғары билеушілерін абыржытты. Гректердің көтерілісін өз күшімен басуға сұлтан II Махмұттың жағдайы келмегендіктен, ол Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. Еуропалық үлгімен құрылған әскерін беруге келіскен Мұхаммед Әли Сербия мен Крит аралдарын өзіне беруді талап етті. 1824 жылы грек көтерілісін басу үшін түріктер Египеттің әскері мен флотын қолданды. Грек патриоттарының тәуелсіздік үшін күресі Еуропаның алдыңғы қатарлы жұртшылығының ынтымақтастығын оятты. Грекияға египет-түрік шабуылының ең ауыр кезеңінде басқа елдерден көптеген еріктілер келеді. Дегенмен, Ресей үкіметі мен еуропалық державалар өздерінің сыртқы саясаттағы жоспарын іске асыру үшін грек көтерілісін пайдаланып қалуға тырысты. Ресейдің жеке-дара күрес жүргізуіне Англия жол бермеді. 1826 жылы ағылшын-орыс хаттамасына қол қойылды, бұған Франция қосылды. Бұл державалар сұлтаннан гректерге бағытталған әскери қимылдарды тоқтатуды және оған автономия берілуін талап етті. Грек мәселесінде еуропалық державалардың әрқайсысының өзіндік жоспарлары бар екенін жақсы түсінген II Махмұд, олардың өзара қайшылықтарын пайдалануға тырысып, ультиматумды қабылдамады. 1827 жылы Мұхаммед Әлидің әскері көтерілісшілердің соңғы тірегі-Афиныны алды. Қазан айында Навария қойнауында Еуропа елдерінің флоты египет-түрік флотын талқандады. Египет патшасының әскері Грекияны тастап, еліне қайтуға мәжбүр болды.

Навариядағы жеңіс Ресейдің одан әрі шапқыншылық жасауына қолайлы жағдай туғызып, 1828 жылдың көктемінде Ресей Осман империясына соғыс жариялады. 1828-29 жылғы орыс-түрік соғысында Осман әскері толық жеңілді. 1829 жылы қыркүйек айында Андрианополь бітіміне қол қойылып, ол бойынша грузин және армян облыстары Ресейге қосылды. Түркияға контрибуция салынды. Шарттың ең маңыздысы-Сербия мен Грекияға автономия берілді. 1830 жылы Грекия тәуелсіз корольдік болып жарияланды.

Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс-түрік соғыстарындағы сәтсіздік Осман империясын әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.

Египет дағдарысының» туындауы. Ресеймен соғыс аяқталған соң Осман империясы вассалдық Алжирден айырылды. 1830 жылы Франция өзінің әскери жорығын ұйымдастырып, Алжир француздарлың отарына айналған болатын. Ізінше осы жағдайды қолайлы пайдаланған египеттік паша Мұхаммед Әли 1831 жылы күзінде сұлтан Махмұд ІІ-ге ашық түрде соғыс жариялағанда бірінші дағдарыс басталған болатын. Ибраһим паша бастаған египеттік әскерлер Палестина, Сирия, Киликияны басып алып, 1832 жылы желтоқсанда Коньяда шешуші шайқас жүргізді. Сұлтан әсерлері талқандалып, ұлы уәзір тұтқындалды. Осылайша Стамбулға жол ашылды.

Сұлтанды осы жолы құтқарған Ресей болды. Махмұд ІІ батыс-еуропалық державалардан көмек алмаған соң, Ресей патшасына үміт артқан еді. Орыс патшасы Николай І египеттік паша Мұхаммед Әлидің Стамбулда орнығуын Осман империясында француз үстемдігінің орнауы деп қарады. Өйткені Мұхаммед Әли осы жорықты бастауда Франциядан қолдау тапқан болатын.

Жылы ақпанда орыс эскадрасы Босфорға еніп, ізінше орыс десанттарының бір бөлігі түсірілген кезде Мұхаммед Әли қолбасшы Ибраһим пашаға жорықты тоқтатуға бұйрық береді. Бірақ египет пашасынының жеңісті қолдан оңай беруге ойы болмады. Бұған Англия араласып, ортақ келісімге келуге үгіттеді. Бір жағынан ағылшын үкіметі Мұхаммед Әлиді француздық әсерде болғаны үшін жақтыртпайтын. Сонымен қатар Англия Азиядағы араб елдері мен Египетті де өзіне бағындырғысы келетін. Екінші жағынан Англия Босфордағы орыс әскерін ығыстыру үшінде екі жақтың тез келісімге келуін ойластырды. Осы державалардан қысым көрген сұлтан келісімге қол қоюға мәжбүр болды. 1833 жылғы мамырда Кютахьедегі келіссөз бойынша өзінің билігін Мұхаммед Әли Египет, Сирия, Палестина, Кликиядағы және Тавр таулы өткеліндегі жерлерде сақтап қалды. Бұған айырбас ретінде Египет пашасы өзінің әскерін Анадолы жерінен алып кетіп, сөз жүзінде сұлттанның сюзеренитеттігін мойындауға міндет алды.

Жылы 8 шілдеде Ресей әскерлері Түркиядан кетпес бұрын орыс-түрік одақтық келісімге қол қойылды. Тарихта бұл келісім Ункяр-искелеси келісімі деп аталады. Келісім шарты бойынша егерде қайтадан империяға қажеттілік туындағанда Ресей сұлтанға қажетті қарулы күштер беруге, ал өз тарапынан сұлтан келісімнің құпия бабы бойынша Дарданелл бұғазын шетелідік әскери кемелер үшін жабуға міндет алды.

Ресейдің ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген еуропалық державалар Ункяр-искелеси келісіміне наразылық танытты. Англия мен Франция тез арада қарсылықтарын түрік жағалауына әскери-теңіз ереуілдерін жүргізумен білдіртсе, Австрия мазасыздық танытты. Еуропа державаларының қарсылығына қарамастан, сол кезде орыс-түрік одағы сақталып қалды.

30-шы жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылысында, қаржы, құқық және мәдениет салаларында бірқатар қайта құрулар жүргізілді. Сипахий жүйесі түпкілікті жойылды. Зайырлы білім беру жүйесін дамыту үшін бірқатар шаралар жүргізілді. Аудармашылар кеңсесі ашылды. Астанада медициналық училище, жалпы әскери училищесі және теңіз инженерлік училищесі ашылды. 1831 жылдан бастап Стамбулда түрік және француз тілдерінде І үкіметтік газет шығарыла бастады.

Махмұд ІІ жүргізген жаңа енгізулер Селим ІІІ-нің Осман империясын қайта құру туралы жоспарын жүзеге асыру болып табылды.

Порт үкіметінің биліті ұстай алмауы Мұхаммед Алидің тәуелсіз билеушіге айналуына көмектесті. Мұхаммед Алидің Египет үстемдігі астында үлкен империя құру ұмтылысы Портпен қатынастың шиеленісуіне әкелді.1831 жылы соғыс өртыі басталып, 1833 жылы мамырда Англия және Францияның делдалдығымен келісімге қол қойылып, Мұхаммед Али Египетті, Сирия, Палестина және Адан округын басқаруға алды. 1833 жылы 8 шілдеде орыстар Босфор жағалауынан кетер алдында Махмұд ІІ Ресеймен Ункяр-Искелесий келісіміне 8 жылға қол қойды. Келісімде Ресей сыртқы және ішкі қатерден қорғау үшін Портқа әскери көмек көрсетуі қарастырылды. Ал, Порт Ресейге қауіп төнген жағдайда барлық шетел әскери кораблдерін өткізетін бұғазды жабуға міндет алды.

Ункяр- Искелесий келісімі Стамбул және Каирде батыс державаларының белсенді әрекет етуіне әкелді. 1838 жылы империя территориясында ағылшын коммерсанттарының құқығын кеңейтетін ағылшын-түрік сауда конвенциясына қол қойылды. Мұхаммед Алидің Египетте конвенцияның әрекететуіне қарсылық білдіруі сұлтанмен соғыстың жандануына әкелді. Нусайбин (солтүстік Сирия) түбіндегі шайқаста түрік әскері тағы да талқандалды. Шиеленіске еуропа державалары араласты.

Империяда сұлтан Махмұд ІІ-нің сенімін қолданған Мұстафа Решид-паша жаңа реформалар жоспарын даярлады. Хатт-и шериф (қасиетті жарлық) деп аталатын құжат 1839 жылы жарияланып, Гюльханей хатт-и шериф деген атау алды. 1839 жылғы сұлтан жарлығын іске асыру барысында Мұстафа Решид-паша улемдер, жоғарғы шенеуліктер тарапынан қарсылықтар кездестірді. Қылмыстық, коммерциялық кодекстер жарияланып, Мемлекеттік кеңес және мұсылман, мұсылман емес қауым өкілдерінен провинциалдық консултативтік кеңес-меджлис құрылды. Бұл шаралар әкімшілік тарапынан жүргізілетін заңсыз әрекеттерді шектеуге, иеліктерді конфисклеу әрекеттерін азайтуға, өлім жазалары және сұрау жүргізу кезінде қысым көресетпеуге әрекет етті. Түрік жоғарғы биліктегілері азаматтық және әскери істерде өздеріне монополияны сақтап қалды. Елдің эконокасын дамытуға ұмтылып, Мұстафа Решид-паша салық жүйесін қайта қарастыруды ұсынды. Әскери реформа іске асырылды. Әскери қызмет атқару 15 жылдан 5-7 жылға дейін қысқартылды. Зайырлы білім жүйесін тарату үшін бірқатар қадамдар жасалды. Бастауыш және орта білім беретін мектептер және басқа да училищелер ашылды. Құралдар мен оқытушылар қатарының жетіспушілігінен университетті ашу әрекеті сәтсіз болды.

1853 жылы басталған Қырым соғысы Мұстафа Решид-паша және оның жақтастарының реформаторлық қызметін үзді. Танзиматтың І кезеңі (1839-1853 жж.) әкімшілік және мемлекеттік басқармаларында, экономика және мәдениет салаларындағы қайта құрулардың жандану уақыты болды. Бұл шаралар елдің буржуазиялық дамуы үшін жолдарды тазалауға әрекет етті. Бірақ оны феодалдық бюрократия өкілдері іске асырғандықтан, ол тек жекелеген өзгерістерге ғана әкелді. Реформа нәтижесінде қала және ауыл тұрғындары қауымының жағдайына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Державалардың араласуы үшін сылтаулар да жойылған жоқ.

ХІХ ғ. ортасында «шығыс мәселесі» қайтадан шиеленісті. Оның негізі Ресей, Англия және Францияның Таяу Шығыс рыногы үшін күресінде болды. Әсіресе, патша үкіметі халықаралық сахнадағы жоғалтқан өзінің беделін Порт үкіметіне саяси әсерін күшейту арқылы қайта қалпына келтіргісі келді. 1853 жылы ақпанда сұлтанға жіберілген Николай І-нің талаптары қабылданбай, екі ел арасындағы қатынасты шиеленістіре түсіп, соғыс өртіне әкелді. Қараша айында Осман империясындағы патша үкіметі позициясының күшейіп кетуінен қауіптенген Англия, Франция және Сардиния Портпен одақтық келісімге отырып, Ресейге қарсы соғыс ашты. Одақтастар әскерлері Қырымға түсіріліп, 1855 жылы қыркүйекте Севастополь құлады. Орыс әскерлері түрік әскерлеріне соққы бере отырып, Карсты басып алды.

1856 жылы наурызда соғысушы жақтар Парижде бейбіт бітімге қол қойып, ол бойнынша Ресей Түркияға Карс пен Бессарабияның дунайлық жағалауын қайтаруға және Қара теңізді «бейтараптандыруға» келісім берді. Олар Қара теңізде соғыс флотын, базаларды қайта құрмауға міндет алды. Сербия, Молдавия және Валахиядағы сұлтан үкіметінің жоғарғы билігі сақталды. Англия, Франция және Австрия «Париж трактаты шекарасында Осман империясының тұтастығы мен тәуелсідігіне» кепілдеме беретін ерекше келісімге қол қойды.

Осман империясы жеңіске жеткенімен, соғыстың саладры ауыр тиді. Үлкен шығындар экономиканы әлсіретіп, қазынаны тауысты. 1854 жылы Порт ағылышын және француз банктерінен қарыз сұрады. Түркияда қаржы дағдарысы басталды.

1854 жылдан 1879 жылға дейін сыртқы қарыз 2,5 млрд франкты құрады. Қаржы қиындығы салықтың езгізінің көбейіне әкелді. Түрік халықтарының Болгария, Босния және Герцеговина, Дунай княздықтары- Молдавия, Валахия, Крит аралында Порт үкіметі саясатына наразылығқтар күшейді.





Дата публикования: 2014-12-10; Прочитано: 2617 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...