Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пунктуация



ТҮРІ ҚОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАРЫ МЫСАЛДАР
НҮКТЕ 1.Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады. 2. Жай, екпінсіз айтылған бұйрық, тілек, мәнді сөйлемнен кейін нүкте қойылады. 1. Ауа райы күрт өзгерді. 2. Бүгін кешке екеуіміз серуенге шығайықшы.
ҮТІР 1. Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде және жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің әрқайсысымен қайталанып айтырғанда, араларына үтір қойылады. 2. Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер арасына қойылады. 3. Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан үтір, сызықша қойылады. 4. Оқшау сөздер (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) бар сөйлемде үтір қойылады. 1. Алматы – ірі ғылым, мәдениет, білім орталығы. Қонақтар әрі би биледі, әрі ән айтты. 2. Қоңырау соғылды, оқушылар сыныпқа кірді. 3. «Білгеніне сенбе, біліміне сен», - дейді қазақ халқы. 4. Оқушылар, ата-аналар жиналысы сәрсенбі күніне ауыстырылды. Сірә, мен сізге ертең барармын. Алақай, Наурыз мерекесі келді.
ЛЕП БЕЛГІСІ 1. Лепті сөйлемдерден соң қойылады. 2. Бұйрықты сөйлемдерден кейін қойылады. 3. Қаратпа, одағай сөздерден кейін қойылады. 1. Кең далам! Отаным! 2. Еліміздің рәміздерін құремттеңдер! 3. Тыңда дала, Жамбылды! Япырмай, неткен дауыс!
СҰРАУ БЕЛГІСІ 1. Сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады. 1. Сен бийыл нешінші сыныпта оқисың?
СЫЗЫҚША 1. Бірыңғай мүшелерге ортақ жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. 2. Төл сөз, автор сөзі, диалогта қойылады. 1. Қарағанды – Қазақстанның саяси және экономикалық орталығы. 2. «Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл», - дейді қазақ мақалы. - Сен қай мектепте оқисын? - Мен қазақ мектебінде оқимын.
ТЫРНАҚША 1. Төл сөз тырнақшаға алынады. 2. Сөйлем ішіндегі мақал-мәтелдер тырнақшаға алынады. 3. Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады. 1. Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасынан сақта», - деді. 2. «Ата өнері – балаға мұра» деген сөз бар. 3. Әжемнің маған «айналайын», «құлыншағым» дегендері есімнен кетпейді.
ҚОС НҮКТЕ 1. Жалпылауыш сөзден кейін, бірыңғай мүшелердің алдынан қойылады. 2. Төл сөздің алдында келген автор сөзінен кейін қойылады. 1.Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар. 2. Мұғалім былай деді: «Экология тақырыбына реферат дайындаңдар».



Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 508 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...