Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ASTANA MOTORS” АҚ-ң қаржы ағымдарын пайдалану тиімдігін бағалау



Қаржы ағымдарын пайдалану тиімдігі кәсіпорынның қаржылық тұрақтығына, өтімділігіне, төмен қабілеттігіне, іскерлік белсендігі мен рентабельдігіне әсер етеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының және оның қаржы ағымдарын басқару тиімділігінің маңызды сипаттамаларының бірі – ұзақ мерзімді перспективада қызметінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорын балансының құрылымын, оны кредиторлар мен инвесторларға тәуелдігінің дәрежесімен байланысты. Бірақ, кредиторларға тәуелділік дәрежесі қаржы ағымдарының меншікті және қарыз көздерінің қатынасымен ғана анықталмайды. Бұл меншікті капиталды, айналым және айналымнан тыс активтер құрамын, және зияндардың болуын немесе болмауын және тағы басқа бағалауды кіріктіретін көп қырлы түсінік.

Негізгі қорлар немесе өндірістік запастарға капитал салымын жабу үшін қаражат көздерінің өзгеру шегінің шекті мәні кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға және тұрақтылығын арттыруға әкелетін шаруашылық операцияларының ағымын басқаруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тереңірек бағалау қатысты шамалар болып табылатын қаржылық тұрақтылық коэфценттері көмегімен жүргізіледі. Қажетті қорытынды мәліметтер және қаржылық тұрақтылық коэфиценттерін есептеу 1.3.кестеде келтірілген.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұарқтылығын, оның қаржылық қарыздық көздерге тәуелсіздігінің сипаттамаларының маңыздыларының бірі болып баластық жалпы қорытындысындағы қаражат көздерінің үлесіне тең автономия коэфиценті табылады.

1.3.кесте “ASTANA MOTORS” АҚ қаржылық тұрақтылық коэфиценттері.

Көрсеткіштер Формуласы Орташа шектеу 2004ж. 2005ж.
1. Автономия коэффициенті Ка = ЗС/СК Kа>=0,5 23,10 -3,77
2. Меншікті және қарыз қаражатттарының қатынасының коэффициенті Кзс = СК/ЗС Кзс<=1 0,04 -0,26
3. Мобильді және иммобилденген активтер қатынасының коэффиценті Кс = ТА/ДА - 0,05 0,24
4. Меншікті капиталдың маневрлік коэффициенті Км = СС/СК Км=0,5 -2,80 0,77
5. Қаржыландырудың меншікті көздерімен запастардың қамтамасыз етілу коэффициенті СС/ТМЗ Ко>=0,6-0,8 -47,91 -797,25
6.Өндіріске бағытталған мүлік коэффициенті ОС/А Кп.им>=0,5 0,53 0,20
7. Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарды тарту коэффициенті ДО/(ДО + СК) - 0,95 1,68
8Қысқа мерзімді қарыз коэффициенті КЗ/О - 0,17 0,35

*“Astana motors” АҚ 2004-2005 жж. бухгалтерлік балансының мәліметтері

“ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорыны үшін бұл көрсеткіш кезең басында 23.1 тең және кезең аяғында нормалық шегі 0,5 болғанда, -3,77 – дейін азайды. Сәйкесінше, кәсіпорын кредиторға айтарлықтай тәуелді, ал бұл коэфиценттің төмендеуі оң деп бағалауға болмайтын кәсіпорынның тәуелдігінің арту қарқынын білдіреді.

Автономия коэфиценті кәсіпорын міндеттемесінің көлемінің меншікті қаражаттар көлеміне қатынасына тең қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэфицентін толықтырады.“ASTANA MOTORS”АҚ кәсіпорын талдау кезеңінің басында бұл көрсеткішті 0,04 тең болған еді, жыл аяғына нормативті шектеу 1 болғанда –0,26 дейін азайды. Осы көрсеткіштің мәні бірден көп болмаса да, оның тұрақты төмендеу тенденциясы байқалуда. Ол кәсіпорынның кредиторға тәуелдігінің қауыпті артуына әкелуі мүикін.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы сақталған кезде, қарыз қаражаттары мен меншікті қаражаттардың қатынасының коэфиценті кәсіпорынның мобильді қаражаттарының құнының имобильденген активтер құнына қатынасының мәнінен жоғары болуы тиіс. Кезең басында “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл коэфицент 0,05 құрады, ол оңтайлы мән болып табылады, ал кезең соңында 0,24 дейін өсті, осы кезде меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасының коэфиценті –0,26 дейін төмендеді. Сәйкесінше, кезең аяғында бұл коэфицент мәні өсті, бұл кәсіпорынның қаржылық тұарықтылығының өскендігін білдіреді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын негізгі сипаттамасы –кәсіпорынның айналым қаражаттарының меншікті қаражат көзінің жалпы мөлшеріне қатынасына тең болатын моневрлік коэфиценті болып табылады. Ол осы қаражаттармен салыстырмалы еркін моневрлеуге мүмкіндік беретін, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі мобильді нысада екендігін көрсетеді.Бірақ, көрсеткіштің тәжірибеде тұрақтанған қандай да бір нормалық мәндері жоқ. Кейде, арнайы әдебиетерде коэфиценттің оңтайлы өлшемі ретінде 0,5 ұсынылады. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл коэфицент 2004 жылы теріс мәнге ие және 0,77 ге дейін өседі.

Осыған сәйкес кәсіпорынның запастарды қалыптастыру және шығындар көздерінің қаражаттарымен қамсыздандырылуының қаржылық жағдайын бағалайтын абсолютті көрсеткіштердің маңыздылығын анықтайтын рольге сәйкес қаржылық жағдайдың тұрақтылығының басты қатысты көрсеткіштері болып меншікті айналым қаражаттарының көлемінің кәсіпорын запастары мен шығындарының құнына қатынасына тең меншікті қаражаттармен қамсыздандырылғандық көрсеткіштері табылады.”ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорыны үшін бұл коэфицент нормативтік мәні 0,6 – 0,8 болғанда, сондай – ақ теріс болып табылады.

Кәсіпорын қаражаттары құрылымның маңызды сипатын негізгі қаражаттардың, капиталдық салымдардың, құрал-жабдықтардың, өндірістік запастар мен аяқталмаған өндірістің құндық сомаларының баланс қорытындысына қатынасына тең өндірістік арналымдағы мүлік коэфиценті береді. Шаруашылық тәжірибенің мәліметтері негізінде нормалы болып 0,5 көрсеткіштерінің төменгі шегі табылады. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл көрсеткіш кезең басында 0,53 құраған, ал кезең соңында 0,2 дейін төмендеді. Бұл коэфицент мәні норма шегінде болды, ал оның төмендеуі кәсіпорынның өндірістік арналымдағы мүлкінің азаюын білдіреді.

Кәсіпорын қаражаттарының көлемін сипаттау үшін автономия,қарыз және меншікті қаражаттардың қатынасы, маневрлік коэфиценттерімен қатар, көздердің шектелген топтарының құрылымының өзгеруіндегі әртүрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштер де қолданылады. Мұндай көрсеткіштерге, бірінші кезекте, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыз қаражаттары мөлшерінің кәсіпорынның меншікті қаражаттары және ұзақ мерзімді несиелері мен зайымдарының көздерінің сомасына қатынасына тең қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэфицеттері жатады. “ASTANA MOTORS” АҚ бүкіл талдау жүргігуден кезеңде ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын шартты, бұл коэфицент кезең басында 0,95 тең және кезең соңында 1,68 дейін өсті.

Қысқа мерзімді қарыз коэфиценті кәсіпорынның жалпы міндеттер сомасында қысқа мерзімді міндеттемелердің үлесін көрсетеді. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл көрсеткіш 2004 жылы 0,17 құраған және 2005 жылы 0,35 дейін өсті. Осы коэфиценттің өсуі қысқа мерзімді міндеттемелердің кәсіпорынның міндеттемелерінің жалпы сомасында үлесінің артуын білдіреді.

Осылайша, қаржылық тұрақтылық коэфиценті абсолютті көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың қорытындыларын растайды.

Баланс өтімділгін талдау қажеттігі қаржылық шектеулердің күшеюімен және кәсіпорынның несие қабілеттігін бағалау қажеттігіне байланысты туындайды. Баланс өтімділігі кәсіпорын міндеттемелерін оның активтерімен жабу дәрежесі ретінде анықталады. Олардың ақшалай нысанына айналу мерзімі міндеттемелерді өтеу мерзіміне сәйкес келеді.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесі топтарға бөлінеді:

А1 – айтарлықтай өтімді активтер – кәсіпорынның ақша қаражаттарын және қысқа мерзімді қаржылық салымдар.

А2 – тез өткізілетін активтер – дебиторлық қарыздар және де активтер.

А3 – жай өткізілетін активтер – запастар (алдағы кезең шығындарын алып тастағанда) және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

А4 – қиын өткзілетін активтер – алдынғы топтарға енгізілген баптарды қоспағандағы негізгі құралдар.

Баланс пассивтері оларды төлеудің мерзімділік дәрежесі бойынша топталады:

П1 – айтарлықтай мерзімді міндеттемелер – кредиторлық қарыздар.

П2 –қысқа мерзімді пассивтер – қысқа мерзімді несиелер және қарыз қаражаттары.

П3 – ұзақ мерзімді пассивтер – ұзақ мерзімді несиелер және қарыз қаражаттары.

П4 – тұрақты пассивтер – капитал және резервтер.

Активтер мен пассивтер балансының сақталуы үшін П4 тобының қорытындысы болашақ кезең шығындары мен кәсіпорын зияндарының сомасына азаяды.

“ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорынның баласының өтімділігі 1.4. –кестеде талданған.

1.4.кесте. “ASTANA MOTORS”АҚ баласының өтімдігін талдау

АКТИВ 2004 ж. 2005 ж. ПАССИВ 2004 ж. 2005 ж.
А1 4141,62 18182,52 П1 16155,06 29655,7
А2 4330,35 83335,53 П2 16273,59 218085,47
А3 489,82 183,18 П3 160859,06 468177,49
А4 192694,97 424511,23 П4 8369,05 -189706,2
Баланс 201656,76 526212,46 Баланс 201656,76 526212,46

*“Astana motors” АҚ 2004-2005 жж. бухгалтерлік балансының мәліметтері

Егер баланс 1.5 кестенің 1 – ші бағасында келтірілген қатынасқа сәйкес келсе, онда баланс өтімді деп есептеледі. Қалған бағаналарды талдау кезеңінде “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорынның баланс топтарының қатынасы келтірілген.

1.5. кесте “ASTANA MOTORS” АҚ баласының өтімдігін бағалау.

Баланс топтарының нормативті қатысы 2004 жылғы 2005 жылғы
А1>=П1 4141,62 < = 16155.06 18182,52 < = 29655,7
А2> =П2 4330,35 < = 16273,59 83335,53 < = 218085,47
А3>=П3 489,82 < = 160859,06 183,18 < = 468177,49
А4>=П4 192694,97 >= 8369,05 424511,23 >= -189706,2
Баланс сипаттамасы өтімді емес өтімді емес

Перспективалық өтімділік болаақтағы түсімдер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілікті болжауды көрсетеді. “ASTANA MOTORS” АҚ бұл көрсеткіш зерттеу кезеңінде нормативті көрсеткішке сәйкес келеді.

Алғашқы 3 теңсіздіктің орындалуы 4 – ші теңсіздікті орындау қажеттігін тудырады. Төртінші теңсіздік теңестіруші сипатқа ие және оның терең қаржылық мәні бар: Оның орындалуы қаржылық тұрақтылық минималды шартының орындалуын кәсіпорында меншікті айналым қаражаттарының болуын көрсетеді. 2005 жылы бұл теңсіздік меншікті капитал есебінен жабылатын баланс активінде зияндардың үлесінің көп болуынан нормативке сай келмейді. Сәйкесінше, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының минималды шарты орындалмаған.

Кәсіпорынның төлем қабілеттігін одан да терең бағалау қатысты шама болып табылатын өтімділік коэфиценті көмегімен жүргізіледі. Өтімділік коэфицентінің есебі 1.6 – кестеде келтірілген.

Абсолютті өтімділік коэфиценті айтарлықтай өтмді активтер шамасының айтарлықтай мерзімді міндеттемелер мен қысқа мерзімді пассвтер сомасына қатынасына тең. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның баласты құру күніндегі төлем қабілеттігін сипаттайды. Кестеден көрініп тұрғандай “ASTANA MOTORS” АҚ үшін абсолютті өтімділік коэфицентті 2004 жылы 0,128 құраған, ал 2005 жылы 0,073 дейін азайды.

Өтімді қаражаттар құрамындағы тез өтімді активтерді анықтау үшін қатысты көрсеткіштің бөлгішіне дебиторлық қарыздар мен өзге де активтер жатқызылады. Бұл көрсеткіш дебиторлық қарыздың 1 айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттігін анықтайды.”ASTANSA MOTORS” АҚ кәсіпорында кезең ішінде аталған көрсеткіш нормадан төмен болды.

1.6.кесте “ASTANA MOTORS” АҚ – ң өтімділк коэфиценттері.

Көрсеткіштер Нормативті мәндері 2004жыл 2005жыл
Абсолютті өтімділік коэффициенті Кал >=0.2-0.5 0.128 0.073
Тез өтімділік коэффициенті Ккл >=1 0,261 0,410
Ағымдағы өтімділік коэффициенті Ктл >=2 0,276 0,411

*“Astana motors” АҚ 2004-2005 жж. бухгалтерлік балансының мәліметтері

Ағымдағы өтімділік коэффициенті айналым қаражаттарының айналысының орташа ұзақтығына тең кезеңде кредиттің күтілетін төлем қабілеттігін көрсетеді. Ол тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорында 2 – ге тең немесе одан көп болуы тиіс. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл көрсеткіш те нормадан төмен.

Сонымен, “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорындағы барлық өтімділік көрсеткіштері нормативті мәндерден төмен, сәйкесінше кәсіпорын төлем қабілетсіз және қаржылық тұрақсыз.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымын белгілеу бойынша әдістемелік ережелер құрамындағы төлем қабілеттілік критерийлерін қарастырайық. Осы құжатқа сәйкес баланс құрылымы 2 көрсеткіш негізінде бағаланады және қолданады: ағымдағы өтімділік коэфициенті және меншікті қаржылармен қамсыздандырылу коэфициенті. Осы құжатқа сәйкес баланс құрылымын қанағаттанарлықсыз,ал кәсіпорындарды-төлемқабілетсіз деп мойындау үшін негіз болып келесі шарттардың бірінің бар болуы табылады:

- Ағымдағы өтімділік коэффициенті есепті кезең соңында 2 ден аз мәнге ие;

- Меншікті қаржылармен қаисыздандыру коэффициенті есепті кезеңнің аяғында 0,1-ден аз мәнге ие.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметті жүргізу және мерзімді міндеттемелерін өз уақытында өтеу үшін айналым қаражаттарымен қамсыздандырылғандығын сипаттайды. Ол кәсіпорынның айналым активтерінің нақты құнының банктің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді займдар және кредиторлық қарыздар түріндегі кәсіпорынның айтарлықтай мерзімді міндеттемелеріне қатынасы ретінде анықталады.

Меншікті қаржылармен қамсыздандырылу коэффициенті кәсіпорынның өзінің қаржылық тұрақтылығы үшін қажет меншікті айналым қаражаттарының бар болуын сипаттайды. Ол капитал, резервтер мен айналымнан тыс активтердің нақты құнының айналым активтерінің нақты құнының қанасымен анықталады.

“ASTANA MOTORS“ АҚ кәсіпорында ағымдағы өтімділік коэффициенті кезеңінің аяғында 0,844 құрайды, ал меншікті қаржылармен қамсыздандырылғандық коэффициенті жоқ. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні нормативтен төмен, сәйкесінше, “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорны төлемі қабілетсіз. Мұндай жағдайлар үшін 6 ай деп бекітілген кезеңде төлем қабілеттілікті қалпына келтіру коэффициентін есептеу құжатпен қарастырылады. Төлемқабілеттілікті қалпына келтіру коэффициенті келесі формуламен есептеледі:

Кв =(Ктлк + У/Т(Ктлк-Ктлн))/2 (3.1)

Мұндағы: Ктлк - ағымдағы өтімділік коэффициентінің есепті кезең соңындағы мәні.

Ктлн – ағымдағы өтімділік коэффициентінің есепті кезең басындағы мәні.

Т – есепті кезеңнің ұзақтылығы,ай.

У – төлем қабілеттілікті қалпына келтіру кезеңі.

Кв=((0,411+6/12(0,411-0,276))/2=0,239

“ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорнында төлемқабілеттілікті қалпына келтіру коэффициенті кезең соңында 0,239 құрады, ал 1-ге тең болатын критикалық деңгейден төмен. Қалпына келтіру коэффициенті 1-ден төмен болса, кәсіпорындарды төлемқабілетсіз, ал баланс құрылымын –қағаттанарлықсыз деп мойындау туралы шешім әлі қабылданбайды, бірақ кәсіпорын банкроттық туралы іс бойынша аймақтық басқармада ерекше есепке тіркеледі. Бірақ, кәсіпорынды төлемқабілетсіз деп мойындау үшін жоғарыда қарастырылған критерийлер жеткілікті.

Іскерлік белсенділік коэффициенті кәсіпорын өз қаражаттарын қаншалықты тиімді пайдаланатындығын талдауға мүмкіндік береді. Әдетте, бұл топқа әртүрлі айналымдылық көрсеткіштері жатады.

Айналыс көрсеткіштерінің компанияның қаржылық жағдайын бағалауда маңызы зор, себебі, қаражаттар айналымының жылдамдығы яғни, олардың ақша нысанына айналу жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тең жағдайларда қаражаттар айналымының жылдамдығының артуы кәсіпорынның өндірістік-техникалық потенциялының жоғарылауын көрсетеді.

Іскерлік белсенділіктің негізгі көрсеткіштерін есептеу 1.7 кстеде көрсетілген.

Капитал айналымдылығы коэффициенті -өнімді өткізуден түскен түсімнің баланс пассивінің барлық қортындысына қатынасы – фирманың барлық бар қаражат көздерін, олардың сипатына тәуелсіз тиімді пайдалануды сипаттайды, яғни пайда түрінде сәйкес әсер әкелетін өндіріс пен айналымның толық циклы жылына қанша рет жүргізілетінін, немесе өткізілген өнімнің қанша ақша бірлігі пассивтің әрбір ақша бірлігін әкелетіндігін көрсетеді.

“ASTANA MOTORS“ АҚ кәсіпорында 2004 жылы бұл көрсеткіш 0,247, ал 2005 жылы 0,463-ке дейін өсті. Бұл коэффициент өндірістік процестің ерекшелігін көрсете отырып, салаға байланысты өзгеріп отырады. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында ол өндітістік циклдің аз мерзімділігіне байланысты айтарлықтай жоғары емес. Осы көрсеткіштің өсуі капитал айналымдылығының тездетілуін көрсететін және кәсіпорын пайдасын арттыратын нәтиже ретіндегі оң фактор.

1.7.кесте “ASTANA MOTORS” АҚ іскерлік белсенділік коэффициенттері

КӨРСЕТКІШТЕР 2004ЖЫЛ 2005ЖЫЛ
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті 0,247 0,463
Мобильді қаржылық айналымдылық коэффициенті 5,564 2,394
Материалды айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті 101,807 1328,961
Дебиторлық қарыздың айналымының коэффициенті 11,516 2,921
Дебиторлық қарыздың айналымының орташа мерзімді,құндылығы 31,262 123,237
Кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті 1,538 0,983
Кредиторлық қарыздың айналымдылығының орташа мерзімі,құндылығы 234,110 366,362
Негізгі құралдардың және басқа да айналымнан тыс активтердің қор қайтарымы 0,259 0,573
Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті 5,958 -1,283

*“Astana motors” АҚ 2004-2005 жж. бухгалтерлік балансының мәліметтері

Дебиторлық және кредиторлық қарыздың айналымдылығын есептеу нәтижелері “ASTANA MOTORS” АҚ талдау кезеңі ішінде сатып алушымен есеп айырысудың айтарлықтай жағымды жағдай болған. Сонымен, есептеулерден көрініп тұрғандай, 2004 жылы сатып алушылар әрбір 31күні шоттарын төледі, ал 2005 жылы көрсеткіш 123 күнге дейін өсті. Кредиторлық қарызды төлеу мерзімі талдау кезеңінің басында 234 күнге тең болған, ал талдау кезеңінің аяғында366 күнге дейін өсті және дебиторлық қарыздың айналымдылық мерзімінен асып түсті. Бұдан, кәсіпорын айналымында кредиторлық және дебиторлық қарыздың айналым күндері санының айырмашылығына тең мөлшерде бос қаражаттар бар және кәсіпорындарға дебиторлық қарызды жабу үшін қосымша қаражаттар тарту талап етілмейтіндігі шығады.

Мобильді қаражаттар айналымының коэффициенті кәсіпорынның барлық мобильді қаражаттарының (материалдық және материалдық емес) айналымының жылдамдығы көрсетеді. 2004 жылы бұл коэффициент 5,564 құраған және талдау кезеңі ішінде 2005 жылда 2,394 дейін азайды. Бұл коэффициенттің азаюы жағымды фактор деп бағалауға болмайтын мобильді қаражаттардың айналымдылығының баяулауын көрсетеді.

Сондай-ақ, коэффициенттің талдау кезеңінде запастар мен шығындар айналымының санын көрсететін, материалды айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициентінің мәні де азаяды. 2004 жылы бұл коэффициент 101,8 құраған және талдау кезеңінің соңына 1328,9 дейін көбейді. Материалды айналым қаражаттарының айналымдылығыны өсуі өндірістік запастардың салыстырмалы азаюын көрсетеді.

Негізгі қаражаттардың және өзгеде айналымнан тыс активтердің қор қайтарымдылығы құралдарының бірлігінің құнына келетін сату көлемімен өлшенетінолардың пайдалану тиімділігін сипаттайды. “ASTANA MOTORS”АҚ кәсіпорында бұл көрсеткіш 2004 жылы 5,958 кезең соңында 1,283 дейін төмендеді. Бұл коэффициенттің төмендеуі меншікті қаражат бөлімнің пассивті жұмыс істегенін көрсетеді.

Сонымен,”ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорынның салыстырмалы жақсы іскерлік белсенділігі туралы қорытынды жасауға болады. Бұл берілген кәсіпорынның жұмыс ерекшелігімен байланысты. Іскерлік белсенділіктің кейбір көрсеткіштерінің артуы - жағымды фактор, себебі айналымдылық артады және сәйкесінше кәсіпорын пайдасы өседі.

Осылайша, жүргізілген талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайының елеусіз жақсаруын және оның қаржы ағымдарын пайдалану тиімділігінің артуын көрсетеді.

Бірақ, жалпы, кәсіпорынға өзінің қаржылық тұрақтылыын қалпына келтіру және қаржылық жағдайын жақсарту үшін ұзақ мерзім керек.





Дата публикования: 2014-12-25; Прочитано: 988 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...