Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лттық тіршілік қабілетінің еселігі



ЮНЕСКО және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлсін-әлсін қандай-да бір үкімет жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясатқа және экологиялық ахуалға қарай әл-ауқат деңгейінің және «халықаралық тіршілік қабілетінің» еселігі бойынша зерттеулер жүргізеді.

Тіршілік қабілетінің еселігі нақты бір елді зерттеу сәтінде жүзеге асырылып отырған үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатының жалғасу жағдайындағы ұлттың генетикалық қорын, физиологиялық және зияткерлік дамуын сақтау мүмкінділігімен сипатталады (бес баллдық шәкілмен өлшенеді).

ЮНЕСКО және ДДҰ –ның 2008-2009 жылдары жүргізген зерттеу жұмыстарына сәйкес дүние жүзінде бірде-бір ел бес баллға ие болмаған.

Швеция, Нидерланды, Белгия, Дания, Исландия төрт балл алған.

АҚШ, Жпония, Германия және өзге де индустриялық жағынан дамыған елдер, сондай-ақ кейінгі индустриялық елдер индустриялық елдер - (Тайван аралы, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия және т.б.), Израйль, Коста-Рико «үш» алған.

Ал, мұндағы «екі» деген баға егер мемлекет денсаулық сақтау ісіне, ғылымға, білім беруге қаржы беруді көбейтпесе, табиғи ортаны ластауды азайтып, тұрғын үй салуды көбейтуге бөлінетін қаражатты ұлғайтпаса ұлттың тіршілік қабілеті түсіп кетуі мүмкін екендігін білдіреді.

ЮНЕСКО және ДДҰ –ның өлшемдеріне сәйкес бұл балл бөлшек саудадағы бағаларды, әсіресе азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық қызмет көрсету бағасын реттеп отыруды талап етеді. Қытай, Ирак, Бразилия, Аргентина, Моңғолия, Албания, Түркия, басқа да дамушы елдер, Шығыс Европа мемлекеттері, Куба, Вьетнам екі балл алған. Балтия елдері, Түрікменстан, бұрын Израиль басып алған Араб аумағы (Газа секторы, Йордан өзенінің Батыс жағалауы) да осындай бағаға ие болған.

Украинаға, Қазақстанға, Орта Азиядағы басқа да елдерге, Молдавияға, Белоруссияға, Оңтүстік Африка Республикасының байырғы халқына, Австралия аборигендеріне, Оңтүстік және Орталық Америка үндістеріне, Орталық және Шығыс Африка елднріне 1,7-ден 1,9 баллға дейінгі баға берілген. Сомали мен Гаити, Бирма мен Папуа-Жаңа Гвинея 1,6 балл, Батыс Сахара, Босния, Ауғанстан 1,5 балл алған.

Ал 1,5 баллдан төмен бағалау ұлтқа шығарылған құрып кету үкімі іспетті. Мұндай баға үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясаты мен экологиялық ахуалдың үнемі нашарлауы салдарынан елдің халықтың не біртіндеп құруына немесе азап шегуіне алып келеді деген сөзді білдіреді: «ұдайы өсіп отыратын» кейінгі буындар тәни-табиғи жабайы түйсіктерін қанағаттандыру есебінен ғана күн көретін, физиологиялық және ақыл-ой жағынан кеміс буындарға айналмақ. Бұл ұрпақ өз бетінше ойлау қабілетнен айрылғандықтан бір нәрсені талдап, ой елегінен өткізе алмайды. Сонай-ақ 1,5 төмен балл әлгі елдегі халық ауру-сырқауға шалдыққыш болатындығын және еңбекке жарамсыздығы арта беретіндігін көрсетеді. Мұндай халықтың жеке басының даралығы және шығармашылық даралығы үнемі кері кетумен болады: ДДСҰ және ЮНЕСКО бұл процесті «адамдық нұсқадан айрылу және топастану» деп атайды.

Осы бағаға бір мысал – Букино – Фасо, бұл шағын елде тұратын халықтың 80 пайызына СПИД жұққан. Бұл елдің, сондай-ақ Чад, Эфиопия, Оңтүстік Судан және Комор аралдарының тіршілік ету еселігі 1,1 – 1,3 деп бағаланады. 2008-2009 жылы Ресей тіршілік ету еселігі бойынша 1,4 балл алды.

Кедейленіп жатқан халық

2009 жылдың II тоқсанында табысы күнкөріс шегінен төмен халықтың үлесі 26,9 % болды. Бұл көрсеткіш сол жылдың мұның алдындағы тоқсанмен салыстырғанда көп. Кедей үй ішінің 6о,5% ның отағасы ер адамдар болса 39, 5% әйел басқарады. Кедей халықтың неғұрлым көп үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды – олар 32%, сондай–ақ 15-29 жастағы жастар– олар 12,3%. 2009 жылдың қарастырылып отырған кезеңінде жан саңы көп отбасылардың (5 және одан көп адамы бар) үй шаруашылығындағы мүшелердің жартысы дерлік табыс жағынан күнкөріс шегінен төмен тұрған. Жан саны көп үй шаруашылығының 22, 4% мүшесінің табысы азық–түлік бағасы шегінен төмен тұрған.

Сұрақтар:

  1. Ұлттың тіршілік қабілеті еселігі дегеніміз не?
  2. ЮНЕСКО–ДДСҰ ның 2008–2009 жылдардағы бұрынғы кеңестік республикалар арасында шаруашылық байланыстардың бұзылуының, республикамыздың тәуелсіздікті алған жылдарымен сәйкес келген. Содан бері жағдай өзгерді ме? Егер осындай зерттеулер қазір жүргізілген болса, сіздің ойыңызша, халықаралық сарапшылар республикамызға халықтың тіршілік қабілеті еселігі бойынша қандай баға қояр еді?
  3. Елдегі халықтың тіршілік қабілеті еселігін арттыру үшін қоғам, үкімет және сіздің өзіңіз не істеуіңіз керек?

5 тапсырманы тапсыру мерзімі - 22.12. – 26.12.2014 ж.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 519 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...