Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бақылау сұрақтары. Айдау дегеніміз не?



  1. Айдау дегеніміз не?
  2. Қалыпты жағдайда 1 грамм-эквивалент сутегі және оттегі қанша көлем алады?
  3. Әртүрлі газдарды алуға арналған қондырғылардың суреттерін салыныз.

Зертханалық жұмыс-7

Оттегі

1-тәжірибе. Тұздардың ыдырауы нәтижесінде оттегін алу және оның тотығу қасиеттері. (тяга)

Калий оксохлоратын (V) (бертолет тұзы) катализатор ( қатысында ыдыратып оттегін алыңыз және оны үш цилндрге толтырыңыз. Оттегі бар цилиндрдің әрқайсысына жанатын қызыл фосфор, жанатын күкірт және темір қабықшасын салыныз. Байқалған құбылыстардың реакция теңдеулерін жазыңыз.

2-тәжірибе. Оксидтердің судағы қатынасы.

Дистилденген суы бар екі пробиркаға кальций оксидін (II) және фосфор оксидін (V) салыңыз. Реакция жүреді ме және ол қандай ортада өтетінін бақылаңыз.

3-тәжірибе Аквакомплекстердің түзілуі. Кристаллогидратының алынуы.

Пробиркаға 1 г сусыз мыс сульфатын салып, оған бөлшектеп 5-10 мл дистилденген суды құйыңыз. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңіз.Ерітіндіні фарфор ыдысқа ауыстырыңыз және жартылай буландырыңыз. Ерітіндіні суытып, тұнбаға түскен кристаллдарды Бюхнер воронкасы арқылы бөлініз.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 831 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.085 с)...