Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кестенің құрылымы



Электрондық кесте нөмірленген жолдар және латын әліпбиі әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады.

Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі – ұяшық орналасқан. Әр ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен құралатын айрықша мекенжайы бар (мысалы, "А1", "В4").

Ұяшық мекенжайы ұяшыққа деген сілтеме болып табылады және осы ұяшықтағы деректерді өрнекте пайдалану үшін қолданылады.

34-суретте мекен жайы Өрнектер жолағында көрініс тапқан ағымдық ұяшық мысалы келтірілген (бұл ретте B6).

Парақ ұяшықтарының бірі ғана берілген уақыт мезетінде белсенді болып табылады. Белсенді ұяшықтың айналасында оң жақ төменгі бұрышында кішкентай тік төртбұрыш (өзтолтыру байрақшасы) бейнеленген қою жақтау көрініп тұрады.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1692 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...