Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Файлдардың аттары



Амалдық жүйе және басқа бағдарламалар файлдарға жүгіне алуы үшін, файлдардың белгіленуі болуы тиіс. Бұл белгілеу әдетте файлдың аты деп аталады.

Windows амалдық жүйелерінде файлдардың белгіленуі екі бөлімнен тұрады: аты және кеңейтілуі. Файлдың аты 1-ден 254-ке дейін таңбадан кұрала алады. Кеңейтілуі нүктеден басталады. Мысалы, Word бағдарламасы құжатының кеңейтілуі.doc, Excel бағдарламасы.xls, Access бағдарламасы.mdb, архивтер.arj,.rar,.zip, музыканыкі -.mpЗ, суреттікі -.gif,.jpeg болады.

Файлдардың аттарында мынадай таңбадарды қолдануға болады:

1.Латын әрпінің кішкентай және бас әріптерін.

2.Сандар мен таңбаларды.

3.Бос орынды.

4.@ # $%&()_+,; = [] таңбаларын және файл атында бірден көп нүкте болуы мүмкін.

Файл аттарында \ /:*?"<>! таңбадарын пайдалануға болмайды. Файл аттарын жазу кезінде таңбалардың үлкен-кішілігі сақталады, бұл файлдар аттарын оқуды ыңғайлы етеді. Алайда, бір бума ішінде тек әріптердің үлкен-кішілігімен ғана ерекшеленетін аттары бар файлдардың болуына жол берілмейді. Мысалы, бір бумада Астанаға хат.doc және АСТАНАҒА ХАТ dос файлдары қатар сақтала алмайды. Файлдың аты 1-ден 254-ке дейін таңбадан құрала алады. Алайда 60-70-тен көп таңбадан тұратын аттарды қолданбаған дұрыс. Өте ұзын атты файлды көптеген бағдарламалар қабылдамай қоюы мүмкін. Сонымен қатар, дискілердің түбірлік каталогтарында ұзын аттарды қолдануға болмайды, түбірлік каталогтардың көлемі шектеулі.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1797 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...