![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Материалдық нүкте радиусы R болатын шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын болсын. ∆t уақыт аралығында нүктенің орын ауыстыруы ∆L=R∆α доға болып табылады, мұндағы ∆α – радиустың бұрылу бұрышы (15- сурет). Материалдық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс кезіндегі
(15)
шама нүктенің бұрыштық жылдамдығы деп аталады.
Бұрыштық жылдамдықтың өлшем бірлігі секундіне радиан (рад/с) болып табылады. Бірқалыпты қозғалыстың анықтамасынан
(16)
Шеңбер бойымен толық бір айналысқа кететін Т уақыт қозғалыстың периоды деп аталады. Периодтың кері шамасы нүктенің бірлік уақытта қанша айналыстар жасайтындығын көрсетеді. Ол жиілік деп аталады:
ν = 1 / T. (17)
Толық бір период ішіндегі нүктенің орын ауыстыруы толық шеңберді береді, яғни ∆t = T кезінде орын ауыстыру ∆L=2πR. Осыдан
ν=2πR / T=ωR (18)
(17) және (18) өрнектерді салыстыра отырып, мынаған келеміз:
ω = 2π / T = 2πν (19)
Материалдық нүкте шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалған кезде жылдамдықтың абсолют шамасы өзгеріссіз қалады:
Бірақ, бұл дегеніміз нүкте үдеусіз қозғалады деген сөз емес. Шындығында да траекторияға жанама бойымен бағытталған вектор есебінде жылдамдықтың бағыты өне бойы өзгеріп отырады. Ал бұл нүкте үдеумен қозғалады деген сөз. Жылдамдықтың ∆v=v-v өзгеріс векторын жоғарыда келтірілген ереже бойынша саламыз (16- сурет). Азғантай ∆t уақыт кезінде АВ доғаның АВ хордадан айырмашылығы азғантай болады. АОВ және ВMN үшбұрыштарының ұқсастығынан мынаған келеміз:
Осыдан үдеу
(20)
болады.
Бірақ, (16)бойынша v=ωR. Оны (20) өрнекке қойып, мынаған келеміз:
an =v / R = ω2R. (21)
Сонымен, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын материалдық нүктенің жылдамдыққа перпендикуляр бағытталған үдеуі болады, яғни үдеу радиус бойынша центрге қарай бағытталады. Сондықтан бұл үдеу нормаль немесе центрге тартқыш үдеу деп аталады.
Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары:
Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 7486 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!