Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТаҚырып 9. Өндіріс факторларынан тҮсетін табыстар



Өндіріс факторларының нарықтық бағасы

Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде

Пайыз – еңбек факторының бағасы ретінде

Жер рентасы- жер иелерінің факторлық табысы

Өндіріс факторларының нарықтық бағасы

Экономикада бөлу процесі өте маңызды рөл атқарады, ол өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Бұл тақырыпта меншікке сәйкес өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер, сондай-ақ табыс нысаны – жалақы, пайда мен пайыз, жер рентасының мәні қаралады. Бөлу баға арқылы жүзеге асады. Сондықтан, табыстар құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну қажет.

Экономикалық ресурстардың табыстарын айтқанда ресурстардың үш түрлері (еңбек, жер, капитал) мен табыстың үш түрін (жалақы, рента, пайыз) бөліп қарастырады. Бірақ өндіріске тағы бір фактор қажет ол кәсіпкерлік қабілеттілік, ол шаруашылық кешенде ресурстарды жинақтайды және еңбекті ұйымдастырады. Осыдан кейін кәсіпкердің табысы пайда болып табылады.Табыстардың барлық түрлерін қарастырамыз.

Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Р   S     Е Ре P0 D     Qе Q Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі. Егерде жалақы Ре-ден төмен болса сұраныс ұсыныстан артады, яғни еңбеккерлердің саны кем болады, ал, егерде жалақы Ре-ден жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артады, яғни жұмыс күші саны артық болады. Р – жалақының мөлшері; Q – жұмыс орнының саны  
7.2.сурет- Еңбек нарығы.

Еңбек нарығына тән:

- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

- әр түрлі мамандықтағы еңбеккерлер санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

- еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

- жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағалануы.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысуы арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныс қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейін көтеруге және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайын, жалақыны төмендетуге әкеледі.

Жұмыс күші ұсынысының өсуі жалақының төмендеуіне, жұмыспен қамту жағдайын өсіруге әкеледі. Жұмыс күші ұсынысының азаюы жалақының өсуіне, жұмыспен қамту жағдайының төмендеуіне әкеледі. П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

- халықтың жалпы санымен;

- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан, еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.

Өндіріс факторының бірі: жұмыс күші. Оның табысының негізгі бөлігін жалақы құрайды. Жалақының мәннің анықтауда екі көзқарас бар:

· Маркс жалақыны жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы емес, жұмыс күші тауарының құны мен бағасының өзгерген түрі деп түсінді;

· Неоклассиктер жалақы еңбек бағасы деп түсінді.

Сонымен жалақы дегеніміз- жұмысшы күшінің құнының оның бағасының өзгерген түрі.

Жалақының көлемі көптеген факторлармен анықталады:

ü жұмысшы күшінің құны (елдің дамуына байланысты)

ü жұмысшының еңбек өнімділігінің өсуі (қоғамдағы ғылымның, білімнің дамуымен байланысты)

ü жұмысшының квалификациясы мен еңбек сипаты (ауыр жұмыстардың, сирек кездесетін мамандықтардың, ерекше дарынды адамдардың және т.б.)

ü еңбек нарығындағы конъюнктура (жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа, жұмыс орынына бәсекеліктің болуы)

ü жалақының қоғамдық деңгейі (жалақының бір бөлігі салыққа, зейнетақы қорына және т.б. бөлінуі)

ü жынысы, ұлты, діні және т.б.белгілеріне байланысты.

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада, жалақы- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбек ақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбек ақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылар кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы. Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады.


7.4.сурет –Нақты және номиналды факторлардың айырмашылығы.

Жалақының негізгі түрлері:


Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады.

Жалақының формалары

       
   


МерзімдіКесімді

               
       


Жай мерзімді Мерзімді сыйлықты Тікелей кесімді Кесімді прогрессивті Кесімді сыйлықты Аккордты

Капитал

Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады:

- өндіргіш капитал - өндіріс құрал – жабдықтары.

- ақшалай капитал – ақша.

Капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі. Капиталдың өсімі – пайыз деп аталады. Несие пайызы – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие пайызы капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады.

Капиталға деген сұраныс инвестицияның пайдалылығына, экономиканың дамуына, мемлекеттің сұранысына, салым мерзіміне, салым салу саласына, тәуекелге және басқа да факторларға тәуелді.

Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшерілеме болып бөлінеді. Номиналды мөлшерлеме – бұл инфляцияның өсімін есепке алмай, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшерлемесі. Нақтылы мөлшерлеме - номиналды мөлшерлеме мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық. Мысалы:

жылдық номиналды мөлшерлеме – 15%,

алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 % (жылына)

нақтылы мөлшерлеме (15-7) = 8%

Жер рентасы- жер иелерінің факторлық табысы.

Жер – ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы ғана емес, ол бүкіл адам баласының “ кіндік кескен ауылы ” және “ асырайтын анасы ”.

Жер - қоғамдық өндірістің негізі болғанымен оның салаларында әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады.

Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік- экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар деп аталады.Ауыл шаруашылығында басты ӨҚЖ- жер болып табылады.

Жердің өндіріс құрал- жабдығы ретінде ерекшеліктері бар, олар, біріншіден, жердің кеңістік жағынан шектеулілігі, екіншіден, жер адам іс-әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі, сондықтан, оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар. Осы айтылған ерекшеліктерге байланысты жерге деген жердің ұсынысы икемсіз.

Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

1. Жердің құнарлылығы;

2. Жер телімінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер рентасы – жер телімін уақытша қолданғанға төленетін төлем.

Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік рента – бұл жер иелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан, нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді.

Сондықтан, нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.

Дифференциалды рентаның қайнар көзі құнарлығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.

Дифференциалды рента екі түрде болады:

1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер телімінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың жал төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциалды І рента деп атайды.

2. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалды ІІ рента деп атайды.

Жердің экономикалық құнарлылығын арттыру дегеніміз- жерді интенсивті игер келуі, яғни жаңа өндіріс құрал-жабдығын, сапалы тұқымдар, тыңайтқыштар т.б. қолдану арқылы.

Жерге жеке меншік болғандықтан, ол да тауар ретінде сатылуы мүмкін. Тәжірибеде жердің бағасы екі жағдайға: жер рентасына және банктің пайыз шамасына байланысты қалыптасады.

Жердің бағасы рентаға тура қатынаста да, несие пайызына кері қатынаста болады. R

ЖБ = — * 100%

S

Мұнда: R – рента, S – несие пайызы ЖБ – жер бағасы.

Кәсіпкерліктің табысы– пайда

Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Пайда бұл:

- өндірістін кеңеюінің көзі болып табылады;

- ресурстарды пайдалану деңгейі мен бөлуді сипаттайды;

- инновациялық технологияға капитал салуды ынталандырады.

Пайданы бөлу: кәсіпорындағы қалдықты, бюджетті және бюджетті емес қорларға, банктерге пайызды төлеу. Пайданы қолдану мыналар арқылы жүргізіледі: тұтыну (дивидендтер, материалды көмек), жинақтау, әлеуметтік мұқтаждыққа, қаржылай салым, шығындарды жабуға.

Пайданы есептеу әдістері мен түрлері:

1. Жалпы пайда = жиынтық табыс – өндіріс шығындары

2. Экономикалық пайда = жиынтық табыс – барлық ресурстарға экономикалық шығындар

3. Бухгалтерлік пайда = жиынтық табыс – айқын шығындар

4. Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда – өндірістін айқын емес шығындары

5. Таза пайда = жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер

6. Шаруашылық пайда = қалыпты пайда + экономикалық пайда

7. Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар

Сонымен, жалақы, пайыз және рента – бұл өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын табыстар.

Бірақ та, жалақы, пайыз және рента қайсы бір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа субъектілерге (өндіріс факторларын сұрайтындарға) - шығындар болып табылады.





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 6943 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...