Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
1. Word программасы қай нұсқада іске қосылмайды...
A. Бас меню арқылы Пуск-Программы-Mіcrosoft Word;
B. Жұмыс үстелінде Word программасы жарлығын екі шерту;
С. Бас меню арқылы Пуск-Документы жолдарын таңдап, файлдар тізімінен W белгісі бар қатарда тышқанды екі шерту;
D. Бас меню арқылы Пуск-Программы-Стандартные-Mіcrosoft Word;
Е. WORD редакторына бұрын дайындалған құжаттың белгішесіне тышқанды екі шерту.
2. WORD редакторымен жұмысты аяқтау қай нұсқада орындалмай қалады:
A. Файл – Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;
B. редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын Х басу арқылы;
C. тікелей Alt+F4 пернелерін басу арқылы;
D. Файл – Жабу (Закрыть) меню командаларын таңдау арқылы;
E. Тапсырмалар тақтасындағы Word программасы белгісінің жанама менюінен Закрыть (Жабу)командасын орындау.
3. WORD редакторында қалып-күй немесе қалып қатары негізгі терезенің қай маңында орналасқан:
A. терезенің жоғарғы жағында;
B. терезенің төменгі жағында;
C. Файл командасы арқылы шығатын сұхбат терезешесінде;
D. Вид (Окно) командасы арқылы шығатын сұхбат терезешесінде;
E. тақырып қатарынан кейін;
4. Егер WORD редакторында мәтін бөлігі ерекшеленіп тұрған мезетте теру жұмысы орындалса, қандай өзгеріс болады?
A. ерекшеленіп тұрған аймақ автоматты түрде форматталады;
B. ерекшеленіп тұрған аймақ оңға қарай жылжиды;
C. ерекшеленген аймақ солға қарай жылжиды;
D. ерекшеленген аймақ өшіріліп, оның орнына жаңа терілген мәтін жазылады;
E. ешқандай өзгеріс болмайды.
5. WORD редакторында мәтін ішінде Shіft пернесі басулы тұрғанда тышқан курсорын жылжыту кезінде қандай өзгеріс болады?
A. курсор жүріп өткен аймақ ерекшеленеді;
B. курсор жүріп өткен аймақ өшіріледі;
C. курсор жүріп өткен аймақ автоматты түрде форматталады;
D. аймақтың ерекшелеуі алынады;
E. ерекшеленіп тұрған аймақ оңға қарай жылжиды.
6. WORD редакторында қаріпті (шрифті) форматтауға қай нұсқа жатпайды:
A. тіл регистрін ауыстыру;
B. қаріп түрін өзгерту;
C. қаріп көлемі мен сызылымын өзгерту;
D. қаріптің түсін өзгерту;
E. Вид (Түр) командасы арқылы шығатын сұхбат терезешесінде.
7. WORD редакторында қаріп параметрлерін тағайындау қай нұсқада орындалмайды:
A. Формат – Қаріп (Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінде тиісті параметрлерді тағайындау қажет;
B. Форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен, қаріптің түрін, көлемін, сызылымын жылдам өзгертуге болады;
C. Абзац – Автоформат командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінде тиісті параметрлерді тағайындау қажет;
D. CTRL+І және CTRL+B пернелерін басу арқылы қаріптің сызылымын өзгертуге болады;
E. Жанама менюдегі Қаріп командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде тиісті параметрлерді тағайындау.
8. WORD редакторында көлденең сызғыштағы белгілер (маркерлер) көмегімен мынадай форматтау әрекеттері орындалмайды:
A. сол жақтағы жоғарғы белгіні қажетті орынға жеткізу арқылы, абзац басын (азат жол) көрсететін шегіністі өзгертуге болады;
B. сол жақтағы төменгі белгіні қажетті орынға жеткізу арқылы, абзац мәтінін толық жылжытатын шегіністі өзгертуге болады;
C. оң жақтағы белгіні қажетті орынға жеткізу арқылы, абзацтың оң жақ шекарасын өзгертуге болады;
D. белгілерді жылжыту арқылы, абзацтың жоғарысындағы және төменіндегі аралық шаманы өзгертуге болады;
E. оң және сол жақтағы қарайтылған бөлікті жылжыту арқылы сәйкес алаңды өзгертуге болады..
9. WORD редакторында Формат – Абзац командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде мынадай аралықтарды (интервал) өзгертуге болмайды:
A. жоларалық интервалды (межстрочный);
B. абзац алдындағы немесе одан кейінгі аралықты;
C. нөмір немесе таңба (маркер) мен мәтін арасындағы аралықты (выступ);
D. символдар арасындағы аралықты үлкейтіп, кішірейту;
E. табуляция орналасуы шамасын өзгерту.
10. MS Word мәтін редакторында қаріп көлемі мен аралықтарды өлшеуде қандай өлшем бірліктері қолданылады?
A. сантиметр, пункт, дюйм, миллиметр, пика;
B. сантиметр, дециметр миллиметр;
C. сантиметр, дюйм, пика, қатар, абзац;
D. метр, сантиметр, пункт;
E. сантиметр мен пика.
Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 1634 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!