Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүк парктерінің вагондары



Жалпы вагондар: жолаушылық, жүктік және техникалық.

Техникалық вагондар жол жөндеуі кезінде, тағы да басқа станциялық кішігірім операцияларды орындау кезінде қолданылатын вагондар.

Жүк вагондарының вагондары жұмыс атқарып жатқан және жұмыс атқарып жатпаған болып екі паркке бөлінеді. Жұмыс атқарып жатқан ол ЖЖ мен ЖҚ-ға қызмет көрсетіп жатқан вагондар, ал Жұмыс атқарып жатпағанға резервтегі, жөндеудегі вагондар жатады.

Теміржолда жүкті тасымалдау жалпы парктегі жүктік вагондармен (ҚР-сының вагондары немесе «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ы вагондары) және жеке меншік вагондарда (ЖЖ, ЖҚ, заңды тұлғалар, операторлық компаниялар вагондары) орындалады. ҚР-сында (2012 жылғы статистикалық мәлімет) шамамен 66500 жуық жүктік вагон бар. Оның ішінде, 32413 АВ, 10145 ЖВ, 3992 ПЛ, 6634 ЦС, 13319 – басқа вагон түрлері. Ал жеке меншік вагондар 61200 вагонға жуық. Жолаушы вагондары 2300 вагонға жуық. Локомотивтер 1900-ға жуық.

Вагондар қолдану тәсілі бойынша екіге бөлінген: әмбебап (жабық, ашық. платформа) және арнайы (бір жүк түріне арналған).

Жабық вагонның көпшілігі, 4 өсті, ЖК-64 т, көлемі – 120 м³.

Платформа үлкен көлемді, габаритсіз, ұзын өлшемді жүктерді тасымалдауда қолданылады. ПЛ-ның көпшілігі 4 өсті, ЖК-66 т.

Жабық вагон себілмелі жүктерді (руда, көмір, бидай, құрылыс материалдары) және ұзын өлшемді жүктерді (ағаштар, құбырлар) тасымалдауда қолданылады. Ашық вагонда жанында төмен беткейінде ашылатын люктармен жабдықталған. 4 өсті АВ-да әр жақта 7 люктан болады.

Цистерна сұйық жүктерді тасымалдау үшін қолданылады.

Изотермиялық вагондар тез бүлінетін, белгілі температураны сақталуы тиіс жүктерді тасымалдауда қолданылады. Олардың мынадай түрлері бар: рефрижиратор, вагон-термос, вагон-ледник.

Арнайы вагондарға цемент, бидай, минерал заттарды тасымалдауға арналған хопперлар (цементовоз, зерновоз, хоппер-дозатор), ыстық агломератты тасымалдайтын хопперлар, думпкарлар, арнайыландырылған цистерналар, автомобиль тасымалы үшін екі қабатты платформалар, транспортерлар жатады.

Думпкар (вагон самосвал) арнайы пневматикалық көтеру, төңкеру құрылғысы бар, үлкен көлемде жүк тасымалдайтын вагон.

Жоғары тонналы контейнерлерді ұзын базалы (фитингтік) платформада тасымалдайды.

Ауыр салмақты жүкті транспортердің (6-32 өске дейін) әр түрлі типінде тасымалдайды.

Хоппер цемент тасымалы үшін

Бидай тасымалы үшін хоппер

Хоппер-дозатор





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 708 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...