Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Таќырып. ¦лттыќ экономика ж‰йе ретінде. Негізгі макроэкономикалыќ кµрсеткіштер



Лекция жоспары (2 кр. саѓ)

1. Макроэкономикалыќ саясаттыњ маќсаттары мен ќ±ралдары.

2. Жалпы ±лттыќ µнім жєне оны µлшеудіњ єдістері.

3. Ж¦¤ мен Т¦¤, ¦Т, ЖТ жєне ЌТ µзара байланысы.

Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Еңбекке тарту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан.

Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроанализ» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар: жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).

Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда Ж.Ұ.Ө. – бұл мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетудің біржылдық нарықтық құны.

Экономикалық теорияда Ж.Ұ.Ө. номинальды және нақты түрге бөлінеді.

Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды.

Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.

Номиналды ЖҰӨ

Нақты ЖҰӨ = ——————————





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 442 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...