Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Таңдау операторы



Жоғарыда біз тармақталу командасында (операторында) белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты алгоритмнің 1 немесе 2-операторы орындалатынын қарастырдық.

Алайда, көбінесе мүмкін болатын жағдайлар екеу емес, одан да көп бола береді, яғни процесс көп тармақты болады. Таңдау операторы (case) бірнеше оператордың ішінен таңдау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады.

Case таңдау операторы көп тармақты алгоритмді барынша қарапайым және көрнекті түрде жазуға мүмкіндік береді. Тармақталу берілген шартты тексеруден басталады, шарт мәндері таңдап алынған типтердің бірі болатын бүтін, символдық, логикалық өрнек түрінде жазылады. Бұл өрнек оператор орындалар кезде белгілі бір мәнге ие болуы тиіс. Сол мән оған байланысты орындалатын оператордың белгісі ролін атқарады. Егер өрнектің есептелген мәні көрсетілген мәнінің біріне сәйкес келсе, сол қатардағы оператор орындалады.

жоқ
C1
оператор 1
C2  
оператор 2    
C3  
оператор 3  
оператор 4  
жоқ
иә
иә
жоқ
иә


CASE операторының блок-схемасы

Жазылу форматы:

Case <селектор-өрнек> of

<1-тұрақты>: <1-оператор>;

<2-тұрақты>: <2-оператор>;

...............................................

<n-тұрақты>: <n-оператор>;

Else <n+1-оператор>;

End.

Мұндағы өрнек – тексерілетін шарт таңдау индексі (селектор); 1,... n – тұрақтылар, яғни өрнектің мүмкін мәндері; 1- оператор, 2- оператор, п - оператор – тілдің кез-келген операторлары; < k –оператор > -өрнектің мәні көрсетілген мәндерден басқаша болғанда орындалатын тілдің кез-келген операторы.

Айнымалыларәр типте болады, longint (word, boolean, integer, char… немесе санау типі).

Бұл жерде тармақталу таңдау элементтерімен берілген, else операторы жоқ. Таңдау э лементі – бұл оператор, мысалы таңдау операторымен бір немесе бірнеше тұрақтыны таңдауды қамтамасыз етеді:

Операторды қолдануға мысал: Айдың нөмірін және жыл мезгілін анықтайтын программа жаз.   Program M1; var month: integer; begin writeln (‘айдың нөмірін енгіз от 1 – 12’); readln (month); case month of 1,2,12: writeln(‘қыс’); 3,4,5: writeln(‘көктем’); 6,7,8: writeln(‘жаз’); 9,10,11: writeln(‘күз’); else writeln (‘енгізу қате!’); end; end.

Практикалық бөлім

Тармақталу операторларын қолдануды үйрену.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2186 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...