Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шеміршекті балықтардың шығу тегі ж/е эволюциясы. Шеміршекті балықтардың ұйымдасуының негізгі сипаттары



Шеміршекті балықтар-Chondrichthyes барлығына жуығы теніз балықтары тек аздаған түрлері тұщы сукоймаларында кездеседі. Қазіргі кездегі шеміршекті балықтардың денесін плакоидты қабыршақ жапқан. Жұп жүзбе қанаттары горизонталь орналасқан, олар тек жогары ж/е төмен қарай қозғалуына көмектеседі. Алға қарай қозғалудын негізгі органы-құйрық. Құйрық қанаты гетероцеркальды. Бастын екі жағында 5-7 жұп сыртқы желбезек санылауы ашылады, әдетте бүріккіш жақ пен тіласты доғаларынын арасындағы санылау қалдығы болады. Ауыз тесігі үлкен, пішіні көлденен санылау сиякты вентральды жағында тұмсықтын астында орналаскан. Жұп танаулары жұтқыншақ қуысымен байланыспайды. Шеміршекті балықтардың торсылдақтары жоқ, ішегінде жаксы жетілген спиральды клапан болады. Жүректе артериальды конус бар. Клоака болады. Шеміршекті балықтардың белгілері- алдынгы мидың қақпагында нерв затынын болуы, іштей ұрыктануы, прогресивті көптеген түрлерінде тірі жұмыртка туудын дамуы ал кейбіреулерінде-тірі туудын болуы. Алғаш рет девонда пайда болған шеміршекті балықтар осы кезге дейін сакталган. Шеміршекті балықтардың ішкі қанқасы ешуақытта суйектенбеген, десе де кейбір туыстардын қабыршақтарынын түбінде суйек болады, бірак ол эндоқанқанын манызды қурылымы болып табылмайды. Бул топта шеміршек известелип қатаяды,ол устінгі призматарізді туйіршіктер кабатын тузейді.

6. Шеміршекті балықтардың систематикасы, тақтажелбезектілер мен бүтінбастыларға сипаттамаТақта жельезектілер кластармағы – Elasmobranchii

Тақта желбезектілердің басы ұзарған тұмсықпен аяқталады, ал тұлғаның арты бірте – бірте жіңішкеріп құйрыққа айналады, ол алға қарай қозғалу қызметін атқарады басты орган болып табылады. Құйрық қанаты гетероцеркальды типті. Горизанталь орналасқан жұп кеуде және құрсақ жүзбе қанаттары, сонымен қатар тақ арқа және аналь қанаттары болады. Аталықтарында құрсақ жүзбе қанатының ұзарған базальды элементі шағылысу мүшесі птеригоподияның – қызметін атқарады. Клоакасы болады. Басының екі жағында желбезек саңылаулары бар, олардың саны – 5, бірақ аздаған кейбір түрлерінде олар 6-7, желбезек қақпағы болмайды. Үлкен көзінің артында бір-бірден бүріккіш орналасқан, олар не ауыз қуысымен немесе жұтқыншақпен байланысты. Терісі плакойдты қабыршақпен қапталған, бастың екі жағында және тұлғасын бойлай бүйір сызығы созылып жатыр. Қаңқасы шеміршекті, бірақ известелінген. Омыртқалары амфицельді, бассүйек гиостилиялық. Алғашқы жақтарында тістері орналасады. Желбезек күлтелерінің формасы тақтай тәрізді (атауы соған байланысты) және жақтарында ұзына бойы орналасқан. Ішегі қысқа, спиральды қатпары бар,торсылдақ еш уақытта болмайды. Ұрықтануы іштей. Көбеюі жұмыртқа салу, тірі жұмыртқа туу және тірі туу арқылы жүзеге асады. Тұтасбастылар немесе Бүтінбастылар кластармағы – Holocephali шыққан тегі акула тектестер. Жүрегінде үш қатар клапандармен жабдықталған арериальды конус болады, ішегінде спиральды клапан орналасқан, етті еріндері ерін шеміршектерімен, ал жүзбе қанаттарының сыртқы қалақтары эластотрихиялармен ұсталып тұрады, аталықтарында жұп шағылысу мүшесі(птеригоподиялар) дамиды, аналықтары мүйізді қапшықпен қапталған ірі жұмыртқалар салады. Қабыршақтары – плакойдты, ішкі қаңқа – шеміршекті. Бассүйек – аутостилиялық таңдай-шаршы шеміршек ми сауытымен байланысқан(аталуы соған байланысты), омыртқа денесі болмайды, хорда өмір бойына сақталады.

Тип: Chordata – Хордалылар

Тип тармағы: Vertebrate – Омырткалылар

Класүсті: Pisces – Балықтар

Класс: Chondrichthyes –Шеміршекті балықтар

Кластармағы: Elasmobranchii – Тақтажелбезектілер

Отрядүсті: Selachomorfa –Акулалар

Отряд: Chlamydoselachiformes –Плащты акулалар

Туыс: Chlamydoselachus – Плащты акула

Отрядүсті: Batomorpha - Скаттар

Отряд: Pristiformes - Ара тұмсықты скаттар

Туыс: Pristis pectinatus – Кәдімгі аратұмсық

Кластармағы: Holocephali – Тұтасбастылар немесе Бүтінбастылар

Отряд: Chimaeriformes – Химератәрізділер

Туыс: Chimaera monstrosa – Европа химерасы

7. Сүйекті балықтардың шығу-тегі және эволюциясы.ұйымдасуының


негізігі сипаттары

Шығу тегiнен өте көне бекiрелер тұқымдасына жататын балықтар, өздерiнiң гүлдену шыңына 100-200 млн. жыл бұрын Жер бетiнде әлi динозаврлар жүрген кезде жеттi. Бұл балықтар өздерiнде көне акулалар мен скаттардың және қазiргi сүйектi балықтардың белгiлерiн ұштастырады. Сүйекті балықтар (лат. Osteichthyes) — омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы. Дене ұзындығы 0,7-1,1 см, ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті, (цикпоидтық, немесе ктеноидтық). Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар. Тұщы су және теңіз балықтарының қысымды реттеуі әртүрлі: тұщы су балықтары артық суды желбезек және тері арқылы шығарады, ал теңіз балықтары, бүйрек және желбезек арқылы. 2 класс тармағы бар: қалаққанаттылар және сәулеқанаттылар, (қазіргі заман балықтарының негізгі бөлігі). Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады. Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі. Жыртқыш балықтардың (алабұға, шортан) қарны үлкен әрі созылғыш. Қарыннан аш ішек басталады. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір ұзын. Кейбір балықтарда аш ішек пен тоқ ішектің түйіскен жерінде ұсақ тұйық өскіндер болады. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін үлғайтады. Тік ішек аналь тесігімен аяқталады. Бауырлық, үйқыбездің өзектері аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. Бауыр улы заттар мен зиянды өкімдерді зарарсыздандыруға қатысады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше - торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйекті балықтарда торсылдақ болмайды. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады. Желбезек шашақтары бірден сүйектіжелбезек доғаларына бекіген. Сүйекті балықтардың терілі желбезекаралық пердесі болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалуына тікелей байланысты. Сүйекті балықтардың қантарату жүйесі теміршекті балықтарға ұқсас. Қарыншаның қабырғасы құлақшадан қалың, одан құрсақ қолқа қантамыры басталады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзек болады. Оларда алғашрет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар. Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар. Бүлардың кейбір отрядтарының қаңқасында сүйектен гөрі шеміршек көбірек. Сондықтан шеміршекті балықтарға ұқсас белгілері байқалады. Мысалы, тұмсығының болуы, құйрық жүзбеқанат қалаларының тең болмауы. Олардың сүйекті балықтарға тән желбезек қақпағы және торсылдағы болады. Бұл балықтар бекіретәріздестер отрядына топтастырылған. Олардың денесін бойлай 5 қатар ірі мүйізді шытыралар орналасқан. Мұндай шытыралар жонында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында да бар. Басқа балықтардың денесінде осындай ірі мүйізді шытыралар болмайды. Балықтардың жеке түрлерін осы шытыралардың санына қарай ажыратады. Бекірелердің кәсіптік мәні зор. Дәмді еті, қара уылдырығы қымбат бағаланады. Сондықтан да халқымыз «балық патшасы - бекіре» деп атайды. Каспий теңізінде кездеседі. Олар уылдырық шашу үшін Еділ, Жайық өзендеріне көтеріліп өрістейді.

8.Ескекқанаттылардың сипаттамасы: ұйымдасу ерекшеліктері, олардың шығу- тегі және эвалюциясы.

Қалаққанатты балықтар ежелгі саркоптеригиялардың қазба қалдықтары төменгі девонның тұщы су және теңіз қабаттарынан белгілі. Сол кездің өзінде ақ олар екі бағытта мамандана бастады: біреулері конустәрізділер тістері бар жыртқыштар, ал екіншілері үгіткіш тіс тақтайшаларыбар моллюскажегіштер. Бірінші бағыттың өкілдері Саусақтты балықтар (Crossopterygimorpha) отрядүстіне, екіншілері Қостынысты балықтар (Dipneustomorpha) отрядүстіне бірігеді. Саусаққанатты балықтар отрядүстіне Crossopterygimorpha – ежелгі және басым көпшілігі жойылып кеткен балықтар тобы. Алғашқа рет төменгі девонның тұщы су қабатында пайда болған. Девон мен карбонда кең тараған. Мезойда саны қасқарған. Ми сауыты иіс сезу және ми бөлімдеріне жіктелген, бір біріне өозғалмалы бекінген. Бассүйегі амфистилиялық, кейбір түрлерінде аутостилияға ауысуы байқалады. Әдетте ішкі танау хоанасы бар. Екінші жақ жақсы жетілген. Омыртқа денесі түрлі деңгейде дамыған. Жұп аяқтары бисеральды архиптеригия типі бойынша құрылған. Қос тынысты балықтар отрядүсті Dipneustomorpha тұщы су балықтары. Алғашқы рет төменгі девонда пайда болған және осы заманға дейін сақталған. Бір авторлар қостыныстылар сонау төменгі девонда қарапайым саусаққанаттылардан бөлініп шыққан, өте күшті маманданған бүйір бұтақ деп санайды. Екіншілері бұлардың тегі саусаққанатты балықтармен бір және олардың өте күшті өзгерген бір бұтағы деп есептейді. Қазба түрлері кең тараған топ. Қазіргі кезде Оңтүстік Америка, Африка мен Австралияның тропикалық су қоймаларында кездеседі.

9. Қосмекенділердің шығу-тегі және эволюциясы. Қосмекенділердің ұйымдасуының ерекшеліктері.

Амфибилер-суда тіршілік ететін балықтармен құрлықта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады.Оларды құрлықтада,судада тіршілік етуіне байланысты қосмекенділер деп атайды Қосмекенділер алғашқы рет біздің планетамызда девоның аяғында пайда болды.Олардың алуан түрлілігі палеозой эрасының таскөмір және пермь кезеңдерінде шарықтау шегіне жетті.Қосмекнділердің эволюциялық дамуы 300 млн.жылға созылды.Қосмекнділер-тіршілігі сулы ортамен байланысты,бірақ алғашқы құрлыққа шыққан омыртқалылар.Уылдырығының қатты қабығы болмағандықтан ол тек суда ғана дамиды.Дернәсілдері сулы ортада тіршілік етеді,сонда өзгеріске ұшрап,түрленіп құрлықта тіршілік ететін ересектерге айналады.Осыған сайкес желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып,қан айналу системасының түрі өзгеріп,бес саусақты аяқ пайда болып,сезім органдарында көптеген өзгерістер болады.Ересек формаларының құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі нашар.Өкпесі нашар дамыған, сондықтан терісі қосымша тыныс алу қызметін атқарады.Үш камералы жүрегі қанның артерия және вена қанына ажырауын орындай алмайды, сол себепті денесінің көпшілік бөлігінде артериямен аралас қан жүреді.Осы кезде тіршілік ететін қосмекенділердің 2600-2800 жуық түрі бар. Басқа омыртқалыларға қарағанда,қосмекнділер аз таралған.Көптеген түрлері температурасы тұрақты,өте дымқыл тропикте тіршілік етеді.Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз,ал Арктика мен Антарктикада олар мүлдем болмайды.Бұлар басқа шөлді оьлыстармен биік таулы елдерде қосмекенділер аз кездеседі,немесе мүлдем кездеспейді.

10) Анамния мен амниотаның арасындағы айырмашылықтары. Амниотаның эмбрионалдық дамуы.

Жақтылар таксономиялық жағынан бір-біріне жақын келмейтін 2 топқа жіктеледі. 1 топ - Anamnia (Анамниялар, Қағанақсыздар немесе Су жануарлары). Бұларға шеміршекті, сүйекті балықтар және қосмекенділер жатады. Қосмекенділер құрлыққа шыққанмен сулы ортамен байланысын үзбеген. 2 топ - Amniota (Амниоталар - Қағанақтылар немесе Алғашқы құрлық жануарлары). Бұларға Reptilia, Aves және Mammalia жатады.

Анамниялар мен Амниоталардың бір-бірінен айырмашылығы: а)жұмыртқасының құрлысында; ә) эмбриональдық дамуының сипатында; б) ересектерінің құрылысының көптеген ерекшеліктерінен көрінеді.

а) Анамниялардың жұмыртқасы іркілдек қабықпен қапталған, ол сулы ортада оның формасын сақтайды. Сары уызы аздау, ұрықтық дамуы үшін қажетті су сыртқы ортадан жұмыртқа қабығының қабілетіне қарай енеді. Амниоталардың жұмыртқасы бірнеше қабат қабықтарымен қапталған, формасын сақтап тұрады. Сары уызы мол - дамуы үшін керекті заттар (тірек және энергетикалық) жеткілікті. Ақ уыз үлкен, дамуы үшін су мұнда жеткілікті.

ә) Анамнияларда жұмыртқа клеткасы толықтай бөлшектенеді, пайда болған личинка жұмыртқа қабығын жарып, суға түсіп, желбезектермен тыныс алады. Амниоталардың жұмыртқа клеткасы сары уыздың ішінде жатады. Осыған орай бөлшектену тек анимальды полюсте жүріп, сарыуызда қалқып тұратын бірқабатты ұрық дискісі түзіледі. Ол ары қарай дамып, ұрықтық үш жапырақша: эктодерма, мезодерма және эндодерма түзейді, одан сомиттер пайда болып, органдар жүйесінің бастамасы қалыптасады. Сыртқы ұрықтық қабық - сероза, ішкі ұрықтық қабық - амнион п.б. Личинкалық стадия болмайды. б) Ересек анамниялар мен амниоталарда ерекшеліктер көп. 1 - тері жабындысы анамнияларда су және газ өту үшін тері бездері бөліп шығаратын сілемейлермен жабылған. Қабыршақтар, жабынды сүйектер - терінің дәнекер ұлпасынан пайда болады. Амниоталарда тері бездері аз (сүтқоректілерден басқаларында), эпидермистің үстінгі қабаты мүйізденген. Қабыршақ, тұяқ-тырнақтар, қауырсын, түк-эпидермис туындылары; 2 - тірек - бұлшықет жүйесі Амниоталарда толықтай сүйектенген, әрі жіктелген; 3 - асқорыту жүйесі - амниоталарда жақсы жіктелген; 4 - тыныс алу - анамнияларда желбезек, тері, өкпе; амниоталарда - өкпе; 5 - қантасымалдау жүйесі - амниоталарда кіші және үлкен қанайналу шеңбері жақсы жетілген, жүректе қан шамалы араласады, немесе мүлдем араласпайды; 6 - нерв жүйесі - ми амниоталарда жақсы жіктелген және күрделенген; 7 - зәр-жыныс жүйесі - анамнияларда болатын мезанефрос бүйрек амниоталардың ұрығында ғана жұмыс атқарады, негізінен метанефрос бүйрек.

11 Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі және эволюциясы.

Бауырмен жорғалаушылар класы – Reptilia, алғашқы құрлық омыртқалылары.Жер бетінде тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бауырмен жорғалаушылардың қосмекенді тектерінен бөлінуі орта карбонда (320млн.жыл) жүрген болуы керек. Бұл кезде қарапайым эмболомерлі стегоцефалдар-антракозавлардан(Anthracosauria) Diploverteban сияқтылардан, әліде болса тіршілігі суқоймалары және жағалаумаңы биотоптарымен байланысты болған, майда су және құрық омыртқасыздарымен қоректенетін формалар бөлініп шықты. Бұлар алғашқы карбонда пайда болған, қарапайымды батрахозаврлардан бөлініп шыққан. Соңғы карбон мен пермьде кең тараған өйткені бұл кезеңдердегі қарқынды тау пайда болу процестері жүрді, осыған орай жер бедерінің тілімделуі және құрғақ биотоптардың аудандары артты. Мезозойда рептилиялар шарықтау шегіне жетті. Бор кезеңінің соңында рептилиялардың көптеген отрядтары жойылып кетті.. Бұлар өте қозғалмалы және олардың миы ататектерімен салыстырғанда біршама үлкен болды. Олардың терісі мүйіздене басталуы мүмкін.

12. Бауырымен жорғалаушылардың ұйымдасуының негізігі ерекшелігі, кластармағына дейінгі систематикасы.

Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар (Reptіlіa) – омыртқалы жануарлардың бір класы. Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі– мезозой.Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлартараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты. Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың,мезозой, кайнозой шөгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған. Дүние жүзінде 8000-нан астам түрі кездеседі. Қазақстанда 2 отряды (тасбақалар, қабыршақтылар), 2 отряд тармағы (кесірткелер,жыландар),13тұқымдасы (тұщы су тасбақасы, құрлық тасбақасы, геккондар, ешкіемер, келес, ұршықсап, сцинктер, кесірткелер,соқыр жыландар, су жыландар, құм айдаһары, сұр жыландар, қалқан тұмсықтылар), 24 туысы, 51 түрі бар. Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді. Денесінің ұзындығы бірнеше см-ден 10 м-ге дейін болады. Терісі әдетте безсіз, мүйіз қабыршақпен не қалқандармен жабылған, бұл олардың денесін құрғап кетуден және түрлі зақымнан қорғайды. Қаңқасы мен бұлшық еттері жақсы жетілген. Бауырымен жорғалаушылар өкпесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі 2 шеңберлі, жүрегі 3 камералы (2 жүрекше, 1 қарынша, тек қолтырауындарда 4 камералы). Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы көбейеді, ірі жұмыртқаларын құрлыққа салады. Жұмыртқалары қоректік сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебінен өсіп жетіледі. Кейбір кесірткелер (сцинк) мен жыландар тірідей туады. Олардың кейбір түрлері партеногенетик. жолмен (еркегінсіз) көбейеді. Қос бүйрегі арқылы зәр шығарады (көпшілігінің несеп шығаратын қуығы болады). Бауырымен жорғалаушылардың тіршілік әрекеті көбіне күн сәулесі радиациясы мен өзін қоршаған орта температурасына байланысты. Дене температурасы 6 – 8°С-қа төмендегенде олардың қимылы нашарлайды, ал температура 2 – 3°С болғанда қысқы ұйқыға кетеді. Көбінесе шөлді жерлерді мекендейді. Су тасбақалары, қолтырауындар балықтармен, балдырмен, кесірткелер жәндіктермен, құрлық тасбақалары өсімдіктермен қоректенеді. Өздері де аң-құсқа жем болады. Ірі жыландар мен қолтырауын терісінен түрлі бұйымдар жасалады, кейбір елдерде тасбақа еті мен жұмыртқасы тағамға пайдаланылады, жылан уы медицинада қолданылады. Бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлері (жұмырбас шұбар кесіртке, Зайсан жұмырбас кесірткесі, кесел, сары жылан, т.б.) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3549 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...