Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіпорындағы өндірістік шығындар теориясы және мәні



Шығындарды зерттеумен саяси экономика классиктері де айналысқын. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығындар» деген терминді олар бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген немесе өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе саладағы кәсіпорындардың бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төпемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.

Шығындар деп – тек жабайы шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген нәтижесінде өнім өндіріп, өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланатын ақшалай көрінісі. өндірістік шығындардң жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:

1. Әлеуметтік – экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорынның шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шағандары жатады. Өөндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болвп табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жапақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

2. Өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.

Бухгалтерлікке - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда фаторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің құны түрін алады.

Экономикалық шығындар деп – кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен - өзі түсінікті).

Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын (ақшалай) немесе айқын емес (имплициттік) шығындарға бөлінеді.

Айқын шығындар (explicit costs) деп - өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу, т.б.

Айқын емес шығындар (implicit costs) - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. [1]

Өндіріс шығындарын түр – түрге бөлудің классификациялық белгілері болады. (кесте 2)

Кесте 2

Өндіріс шығындарының классификациясы

Классификациялау белгілері Шығындардың бөлімшелері

Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық эл.

Өзіндік құнның баптары Калькуляцияның өзіндік құнының

баптары

Технологиялық процеске қатынасы Негізгілер, үстемелер

Құрамы Бір элементті, кешендік

Өнімнің өзіндік құнына Тікелей, жанама

жатқызу тәсілі

Өндіріс процесіндегі рөлі Өндірістік, өндірістен тыс

Шығын жасаудың мақсатқа сайлығы Өнімділік, өнімділік емес

Жоспарға енгізу мүмкіндігі Жоспарланған, жоспарланбаған

Өндіріс көлеміне қатынасы Тұрақты, өзгермелі

Пайда болу дүркінділігі Ағымдағы, біржолғылық

Дайын өнімге қатынасы Аяқталмаған өндіріс шығындары, д дайын өнім шығындары

Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) деп осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. (сурет 2)

Өзгермелі шығындарға ( veriable costs VC) деп осы берілгентмерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып, болжап басқара алады. (Қосымша А)

Жалпы шығындарға (total costs TC) – кәсіпорынның тұрақты және өзгермелі шығындарының сомасы:

TC = FC + VC

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады.

Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындардың шамасын белгілейтін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа, негізгі және жанама көмекші материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген түрлеріне шығындар, т.с.с. (Қосымша А)

Орташа шығындар АТС – бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:

ATC = TC/ Q

Осыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі.

Ұзақ мерзімде кәсіпорынның масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамаданемесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорынның кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң немесе теріс эффектісімен (ауқым нәтижесімен) дәлелденеді.

Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады.

Кәсіпорынның тиімділігінің барынша төмен көлемі, фирмаға өзінің ұзақ мерзімдік орташа шығындарын барынша төмендетуге мүмкіндік беретін, өндірістің ең аз көлемі. [1]

Шекті шығындар МС – бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар:

MC = ▲TC/▲Q

ΙΙ. Өндіріс шығындарын азайту резервтері («Оралоблгаз» мұнай өнеркәсіп саласында)





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3528 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...