Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Макроэкономика және микроэкономика



Макроэкономика - экономиканы тұтас алып зерттейтін экономикалық ғылым бөлімі. Макроэкономикада зерттелінетін негізгі мәселелер: жиынтық өндіріс, жұмыссыздық, бағаның жалпы деңгейі (инфляция), экономикалық саясаттың басты мақсаттары.

Микроэкономика - экономика ғылымының кәсіпорын (фирма) мен саланы, үй шаруашылығын, сондай-ақ жекелеген нарықтарды, нақты бағаны, тауарлар мен қызметтерді зерттейтін бөлімі.

№64 Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) объектілері.

Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) объектілері – бұл елдің дағдылы түрде шешімін таппаған немесе жеке дара болашақта шешілетін қиыншылықтары, мәселелері пайда болған немесе пайда болуы мүмкін салалары, аймақтары, сонымен бірге жағдайлары, әлеуметтік-экономикалық өмір шарттары және құбылыстары, яғни бұл мәселелерді шешу экономиканың қалыпты қызмет етуі үшін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күтпейтін қажеттілік.

ЭМР-нің негізгі объектілеріне:

- экономикалық цикл;

- шаруашылықтың секторлық, салалық және аймақтық құрылымы;

- капитал жинақталуының жағдайлары;

- жұмысбастылық;

- ақша айналымы;

- төлем балансы;

- баға; НИОКР – ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

- бәсеке шарттары;

- әлеуметтік қатынастар, соның ішінде жұмыс берушілер мен жалданып жұмыс істеушілер арасындағы қатынастар, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру;

- кадрлар даярлау және қайта даярлау;

- қоршаған орта;

- сыртқы экономикалық байланыстар.

ЭМР объектілері ретінде орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды басқару органдары саналады. Мемлекеттік реттеудің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

• шаруашылықты басқарудағы толықтай мемлекеттік монополизм. Бұл КСРО және социалистік достастық елдеріне тән болған, алайда қазіргі кезде кейбір коммунисттік елдерде де сақталған;

• нарықтық және мемлекеттік реттегіштердің әр түрлі нысанда үйлесуі.

Бұл «жапондық», «шведдік» үлгілерге, Германия федеративтік мемлекетінің әлеуметтік бағдарланған нарықтық шаруашылық үлгісіне, Австрия, «қытайлық» даму үлгісіне тән;

• жеке кәсіпкерліктің тежеусіз шарттарын ғана тиімді деп мойындаушы төтенше либерализм. АҚШ үшін тән.

Мемлекеттік реттеудің тиімділігі мықты заңнамалық, атқарушы, сот билігінің болумен анықталады.

№65 Нарықтық инфрақұрылымды мемлекеттік реттеу.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1792 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...