Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жобаның мақсат ағашы



Программалық жабдықтаулар мен ақпараттық жүйелердің жобаларын басқару (ПЖЖБ, Американдық стандарт, 1987 жыл) құрамында жоспарлау, ұйымдастыру, мамандарды таңдау, мониторинг жасау, бақылау мен жетекшілік ету үдерістері бар және программалық жабдықтаудың жобасын орындау бойынша жұмыстар ретінде программалық жабдықтаудың жобасын басқаруды анықтайды.

Жобаны басқару мақсаты-бұл ресурстарды тиімді қолдану және программалық өнім мен ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы бойында оларды жеке жұмыстарға үйлестіріп бөлу жолымен оларды жоғалтып алуды болдырмау. Жобаны ұйымдастыруда таңдалған модель негізінде жұмыстардың барлық түрлерін ұйымдастыру ақпараттық жүйелер жобасын басқару кезіндегі қызметтің негізгі түрлері болып табылады, осы кезде функционалды және матрицалық модельдері қарастырылады. Жеке жұмыстарды орындау кезінде еңбек өнімділігін бағалау үшін қатаң нормативті қордың жоқ болуы, сонымен қатар жобаның негізгі параметрлерін жеткілікті сенімді түрде бағалау қиындықтары ақпараттық жүйелердің программалық жабдықтауларының жобаларын басқару ерекшеліктері болып табылады. Сондықтан программалық өнімнің сипаттамаларын өлшеу үшін өлшемдер жүйесін орнату қажеттілігі, сонымен қатар басқа жобаларды құру жайлы мағлұматтарды үнемі жинау және жүйелендіру мәселесі туындайды. Ақпараттық жүйелердің жобаларын құру кезінде жоба параметрлерінің бағасын үнемі анықтап отыру керек, сондықтан жұмыстарды жоспарлау жүйені құрумен бірге қатар жүргізіліп отырады. Негізінде, өмірлік айналымның келесі фазасы бірнеше бөліктерге бөліп жоспарланады, жуықтап келесі фазаның параметрлері жоспарланады және орнатылады, уақыт өте келе баға нақтырақ бола түседі. Күрделі ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар жобаларын басқару ерекшеліктеріне тәуекелдікті, тәуекелдіктің әр түрлі көздерін жатқызуға болады. Сондықтан жобаны жетістікпен орындауға қауіп төндіретін тәуекелдікті басқаруға ақпараттық жүйелерді құру кезінде аса мән беріледі. Жобаны басқару ақпараттық және программалық өнімдерді құрудың заманауи әдістері мен жабдықтарын таңдауға мүмкіндік береді, олар өмірлік айналымның барлық этаптарында қолданылады және жоба менеджері жабдықтар мен әдістерді таңдауға, оны құрастырушы ұжымның меңгеруіне және оларды практика түрінде қолдануға жауап береді. Бұл техникалық басқару саласы: сапаны басқаруды ұйымдастыру, конфигурацияны басқару, құрылған программалық өнімнің верификациясы мен аттестациясын басқару. Қазіргі кезде жобаны басқару әдістері стандартты басқару әдістеріне жатады. Басқарудың иерархиялық моделімен бірге матрицалық модель де кең түрде қолданыла бастады. Бұл жоба жетекшісіне басқару есептерін бөлімдер бойынша және орындаушыларға бөлуге мүмкіндік береді, яғни есептерді кешендік түрде шешуді қамтамасыз етеді.


8.Жобаны жоспарлаудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. Жобаның жоспарын түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.

Жоспарлау – бұл менеджменттің алғашқы функциясы. Программалық өнімді құру жобасын жоспарлаудың жоспарлау түріне қатысты жалпы аспектілері, сонымен бірге тек программалық өнімді құру үдерісіне тиісті арнайы аспектілері бар.

Жобаларды басқару үшін:орындалатын жұмыстардың жаспары құрылады; жоспардың орындалуы бақыланады. Жобаның басталуы және аяқталуы бар.

Жоба – бұл белгілі уақыт мерзімінде нақты нәтижеге және кесімді ақыға және қойылған мақсатқа жету іс-әрекеті. Жоспарларды жоспарланған кезең бойынша бөлуге болады:

- Стратегиялық. Стратегиялық жоспар ұзақ кезеңді қамтиды.

- Ағымдық. Ағымдық жоспар ағымдағы орындалатын жобаға жатады.

- Жедел. Жедел жоспар бірнеше рет құрылуы және бір жоба бойы орындалуы мүмкін.

Жоспарлау – жобаның орындалу кезінде орындалатын тұрақты үдеріс. Жоспарлаудың мәні мақсатты қоя білуден және оған жету үшін әр түрлі тәсілдерден тұрады: жұмыстарды орындау кезінде әр түрлі жабдықтар мен әдістерді қолдану,ресурстарды үйлестіре білу, жоба қатысушыларының жұмысты бірлесе отырып орындауы.

Жоба жоспарының қажеттілігі: жоспар айқын түсінікті қалыптастыруға көмектеседі; жоспар жобаның орындалуы кезіндегі әр адамның рөлін айқындап береді;жоспар жұмыстың әр түрлі бөліктерінің арасындағы барлық өзара байланысты көруге мүмкіндік береді; жоспар – әрбір кезектегі өзгерістердегі санаққа алу нүктесі;жоспардың көмегімен қай кезде мақсатқа жеткендігін, қашан жобаның аяқталғанын көруге болады.

Жоба мақсаты айқын түрде берілуі керек және белгілі бір критерийлерді қанағатандыруы тиіс: нақтылық; шынайылық; өлшемділік; қайшылықсыздық.

Мысалы кез келген бір жобаны жүзеге асырудан бұрын, оған жоспар құрып аламыз. Жоспарсыз жобаның құрылуы ол тиімсіз. Жоспар айқын, нақты, дұрыс жасалуы қажет.


9.Жобаның жоспарын құру және талдау әдістемесін түсіндіріңіз.

Жоспарлауға жалпы бағыттама мына түрде болады: есептер тізімін жасау; жұмыстың орындалу графигін құру; талап етілген ресурстарды бөліп алу; жауапкершіліктерді бөлу; есептер арасындағы тәуелділікті анықтау; есептерге тұлғаларды тағайындау; есептің орындалу мерзімін анықтау; нақты есептермен байланысты тәуекелдікті бағалау; қиын жолдардан шығуды табу; басқарудың инфрақұрылымын құру; шығындарды бағалау.

Жоба жоспарының құрамы: есептер; ресурстар;бағыты.

Есеп – нәтижеге жету үшін жоба көлемінде орындалатын жұмыс. Бақылау ыңғайлы болу үшін жұмыстар фазаларға және топтарға біріктіріледі. Фазалардың жиынтығы өмірлік айналым деп аталады. Жоба жоспары неғұрлым бөлшектенген болса, соғұрлым жоспар нақты болады, әр жоба фазасы аяқталғанда нәтижені талдау жүргізіледі, түзетулер енгізіледі. Кей жағдайда келесі фазаға өту ерте болуы мүмкін. Есептер 3 типті болуы мүмкін:нақтыланған ұзақтықпен; нақтыланған еңбек шығынымен; нақты ресурстар көлемімен.

Веха – фазаның соңғы есебі. Әр есеп сипатталады: ұзақтығымен – есеп орындалуы үшін жұмыс уақытының кезеңі; еңбек шығынымен.Байланыстар типтері: аяқталуы – басталуы;басталуы – басталуы;аяқталуы – аяқталуы; басталуы – аяқталуы.

Ресурстар: кадрлар; программалық жабдықтар; ақпараттық жабдықтар;техникалық жабдықтар. Жобада әр қызметкердің өз рөлі бар. Адам ресурстарының тізімін жасау кезінде рөлдік жоспарлау жиі қолданылады, яғни жұмысты орындау үшін мамандардың қажеттілігі анықталады, содан кейін ғана қызметкерлер жұмысқа алынады.

Ресурстар құны – жобада оларды қолдану құны. Екі баға қолданылады:уақыт бойынша бірлік;пайдалану құны.

Тағайындау – нақты есептер мен ресурстар байланысы. Тағайындау жоспардағы ресурстар мен есептерді біріктіреді. Есептің орындалуына жауапты тағайындалады. Жеке есептерге ресурстарды тағайындау арқылы есептердің орындалу мерзімін реттеуге болады.

Жоба үшбұрышы: уақыт; ақша;жұмыс көлемі.Жоба құрамының кез-келгенінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне алып келеді. Үшбұрыштың ішіндегі төртінші элемент – сапа. Кез-келген құрамның өзгеруі сапаға әсер етеді. Жоспарлау кезінде ең бастысы– ресурстар арасындағы жұмыстарды бірдей етіп бөлу.

Құнды жоспарлау әдістері:аналогия бойынша; «төменнен жоғарыға» қағидасы бойынша- жеке есептердің бастапқы құнын есептеу және олардың қосындысы;«жоғарыдан төменге» қағидасы бойынша- жобаның жалпы құны анықталады, содае кейін жеке есептерге бөлінеді..


10.Жоспарлау үдерісі. Ақпараттық жүйелердің және программалық жабдықтардың жобасын құруды жоспарлауды түсіндіріңіз.

Жоспарлау үдерісі – күрделі, итеративті. Жұмысты орындау үшін жоба жөніндегі барлық ақпаратты және алдыңғы жобалар жайлы мағлұматтарды жинау керек. Осы кезде жобаның барлық есептерін және оларды шешу жолдарын бірден қарастыру қажет. Жоспарлау үдерістері негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Жоспарлаудың негізгі үдерістері: функционалды декомпозициялау; өмірлік айналымның фазалары бойынша жұмыс құрамын анықтау;жұмыстар тізімін, олардың өзара байланысын анықтау және оларды құжаттандыру;жұмыс ұзақтығын бағалау; жұмыс құрамын, олардың тізбегін және күнтізбелік жоспарды құру үшін қажетті ресурстарды талдау; ресурстар құнын есептеу және жобаның сметасын жасау;жоспарлаудың басқа үдерістерін қосып, жоба жоспарын жасау.

Қосымша үдерістер: сапаны басқару бойынша жұмыстарды жоспарлау; верификация мен аттестация бойынша жұмыстарды жоспарлау; тәуекелдікті, конфигурацияны басқаруды жоспарлау;ұйымдастыруды жоспарлау– жоба қатысушысының жобадағы рөлін анықтау;кадрларды басқаруды жоспарлау; программалық және техникалық жабдықтарды жеткізуді жоспарлау.

Жоспарлау – жұмыстың орындалу мерзімін және оның құнын мейлінше дәл анықтау. Жоспардың жалпы сұлбасы ірі фазалардан құрылады. Фазалар есеп блоктарына бөлшектенеді.

Ақпараттық жүйелердің жобаларының орындалуы кезінде жоспарды құру: пәндік аймақты басқаруды жоспарлау құнды басқаруды жоспарлау;жобаның мерзімін басқаруды жоспарлау;ақпараттық жүйелердің сапасын басқаруды жоспарлау; конфигурацияны басқаруды жоспарлау; тәуекелдікті басқаруды жоспарлау;адам ресурстарын басқаруды жоспарлау. Пәндік аймақты басқаруды жоспарлау құрамына кіреді:құрылымдық декомпозиция; жобадағы уақытты басқару; құнды басқару;қосымша үдерістер, олар сапаны жоспарлаумен және басқарумен, конфигурацияны басқарумен, тәуекелдікті басқарумен, адам ресурстарымен, жеткізілімдермен байланысты.

Жұмыстарды бөлу құрылымы. Мұнда туындайтын басты мәселенің бірі– функционалды декомпозиция, яғни жоба көлемінде орындалуы тиіс жұмыстардың иерархиясын тұрғызу. Жұмыстарды бөлу құрылымы алынғаннан кейін және жұмыстардың орындалу тізбегін бейнелейтін желілік график құрылған кейін уақыт бойынша жұмыстарды бөлуді жоспарлауға көшуге болады. Жоспарлау жабдықтар туралы сөз қозғағанда, біз тек желілік графикті ғана атадық, сонымен бірге Гантт картасы, Бар-картасы қолданылады. Бар карталар – қағазда матрица түрінде берілген қарапайым карта, орындалуы тиіс жұмыстар түрлері Х осі бойынша көрсетіледі. Х осі апта күндерін көрсетеді, осы аралықта жұмыстар орындалуы тиіс. Гантт карталарында басталуы жайлы қосымша ақпарат берілуі мүкін.


11.Мақсат ағашы, жұмыстардың иерархиялық құрылымына сипаттама беріңіз. Жауапкершілік матрицасын құруға мысал келтіріңіз.

Жобаны құрылымдау үшін арнайы модельдерді қолданады: мақсат ағашын; шешімдер ағашын; жұмыстар ағашын; орындаушылардың ұйымдастырушылық құрылымын; жауапкершілік матицасын; желілік модельді; пайдаланылған ресурстар құрылымын; шығындар құрылымын.

Мақсат ағашы – бұл жобаның бас мақсатының келесі деңгейдің ішкі мақсаттарына бөлінетіндігін көрсететін графтар, сұлбалар.

Ағаш – бұл элементтердің өзара байланысын және бағыныштылығын көрсететін байланысқан граф. WBS басқарудың жоғарғы деңгейіндегі құрылатын объектінің құрылымын бейнелейді және төменгі деңгейдегі жеке, арнайы жұмыстарды сипаттайтын құрылымға көшуге мүмкіндік береді.

Жобаның мақсат ағашы

Жауапкершілікті бөлу матрицасы (ResponsibilityAssignmentMatrix) – жобаның ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес әр жұмысқа жауапты тұлғаларды тағайындау үшін жұмыстардың декомпозиция құрылымын (WBS) қоя алатын құрылым. Жауапкершілік матрицасы (ResponsibilityMatrix) WBS және OBS негізінде жұмыстар пакетін орындаушы ұйыммен байланыстырады. Желілік модельдер (Project Network Diagram). Желілік графиктер жұмыс кестесіне жобаның жұмыс істеу жоспарын енгізуді қамтамасыз етеді. Олар жоба жұмысының мониторингісі мен бақылаудың негізі бола алады. Жоспар мен бюджетпен бірге олар жобаны басқарудың бас құралы болып табылады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2122 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...