Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Туристік іс-құжаттарға койылатын талаптар және оларды алу жолдары



Саяхат барысында орынсыз жағдайлар мен түсініспеушіліктер болмауы үшін жолдамаларын сатып алған кезде, міндетті түрде, туристік фирмалармен келісім-шартқа отыру керек. Туристік фирмалармен келісім-шарт жасасқан кезде, аса мұқият болған жөн.

Келісім-шартқа қол қойған екінші жақ туралы толық ақпараттың болуын қадағалаңыз. Қол қойған қызметкердің аты-жөні, байланыс телефоны, төлқұжатының нөмері мен жарамдылық мерзімі, оның келісім-шартқа қол қоюы туралы құқығын растайтын құжаттары (сенім хат, жарлық, бұйрық) болуы керек.

Келісім-шартта туристік фирма туралы барлық ақпарат көрсетілуі тиіс: фирманың толық атауы, мекен-жайы, байланыс телефондары, мемлекеттік тіркеу нөмері, лицензия, банк реквизиттері.

Қонақүй, әуе билеті, жол бағыты, экскурссиялық бағдарламалар т.с.с. саяхатқа қатысты барлық ақпарат туристік жолдама мен келісім-шартта бірдей көрсетілуі керек. Келісім-шартқа қол қоймас бұрын, осы екі құжатты салыстырыңыз.

Туристік фирма виза рәсімдеу мен медициналық сақтандыру қызметін көрсететін жағдайда, ол туралы келісім-шартта толық көрсетілу керек. Сол кезде туристік жолдама құнына осы қызметтерге кететін шығын қосылады.

Туристік фирма саяхат жолдамасымен бірге, сізге баратын қала не мемлекет жайлы толық ақпарат беру керек. Жергілікті ережелер мен салт-дәстүрлері туралы ақыл-кеңестерін аямағаны жөн. Баратын мекеннің картасы мен қажетті телефондар көрсетілген қосымша қағаздарды ұсынуы тиіс. Туристік фирма саяхат жолдамасымен қатар, тұрақтайтын қонақүй қызметі мен жол қауіпсіздігіне жауапты болады.

Саяхат жолдамасын сатып алған кезде, міндетті түрде касса чегін талап етіңіз. Кассалық чекте саяхат жолдамасының бағасы мен қосымша шығындар көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, төлем уақыты, айы-күні мен мөрі болуы керек.

Туристік фирма ешқандай жағдайда келісім-шартты бұзбауы тиіс. Саяхат жолдамасының уақытын, қонақүй, әуе билеттерін ауыстыруға, келісім-шарттарын өзгертуге құқығы жоқ. Егер де, белгілі бір себептерге байланысты, сіз саяхат жолдамасын туристік фирмаға қайтарып, келісім-шартты бұзсаңыз, құжатта көрсетілген талаптарға сәйкес айыппұл төлейсіз.

Саяхат кезінде орынсыз жағдайларға тап болып, демалысыңыз түсініспеушілікке толы болған жағдайда, 20 күннің ішінде туристік фирмаға көңіліңіздің толмағаны туралы шағым түсіре аласыз. Егер де, сіздің шағымыңызға туристік фирма тарапынан 10 күннің ішінде еш жауап болмаса, сіз оларды сотқа бере аласыз.

Паспорттық құжаттар. Паспорттардың жарамдылық мерзімін бес жылдан кем емес белгілеу; паспорттық қызмет көрсетулерді децентрализациялау; шетелге шығатын паспорттарды толтыруға ақымен жинауды енгізу; туристің азаматтығына тәуелсіз бірыңғай консулдық жинауды белглеу.

ҚР азаматы екенін білдіретін және оған саяхат жасауға мүмкіндік беретін негізгі құжаттар мыналар:

· Паспорт;

· Дипломатиялық паспорт;

· Қызмет паспорты;

· Теңізші паспорты.

Паспорт ҚР азаматына оның немесе оның заңдық өкілі атынан жазған өтініші бойынша, тұрғылықты тұратын орны бойынша ішкі істер органы, ҚР территориясында ҚР шетел істер Министрлігі, ҚР дипломатиялық өкілі немесе консулдық мекеме бере алады. Әскерде қызмет ететіндер және оның отбасы үшін шетел паспорты белгілі ереже бойынша қорғанысМинистрлігі сапар уақытына ғана береді. Паспорт қорғаныс Министрлігінде бес жыл сақталады және әскер қызметшісі кейінгі шетелге сапарларында қолдануы мүмкін.

Дипломатиялық паспорт ҚР азаматтарына ҚР шетел ісі жөніндегі Министрлігі 1961 жылғы Вена конвенциясындағы дипломатиялық және басқа да келісімдерге сәйкес ҚР қызметтегі міндеттерін орындау үшін дипломатиялық иммунитетке ие болады. Мұндай паспорттар олардығ мүшелеріне де беріледі.

Қызметтегі және қызмет бабымен іс сапарға баратын тұлғаларға бес жылдан аспайтын мерзімге қызмет паспорты беріледі. Дипломатиялық және қызмет паспорттары мерзімі біткеннент соң ұйымға қайтарылады.

Кедендік құжаттар. Туристерді кедендік баж салығына жинауларға, төменгі маусымда кету және келу кезіндегі салықтарға жеңілдік жасау; қонақ үйлер мен басқа туристік объектілерге арналған құрал жабдықтарды шеттен әкелуге кедендік жеңілдіктер жасау (баж салығын алып тастауға дейін); қосымша салық салу құрылымына туристік объектілерді жаңарту және мазмұнына кейбір салықтар мен жинауларды қосу.

Шекара арқылы заттар, тауарлар, және валюталық құралдарды өткізудегі ережелер мен процедураларды айтамыз. Кедендік органдар кедендік декларацияның дұрыс толтырылуын, кедендік жинақтарды дұрыс толтырылғанын тексеріп бақылайды. Кедендік тәжірибеде тауар өткізудің екі режимі бар: жалпы және жеңілдікпен. Жеңілдетілген режим өндірістік және коммерциялық мақсаттарды көздемейтін тауарларды өткізуде қолданылады.

Физикалық тұлғалардың ҚР шекарасы арқылы тауар өткізу туралы міндеттемесінде кейбір тауарларды шектеулі санда өткізетін және кедендік төлемнен босатылатын тауарлар тізімі көрсетілген. Тауар өткізудің бағасы оның көтерме бағасымен анықталады және чекпен расталады. Бұл құжатарда кедендік төлем мен салықсыз шекара арқылы физикалық тұлға 1000 доллардан және салмағы 50 кг нан аспайтын тауар өткізуі мүмкін.

Физикалық тұлға өткізетін тауары өндірістік немесе коммерциялық қызмет үшін болмаса, тауар бағасы 10000 доллардан аспаған жағдайда ол кедендік төлемнен босатылуы мүмкін.

Турист- резиденттер ҚР нан 10000 доллар көлемінде шетел валютасын алып кете алады. Егер бір мезгілде 3000 доллар сомма көлемінде шетел валютасын алып шығатын болса, оны тәркілеудің қажеті жоқ. Егер шығарылып жатқан валюта көрсетілген лимиттен асып кетсе оны жазбаша түрде тәркілейді. Елден шығарылып жатқан валюта соммасы, егер ол сол валютаны алдын алып келмеген болса 10000 доллардан аспауы керек. Резидент еместер елден кедендік растауы болған жағдайда 10000 доллардан асатын сомма алып шыға алады.

Кедендік құжаттардың бұзылуының ең көп тараған түрлері мыналар:

· Валютаның тіркелмеуі оны біліп қойса, кеден қызметкерлері алып қоюы мүмкін;

· Өткізілетін тауар лимитінің асып кетуі;

· Тауардың бағасын немесе оның заңды түрде алынғандығын растайтын құжаттардың болмауы.

Санитарлық құжаттар. Бұл мемлекеттік шекарадан өтушілер мен олардың жануарларының вакцинация талаптарын тексерумен байланысты процедуралар. Туристер ұлттық заңда көрсетілген және ВТО ұсынған барлық санитарлы эпидемиялық талаптарды сақтауға міндетті. ВТО ның Атқарушы ассамблеясының құжаттарында «Туристер мен туристік объектілердің қауіпсіздігі» бөлімінде жұқпалы аурулар профилактикасына мыналар кіреді:

· Туристердің сауаттылығы (Мысалы,СПИД ке байланысты);

· Вакцинация (Мысалы, сары ауруға қарсы);

· Профилактикалық емдеу.

Санитарлық құжаттарды бақылауды шекаралық пунктерде елге кіру және шығуды қамтамасыз ету үшін арнайы санитарлық қызмет жүзеге асырады. Бақылауға мыналар кіреді:

· Туристерден вакцинация туралы халықаралық сертификатты тексеру;

· Сол орында вакцинация жасау;

· Жұқпалы аурудың таралу қаупі туындаған жағдацда уақытша карантинге шығару.

Медико – санитарлық құжаттар: ұлттық туристік әкімшілік пен санитарлық – эпидемиологиялық ұйымдар мен және барлық мүддей адамдарға медициналықсипаттағы таусылатын ақпараттарды ұсыну ісінде денсаулық сақтау органдары мен бірлестікті кеңейту; туристерді қосқанда; барлығына жедел медициналық көмек көрсету бойынша көп жақты мемлекттік келісім шартттар жасау; қатты ауырып қалған жағдайда немесе қайтыс болған кезде елшілікке және туысқандарына тез арада хабарлау;денесін отанына жеткізу немесе жерлеу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1187 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...