Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Тақырыбы:Кіріспе. Компьютерлік графика ұғымы



Тақырыбы: Кіріспе. Компьютерлік графика ұғымы. Даму кезеңдері

Жоспар:

1. Компьютерлік графика түрлері

2. Векторлық графиканың математикалық негіздері

1. Компьютерлік графика түрлері

Компьютерлік графика – программалық және аппараттық есептеу комплекстерінің көмегімен бейнелерді құру және оларды өңдеу әдістері мен құралдарын зерттейтін инфрматиканың бөлімі.

Компьютерлік графика - программалық және аппараттық есептеу комплекстерінің көмегімен бейнелерді құру және өңдеу әдістерімен құралдарын зерттейтін информатиканың арнайы бір бөлімі болып табылады

Компьютерлік графика 3 топқа бөлінеді:

1. Растрлық (формасы өзгереді)

2. Векторлық (формасы өзгермейді)

3. Фрактальды

Осы графиканың үшеуі олар монитор –экранда немесе қағазға басылғанда бейненің қалыптасу принциптерімен ерекшеленеді. Векторлық графиканың негізгі объектісі болып сызық болып саналады.

Сызықтың келесі қасиеттері бар:

1. форма (түзу немесе қисық);

2. түсі;

3. қалыңдығы;

4. сызылуы;

5. тұйықталған немесе тұйықталмаған;

6. толтыру қасиеттері болады.

2. Векторлық графиканың математикалық негіздері

Векторлық графиканың әртүрлі объектілердің көрсетілу әдістері:

1 Нүкте объектісі – бұл объект жазықтықта 2 санмен көрсетіледі (х,у).

2 Түзу сызық у=Кх+в теңдеуімен беріледі. К және в параметрлерін көрсетіпбелгілі координат жүйесінде шексіз түзу сызықты бейнелеуге болады.

3 Кесінді. Айырмашылығы тағы екі параметр сипатталады (х1,у2).

4 Екінші ретті қисық – парабола, гипербола, еллипс яғни теңдеудің ең жоғарғы дәрежесі.

Жалпы түрі:

х*х + а1(у*у) + а2ху + а3х + а4у + а5 = 0.

5 Үшінші ретті қисық.

6 Безье қисықтары, үшінші ретті қисықтардың қарапайым түрі.

Растрлық графика

Растрлік графика – растрлік бейне әртүрлі нүктелер жиынтығы. Нүкте координаттары декарттық жүйемен анықталады. Нүктенің абцессалары солдан оңға қарай өседі, ал ординатасы жоғарыдан төмен қарай өседі. Осылайша қандай да бір графикалық амал компьютердің манитор экранының жеке нүктелерімен (пиксель) жұмыс істеуге болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1077 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...