Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Delphi кіріктірілген ортасына қысқаша шолу



Delphi ортасы программалау жұмыстарын жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін күрделі механизм. Бұл ортада қолданба құрудың барлық этаптары жүзеге асырылады. Delphi жобалау ортасы көп терезелі жүйеге жатады. Ортаның сырт көрінісі (интерфейсі) оның бапталуына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Іске қосылғаннан кейін Delphi-дің интерфейсі 1-суретте көрсетілгендей түрде болады да, бастапқыда алты терезеден тұрады:

§ Бас терезе (Delphi 7-Project1);

§ Бастапқы форма терезесі (Form1);

§ Объектілер тармағы терезесі (Object TreeView)

§ Объектілер инспекторы терезесі (Object Inspector);

§ Код редакторы терезесі (Unit1.pas)

§ Код сілтеуіші терезесі (Code Explorer).

1-сурет

Терезелер бірін-бірі жартылай немесе толығымен жаба орналасады. Бас терезеден басқа терезелерді Word текстік процессоры және Exel электрондық кестесі сияқты жылжытуға, өлшемдерін өзгертуге және экраннан алып тастауға болады. Әдетте Код редакторы терезесі форма терезесімен толық жабық тұрады. Осы екі терезені алмастырып отыру үшін <F12> батырмасын басу қажет. Экранда көрсетілген терезелермен қатар сәйкес құралдарды шақыру кезінде пайда болатын басқа да терезелер болуы мүмкін. Мысалы, Бейне редакторы (Image Editor) терезесі. Delphi-дің терезелері көп болғанымен, ол бірқұжатты орта болып саналады, яғни бір уақытта тек қана бір жобамен ( Project ) жұмыс жасалады. Жобаның аты экранның жоғарғы бөлігінде бас терезенің тақырып жолында көрсетіледі. Бас терезені жапқан кезде Delphi-мен жұмыс аяқталады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 697 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...